Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қо- сымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз



бет13/179
Дата09.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#33695
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология (1)

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қо- сымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз.

Қосымша морфемалар ез ішінде жұрнақтар, жал- ғаулар және қосалкы сөздер деген үш топка бөлінеді. Бүл қосымшалардын, жүрнақтар деп аталатын түрі жа- лаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен қүранды сөздерді жа- сау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жүрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалан. және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады./Қосалкы сөздер жайындағы мәлі- меттер әрбір сөз табынын, тұсында айтылып отырыла- дыт Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, түлғалык дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке түрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол (қосымша) түбірдің қа- тысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Сондай-ақ қо- сымша морфема жеке-дара қолданылмай, тек түбірге (сөзге) тіркестіріліп қаиа жүмсалатындықтан, оның түлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп, езгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфема- яың дыбыстық бірнеше түрі (варианты) болуы мүмкін. Мыса‘лы, атты кісі, сүтті сиыр, сауулы інген, елеулі мәселе, малды іиаруа, білімді адам дегендегі -ты, -ті, -лы, -дьі, -ді бөлшектері — бір морфеманың әр алуан түрлері.



Жолы бірді Іжтғжъа&віт&ъдЕ&ырШТУ. қиын күндер

25


бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда. Бірге асамыз сол асудан
(Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі жолы, жолдас, жолдаспыз, жолда сөздерін және асу, асамыз, асудан сездерін алайық. Бұлардьщ бірінші тобының түп- кі морфемасы — жол да, қосымша морфемалары -ы, (жолы), -дас (жолдас), -пыз (жолдаспыз), -да (жолда); екінші тобындағы сездердің түпкі формасы — ас деген сөз, ал қосымша морфемалары (асу), (аса), -мыз (асамыз), -дан (асудан).

Осы жол деген түпкі морфемаға косылып тұрған ко- сымша морфемаларды ауыл, ел, жер, ңалам, майдан сияқты есім сөздерге жапа-тармағай жалғай беруге бо- латыны тәрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды тос, бас, қос, жаз, соқ тәрізді етістік сездерге керегінше жалғап, қолдана беруге болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын косымша морфеійа- лар соңғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бүрынғы топтағы сездерге тікелей жалғанбайды.

Міне, осындай ерекшеліктерден жалпы морфема атаулыға, онан қала берді, олардьщ түр-түрлеріне тән сыр-сипаттар келіп шығады. Ол сыр-сипаттар мь/надай:

Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфе- малар бір-біріне парықсыз емес; олардың қарым-қаты- настары белгілі бір заңдарға сүйенеді; олар езара бір- бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың грамматикалық қасиеттері жағынан бі- рыңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардьщ белгілі-белгілі топ-тобына ғана жалғанады. Мысалы, -па; -саң (жаңпа, жақсаң) морфемаларын тек етістік- терге ғана (жатпа, айтпа, жақсан,, айтсаң) тікелей жалғасақ, -м; -да; -дан (жолы, жолда жолдан) морфе- маларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз, керісінше жалғай алмаймыз.

Екіншіден, қай қосымша қосылса да және қанша ко- сымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өз- гермейді, үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Ал, ко- сымша морфемалар, жоғарыда айтылғандай, тұлға жағынан тұрақсыз, демек, түбір морфеманьщ ерекше- ліктеріне қарай орайласып, өзгеріп отырады. Мысалы, айтьілады, айтылар, айіылғандьщтан, айтылмақшьі, ай- тыңдар, айтысыңдар; күтіле, күтіледі, күтілгендіктен, күтілмекші, күтіңдер, күтісіцдер т. б.

26

Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге (сезге) және қанша түбірге (сөзге) жалғанса да, олардың әр- кайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір түрлі ғана мағына үстейді. Мысалы, жо- ғарыдағы жат, сат, айт, қақ, шақ
тәрізді етістіктердін., сол сияқты, жол, ауыл, асу, ңалам, майдан тәрізді есім- дердін. түбірлері де, мағыналары да басқа-басқа бола түрса да, оларға жалғанатын бір түрлі қосымша морфе- маның әрқайсысы тек өзіне тән жалпы бір мағынаны ғана жамайды. Демек, айтса, сатса, оқыса, жатса, шақ- са дегендегі -са морфемасы осындағы түбірлердің қай- кайсысына болсын бір ғана шарттық мағынаны үстесе, жолым, аулым, қаламым, асуым дегендердегі -ым мор- фемасы олардың бәріне де тек бірінші жаққа тән тәуелдеу (меншіктеу) мағынасын ғана жамайды.

Төртіншіден, бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфема жалғана береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен сон. бірі, қалай болса солай қосыла бермейді, тілдін. ішкі зандары- на лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет-ретімен тір- кеседі. Мысалы, сауыншыларымыздағы деген есім сөз- дің түбір морфемасы сау, оған әуелі -ын, екінші -шы, үшінші -лар, төртінші -ымыз, бесінші -да, алтыншы -ғы морфемалары қосылған. Сондай-ақ, көрінбегенбісіңдер деген етістік сөзде көр түбір морфемасы болса, оған да бір-бірінен соң бірі тіркескен алты түрлі қосымша мор- фема (ін + бе+ген+бі + сің+дер) қосылып түр. Осы екі сөздің, сондай-ақ, өзге сөздердің де қосымша морфема- ларының орындарын ауыстырып (айтайық, сау + иіы + ын+ымьіз+лар+ғы + да тәріздендіріп), тіркестіруге болмайды, өйткені қосымша морфемалардың да әрқай- сысынын. өзді-өзінін, білдіретін тиісті мағынасы, алатын тиісті орны, атқаратын тиісті қызметтері бар.

Сөйтіп, түбір морфема мен косымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: тү- бір морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі нақтылық (конкреттілік), әрі дербестік тән болса, екіншіден, сол мағына тікелей түбірдін. өз бойында болады; қосымша морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі тым жалпы- лық (абстрактілік), әрі дербестігі жоқтық тән болса, екіншіден, сол жалпы (абстрактілік) мағына тек сөздің қүрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес, түбір морфема тілдін. өзіне тән мағынасы бар түлғасы (единицасы) ретінде жеке-дара түрып қызмет

27


етсе, косымша морфема тілдің мағыналы түлға (едини- ца) есебінде жеке-дара жұмсалмайды, тек сөздіц қура- мында ғана қолданылады.

Тілімізде тубір морфемалар сан жағынан көп те, ко- сымша морфемалар олардан әлдеқайда аз.

Сөздің қурамы сияқты, морфемалар да — жүйелі қү- былыстар. Олардын. жүйелі құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың ара қатыпастарынан да көруге бо- лады. Мысалы, есімшенің -ған (-қан, -ген, -кен), көсем- шенін, -ғалы (-қалы, -гелі, -келі) қосымшалары тек етіс- тік түбірлеріне (негіздеріне) ғана жалғанады (барған, айтқан, келген, кеткен; айтқалы, көргёлі, жеткелі) да, есім сөздерге (зат, сын, сан т. б.) жалғанбайды. Кері- сінше, -иіыл (шіл) қосымшасы зат есімдерге жалғанып (сауықиіыл, дншіл, қымызшыл) сын есім тудырса -м (-ым, -ім) қосымшасы етістіктен зат есім тудырады (білім, уйіьш, тойым, төзім). Ал, әкең, ағаң, қаламың, тісің, пальтоң дегендердегі -ң, (-ың, -ің) қосымшасы аталған заттарды тыңдаушы (екінші жақтағы) адамға тәуелдеп түрса, аналар, інілер, көлдер дегендердегі -лар, (-лер, -тар, -тер, -дар, -дер) косымшасы аталған заттар жеке-дара емес, бірнешеу я кеп екендіктерін біл- діріп тұр. Мысалы жылқы, жылқышы және жылқышы- лық сөздерінің негізгі түбірі бір болғанымен, үшеуінін. лексикалық мағынасы үш түрлі: жылқы дегеніміз — мал, жылқышы дегеніміз — оны бағушы адам, жылқы- шылық дегеніміз — жылқы бағу кәсібі.

V Сейтіп, осындай хүіағыналары мен қызметтеріне қа- рай, сөзден сөз тудыратын және сөзден жаңа форма ту- дыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфема- лар) жалғаулар деп аталады.^Сөз тудыратын жұрнақ- тар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сез жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) ка- тегория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақ- тар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін аныктау үшін қол- данылатын болғандықтан, функционалды-грамматика- лық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөй- лем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалык катего- рияға жатқызылады. Бірақ қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру грамматикамен де тікелей байла- нысты. Ол байланыс жұрнақтардьщ мынадай екі түрлі



28

ерекшеліктерінен айқын керінеді. Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік касиет журнақтардан да табылады; екіншіден, грам- матикалык категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар журнақтарда да бар. Мысалы есім, я етістік тудьіратын журиақтардын. әрқайсысы топ-топ сөздерді қамтиды да, солардыц бәріне де ортақ мағыыа устеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет ете- ді. Мысалы, аула, арала, тазала, ишмала, ізде, қурмет- те, кілтте
деген етістіктер -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) журнағы арқылы есімдерден туса, таңдамалы, жана- малы, қурамалы, жылжымалы, қопармалы, жаппалы, ауыспалы деген сын есімдер -малы (-мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі) жұрнағы арқылы етістіктерден жасалған. Демек, будан, бідтишіден, әрбір журиақ көптеген сөз- дерге жалғанғанда, тек лексикалық мағынасы басқа жаңа сөздер туғызып қана қоймай, олардың бәріне де бірдей жалпы абстрактілі касиеттерін анықтайтьшы байқалады, екіншіден, белгілі бір грамматикалық кате- горияға тән сөздерді екінші бір грамматикалық катего- рияға ауыстыратыньі көрінеді. Осы жағынан алып ка- рағанда, жүрнактар грамматикалық категорияға тек жақын емес, онымен тікелей ұштасып та, уқсасып та жатады.

Бірақ журнақтар мен жалғаулардыц, әрине, бір-бі- рінен ажырайтын да шегі бар. Ол шек жұрнақтар мен жалғаулардың мағыналарында ғана емес, қызметтері- нен де айкындалып тұрады Мысалы, жалғаулар сөй- лем ішіндегі сөздердің араларындағы әр килы аса жал- пы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің керсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрғіақтар ол қаты- настарды білдірмей, тек өздері жалғанған сөздерге жа- ңа лексикалық мағыналар үстеумен ғана тынады. Олар- дың бір-бірінен ажырайтын тағы бір шегі қолданылу ерістері мен өрелеріне байланысты. Мысалы, жұрнак- тар қаншалықты көп сөздерге жалғанғанымен, ол сөз- дер бір сөз табыныц немесе сол сөз табына тән бір ка- тегорияның аясында ғана туйыкталып қалып отырады; ал жалғаулар олай туйыкталмайды, олардын, ерісі де, ересі де кең. Мысалы, тәуелдік, септік, көптік жалғау- лары тек зат есімдерге ғана емес, субстантнвтенетін сөздердің бәріне де жалғана береді. Сол сияқты, жік- тік жалғау да сейлемде баяндауыш болатын сездерге талғамай тіркесе береді. Сонымен, сөз тудыратын ко-



2&


сымшалар мен сөз бен сөзді байланыстыратын косым« шалардың бір-біріне ұксас жалпы жактарымен катар, бір-бірінен ерекшеленетін жалқы жақтары да бар.

ЖҰРНАҚТАР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет