Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет10/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

І_Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бор, бірге отырып оқиық,(Ъ. Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұиіқыр, менің атым. ұиіқалақ (С. Муқанов); Адамды ба- ғындырудың асылыеңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С. Мүқанов); Мен шаруа бащан момын адам- мын (С. Мұқанов); Міне, енді сіз үйіңіздесіз (Ғ. Мүсі- репов) деген сейлемдердегі сөздер грамматика заңы бо- йынша қүрылған. Бұл сездердін, кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне сеп- тік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да керіктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үне- мі қолданылып, әрқайсысы ез орнында белгілі мағына- лар үстеп, сөздердін. қызметтерін сараландырып отыра- ды. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өздеріне тән грамматикалық мағыналары және сол ма- ғыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп та- нылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көп- теу, тәуелдеу, жіктеу категориясы. делініп есептеледі., Сөздерге, әдетте, жалғаулардан өзге жүрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғала- рын өзгертіп, әр қилы баска категориялар тудырып оты- рады. Мысалы: Милиционер орта бойлы, көселеу, үл-

50

кендеу келген сарғылт көзді ақ сары жігіт екен (С. Сей фуллин) деген сөйлемдегі бойлы, көселеу, үлкендеу, сарғылт, көзді, келген, екен сездерінің әрқайсысына тиісті қосымшалар қосылып қолданылған. Бірақ бұл қосымшалардың бәрі де — жүрнақтар: бойлы, көзді де- гендердегі -лы (-ді) жүрнағы есімдерді сын есімге ай- налдырып түрса, көселеу, үлкендеу, сарғылт сөздерін- дегі -деу (-леу), -ғылт жүрнақтары сапалық сын есім- дерді жай шырай формасынан салыстырмалы шырай формасына түсіріп тұр; ал, келген, екен дегендердегі -ген (-кен) жүриағы кел, е етістіктерінен есімшеніц ет- кен шақ формасын тудырып тұр.

Тілден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс бол- майтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмір сүре алмақ емес. Өйткені сөздің езі болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы да, өзгерісі туралы да сөз болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, жалғанатын негіз болмаса, қосымшалардың бір де бі- реуі өздігінен түрып ешқандай мағына да бере алмай- тыны, онын. қызмет атқару қабілеті де болмайтыны бы- лай түрсын, өздері де болмас еді. Солай болса, грамма- тикалық категориялар тілде топ-топқа белініп, белгілі грамматикалық сөз таптарына тән, оларға телулі бо- лады.

Қазақ тіліндегі сөздер өздерінін, лексикалық мағы- налары жағынан болсын, грамматикалық мағыналары мен өзге сипаттары жағынан болсын, белгілі-белгілі грамматикалық топтарға бөлінеді. Тіліміздегі сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сияқты топ- тарға бөліп, топтардың әрқайсысынын. ерекшеліктері- ле қарай, тиісті грамматикалық сипаттамалар беру де олардыд әрқайсысына тән грамматикалық категория- ларды ашудан, анықтаудан туған. Сөздерді, граммати- калық сипаттарына, ең алдымен, олардың грамматика- лық категорияларына қарап, топ-топқа бөліп граммати- калық сөз таптары деп танып жүрміз.

Мысалы, сын есім деп аталатын негізгі сөз табына тән сөздердің жалпы грамматикалық мағынасы заттың сипатын (түрін, көлемін, түсін, сапасын т. б.) білдіреді. Сол жалпы грамматикалық мағыналарына орай, сын есімдерде бір сынды екінші сынға салыстырып, оларды өзара бір-бірінен ажырататын шырай формалары бар. Мысалы, сары деген сыннан сап-сары, сарырақ, сары- лау, сарғыш, сарғылт, тым (аса, өте, тіпті) сары деген



23


тәрізді формалар туады. Осы формалар сын есімнін, ка- тегориялық сипаты да, көрсеткіші де болып саналады. Сол сияқты, сан есім деп аталатын сез табына қатысты сөздер грамматикалық мағынасы жағынан жалпы сан- дық ұғымды білдірсе, олардын. өзге сөздерде жоқ, өзде- ріне ғана тән реттік түсінікті ажырататын арнаулы ка- теогриялық формасы бар (сегіз
сегізінші, отызотызыншы т. б.).

Сөз таптарынын,, олардын, грамматикалық катего- рияларыньщ өзара қарым-қатынастарынан тіліміздің грамматикалық ерекшеліктері туады, ал сол ерекшелік- терден онын. грамматикалык құрылысына тән алуан түрлі грамматикалық құбылыстардьщ бірлігі қүра- лады.

Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі бір- келкі болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды болса, кейбір категориялардын. өрі- сі тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да бола береді. Мы- салы, тым жалпы категория деп сөз таптары категория- сын, қосымшалар категориясын алсақ, олардың, әрқай- сысын іштей саралап, әлденеше ірілі-ұсақты жалқы категорияларға бөлуге болады. Айтайық, сөз таптары ка- тегориясын жалпы ерекшеліктеріне карай, әуелі есімдер категориясы, етістіктер категориясы, көмекші сөздер категориясы деп топтасақ, одан әрі есімдер категория- сын зат есім категориясы, сын есім, сан есім категория- сы деген сияқты жіктерге бөлумен тынбай, олардың, әрқайсысын тағы да әрі қарай саралап отырамыз. Мы- салы, есімдіктер категориясын жіктеу есімдігі, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктер деп, одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін тағы да даралан- дырып, жақ категориясын анықтаймыз. Сол сиякты, қосымшалар категориясын әуелі жалғау категориясы және жұрнақ категориясы деп жіктеп, одан әрі жалғау- ларды, жоғарыдағыдай, көптік жалғау, тәуелдік жал- ға\, септік жалғау, жіктік жалғау категориялары деп бөлеміз. Жұрнақтарды әуелі сөз тудыратын және сөз түрлендіретін категорияларға, одан әрі іштей жеке сөз таптарына тели бөліп, олардын. өзара жіктері мен сыр- сипаттарын ашамыз.

Грамматикалық категория сөздін, негізгі (лексика- j лық) мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жары- сып қана отырмайды, ол екеуі бірі мен бірі іштей үла-



сып, езара бір-біріне ықпалдарын да тигізіп. тығыз қа- рым-катынасқа түседі. Сол себептен бір сөздін, бойынан бірнеше категорияны табуға болады.

II т a р а у





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет