Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай) деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес; олардың түлғаларында үқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздері- нің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшеліктер бар.
Қонақ бір күн қонса — қүт; екі күн қонса,— жүт (мақал). Ауылдың салтында ауылға жақындаған жо- лаушының ақырын жүретін әдеті бар ғой (С. Мүқанов). Тентек ояз әміріненастамырақ әділет, ар әмірі де бар (М. Әуезов). Өкпелерің орынды, жігіттер, ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге сал- ғаным рас (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдерді қонақ жә- не қонса, ауылдың және ауылға, әмірінен және әмірі, көшке және көшті сөздерінің өзара негіздері бір бол- ғанымен, қосымшалары да, грамматикалық мағынала- ры да бір-бірінен, әрине, өзгешерек. , Сөйтіп, бүл мы- салдардың барлығында грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары (морфоло- гиялық түрлері) арқылы айтылып түр.
Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т. б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жүпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, аса, дәлдеген сөздер жақсы, жүпыны, қа- дірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін граммати-
и/ калык мағына үстеп түр. Дәл осындай мағынаны сап-са- ры, қып-қызыл, қап-қарадегендей can, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы да беруге болады. Бірақ мүндайда көмекші сөз жетекші сөздің алдында айты- лады.
Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөз- дердін селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Қүрым- байдын ол не үшін келгенін де сезді (Б. Майлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (0. Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өзде- рінен бүрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша граммати- калық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғас- тыруға дәнекер болып түр. Бүдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің ма- ғынасына жақын екенін байқауға болады.
Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жүмырт- қаны қайьщ-қайық қып тасып шығарса да, тауыса ал- майды (С. Мүқанов) деген сөйлемдегі қайықиіылар жә- не қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақты- лы лексикалық мағынасы да бір. Бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-бас- қа. Ең алдымен, қайықиіылар деген сөзге жалғанған -шы косымшасы мен соңғы -лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайьщ деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлде- неше рет тасып шығарса дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ. Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (F. Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-та- рау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағынала- ры мен формалары да жоғарыда айтылғандай.
Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамма- тикалык формасы ретінде жүмсалады.
Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамма- тикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық ма- ғына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жүмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Қүмарсыз қүр мүлгуге тоя алмаймын(Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап Цоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі