Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


д) Үстеу: бірге Жекеше Көпше



бет26/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

д) Үстеу: бірге Жекеше Көпше
мен бірге-мін біз(дер) бірге-міз
сен бірге-сің сендер бірге-сіңдер
сіз бірге-сіз сіздер бірге-сіздер
ол бірге олар бірге
Сөйтіп, бұл топқа тән сөздердің (формалардың) жік- телу ерекшеліктері мынадай: біріншіден, бұлардын бә- ріне де жіктік жалғау түбірге я негізге тікелей жалғана- ды; екіншіден, оларға жалғапатын жіктік жалғауларда тек сөздің (форманың) жуан я жіңішкелігіне және соң- ғы дыбысына қарай, демек, үндестік заңға сәйкес өзге- ріс болмаса, тұлғалық айырмашылык, болмайды; үшінші- ден, бүлардың үшінші жақтарында жіктік жалғау бол- майды.

  1. Екінші топқа гән сөздер сөйлемде баяндауыш бол- са, оларға жалғанатын жіктік жалғау жекеше түрде де, көпше түрде де барльщ жақтарға бірдей, бір ізбен төмен- дегіше жалғанады.

a) А у ы с п а л ы (-а, -е, -й) ф о р м а л ы к ө с е м- шелер: бара, келе, қарай, сөйлей т. б.
Ж е к е ш е
мен бара-мын, қарай-мын, келе-мін, сөйлей-мін сен бара-сың, қарай-сың, келе-сің, сөйлей-сің сіз бара-сыз, келе-сіз, қарай-сыз, сөйлей-сіз ол барады, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
К ө п ш е
біз(дер) бара-мыз, келе-міз, қарай-мыз, сөйлей-міз сендер бара-сыңдар, келе-сіңдер, қарай-сыңдар, сөйлей-
сіңдер
сіздер бара-сыздар, келе-сіздер, қарай-сыздар: сөйлей- сіздер, олар бара-ды, келе-ді, қарай-ды, сөйлей-ді
ә) Өткен (-п, -ып, -іп) шақ көсемшелер: барып, келіп. қарап, сөйлеп т. б.
Ж е к е ш е:
мен барып-пын, келіп-пін, қарап-пын, сөйлеп-пін сен барып-сың, келіп-сің, ңарап-сың, сөйлеп-сің сіз барып-сыз, келіп-сіз, қарап-сыз, сөйлеп-сіз ол барып-ты, келіп-ті, қарап-ты, сөйлеп-ті.

68



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет