Билет №6 1. Жыраулар поэзиясы. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» толғауының тақырыбы мен идеясы. Асан Қайғы шығармаларын өз дәуірлесі Қазтуған жыраумен салыстыра қарасақ, бұл екі жыраудың бір-бірінен бөлектене танылатын тұстары олардың елдік мұрат жолындағы ісәрекеттерінің сипатына қатыстылығын байқаймыз. Мақсат ортақ болса да, екі жыраудың елдік деңгейдегі қайраткерлік істерінің мазмұны бір-бірінен бөлекшелеу келеді. Қазтуған толғауларынан оның әрекетшілдігі, қандай да бір істің бел ортасында өзі араласа жүріп, қарекет жасайтыны аңдалса, Асан қайғыдан жол нұсқау, ақыл-кеңес беру үлгісіндегі әрекет басым сезіледі. Оның жыр-толғауларының: Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа… – деген үлгіде келуінің өзі толғау иесінің ақыл-ойға кемел жасқа келгендігін, адам өмірінің мәніне парасат арқылы ден қоятынын танытады.
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа, — деп, көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат айтады.
2. Б.Майлин прозасының көркемдік ерекшелігі. Қазақ прозасының іргетасын қалаушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің барлық: поэзия, проза, драматургия салаларында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды. Мақалада Бейімбет Майлиннің прозалық туындыларындағы заман шындығы мен көркемдік шындықтың арақатынасы, поэтика мәселелері пайымдалады. Жазушы шығармаларының идеялық-композициялық желісіндегі ұлттық-этнографиялық сипат болмысы, көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесі айқындалады. Сонымен қатар оның туындыларындағы өмір шындығының тарихи шындықпен бейнеленуі, тарихилықтың көркем шындыққа негіз болуының ерекшеліктері зерделенеді. Б. Майлин туындылары ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс контексінде қарастырылып, өз кезеңіндегі шығармашылықпен байланысы, сабақтастығы және сол арқылы оның өзіндік даралық сипаты зерделенеді. Б. Майлин прозасы қазақ ауылының бейнесін айқындауда жанрлық, көркемдік және тарихи-әдеби негізінің қуаттылығымен, сол арқылы өзінің даралық стилімен ерекшеленетіні туралы қорытынды жасалады. Қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген жазушы Бейімбет Майлин прозасының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері сараланады.