§ 47. ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖУРНАҚТАР -дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек. Есімдерден туынды зат есім жасайтын бүл өнімсіз жүрнақтар жалаи емес,
151
кұранды форма тәрізді. Мысалы: ңүмдақ, саздақ, тайлақ сездері еліктеу сөздерден туған етістіктерге (мысалы, тарсылда, шаңқылда, қоңқылда, кеңкілде т. б. -қ (-к) қосымшасы қосылып жасалатын тоқылдақ, торсылдақ, шіңкілдек, тоңқылдақ сияқты сөздермен және жеңілтек, кеспелтек, жайдақ тәрізді сын есімдермен формалас бо- лып келеді. -кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -станжұрнактары жа- ңа сөз тудыру кабілеттері аз болғанмен де, бір алуан ту- ынды сөздердің құрамында кездеседі. Қазақ тіліне нран (парсы, тәжік, ауған т. б.) тілдерінен ауысқан бұл жұр- нақтар қазақ тілінің үндестік заңына бағынбай, өздерінің әуелгі қалыптарын сақтап отырады. Мысалы: өнерпаз, бі- лімпаз, арбакеш, жемқор т. б. Бұлардың ішінен -кеш жұрнағы конкретті зат есімдерге жалғанып, кәсіп иесі- нің атауын білдіреді (Мысалы: арбакеш, түйекеіи, кіре- кеш т. б.).
Ал, -хана; -стан; -кентформалары, әуелде мекендік ұғымды білдіретін толық мағыналы сөздер болса да, бір- те-бірте жұрнақтық қызмет атқаратын болған. Мысалы: -хана қосымшасы конкретті кейбір зат есімдерге жалға- нып, арнаулы мекеме, орын-жай ұғымдарының атаула- рын білдіреді (асхана, іиайхана, пельменхана, мейманха- на, жатақхана, етхана, сүтхана т. б.); -стан қосымшасы белгілі бір халықтың атауларына жалғанып, сол халық- тың елінің, мекенінің атын білдіреді. (Қазақстан, Өзбек- стан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Татарстан, Түркстан т. б.); -кент қосымшасы да кейбір мекен атау- ларында кездеседі (Жаркент, Манкент, Самарқанг, Шымкент, Ташкентт. б.). Бірді-екілі зат есімдерде ғана кездесетін, мағына- лары бір-біріне жуық, бірактүрлері басқа-басқа -т; -ат; -іт; -айт; -ейт; -паң; -қалтәрізді бір алуан өлі формалар бар. Бүл формалар арқылы туып қалыптасқан сызат, қырат, бүйрат, шөлейт, қүмайт, иіатқал, өткел сиякты сөздердің мағыналары өздерінің бастапқы негіздерімен мазмүндас та, қүрылымдас та болғандарымен, солармен дәл бірдей де емес. Мысалы, қыр мен қырат, сөз бен сы- зат, іиөл мен шөлейт, су мен суат, шилеу мен іиилеуіт, шат пен иіатқал сөздерін өзара салыстырып көріңіздер.