Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет41/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Қарақат, қарлығаш, белбеу, экел, әпер, бәйшеиіек, ңо- нағасы, отағасы, сәресі, ңолбасы, сексен, тоқсан, ендігә- рі, өйткені, әйтпесе, бірдеме, ештеңе сияқты күрделі сөз- дер күрамындағы әуелгі компоненттерінің өз мағынала- рын жоғалтып, басқа бір жаңа мағынаны білдіреді. Екіншіден, компоненттердің екеуі де бірдей, я біреуі ды- бысгық жағынан әрі өзгеріп (кейде әрі ықшамдалып), эрі езді-өзіне тән екпіндерінен айрылып, бір ғана екпінге ие болып, тұтасымен тұрып бір бутін дыбыстык (тілдік) тұлға ретінде калыптасқан.
Сөйтіп, кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыс-1 тық жүйесіндегі әр қилы заңдарға байланысты. Ал, күр- делі сөздердің өзге түрлерінде я топтарында бұл ерекше- лік жоқ. Бүл жағдай да кіріккен сөздердің өз алдына ка- тегория екеніне дәлел.
Кіріккен сөздердің ішінде бас-басына мағыналары бар дербес сөздерден біріккендері де (бел + беу, бэй-Ү шешек, сахар + асы, сегіз+он т. б.), дербес сөздер мен кө- мекші сездерден біріккендері де (алып+бер, ендігіден Ү әрі, олай+еткені, олай+етпесе т. б.) бар. Бірақ осы кі- ріккен сөздердің ішінде салаласа күрылған тірксетерден гөрі (қолғанат, ағайын, көнетоз, іиаміиырақ, көнтерлі т. б.), сабақтаса құралған тіркестерден туғандары (бәй- шешек, қонағасы, қарлығаіи т. б.) әлдеқайда көп кездё- седі.
Кіріккен сөздер компоненттерінің өзгеру сипатына қа- рай екі салаға бөлінеді. Бірінші топқа екі компоненті біР( дей дыбыстық өзгерістерге ұшырап біріккен: бүгін, биьіл' ашудас, өйткені, сөйтіп, бәрекелді, эпер, түрегел сияқтИ лар жатса, екінші топқа тек бір с.ын.ары ғана өзгергеН

104

алаңғасар, алағаниіьщ, алагеуім, желғабыз, желбезек, жалмауыз, салпауыз, керенау, итаршы, бәйтерек, таңер- тең, әжептәуір, қайын (кайын іні), ағайын тәрізділер жа- тады.
Жалпы алғанда, кіріккен сөздін тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің күрамындағы компоненттердің ма- ғыналарынын жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болады. Өйткені шын мәнінде біріккен сез- діц кай-қайсысы болса да, ен әуелі я бір компонентінін, я екі бірдей компонентінін мағынасы жоғалған тіркес болып шығады. Мысалы: белбеу
деген сөздін екінші сы- нары бастапқы ез мағынасын біржолата жоғалта келе, кейін ол сез өзінің әуелгі формасынан да айрылған. Ал, ■желбау деген күрделі сөздің екі компонентінің де бас- тапқы лексикалық мағыналары сақталғандыктан, оның мағынасына сол екі сыңардың да мағынасы енген және әр компоненті әуелгі формаларын да сақтаған.
Сонымен, сөздін мағынасы жоғалса я өзгерсе, дереу оның формасы да өзгереді; мүндай жағдайда бастапкы жай сөз тіркесінің қүрамындағы компоненттер дыбыстық жағынан әрі апшып, әрі бір-бірімен үндесіп ықшамдала- ды да, олар өзара жинакталып (синтезденіп) жана форма күрайды; ол жаңа форма (сөз) өзінше жаңа маз- мұнға ие болады; ондай жана сөз жасалғанда, оның кұ- рамындағы дыбыстардын бастарын күрап ұйымдасты- ратын дәнекер — екпін болады. Ол екпін біріккен сөзді жай сөз тіркесінен әрі ерекшелендіретін, әрі ажырата- тын негізгі белгінің бірі.
Бірак. екпін, әрине, ресми ғана белгі, өйткені бірік- кен сөз белгілерінің ішіндегі ең негізгі рольге кашан да болсын, мазмүн (мағына) ие болады.
Кіріккен сөздердін шығуында да белгілі жүйе бар. Бірақ бұл жүйе жұрнак аркылы сөз тудыру тәсіліндегі- дей өнімді де емес, жинакты да емес, әрі шашыранкы, әрі енімсіз. Мысалы: ыищыр, белбеу сөздері іш ңур, бел бау тіркестерінен бірігіп пайда болса, сол үлгі бойынша Құралған бас қур, аяқ қур, тамақ бау, қулақ бау, аяк, бау, жел бау тіркестері бірікпеген. Сондай-ак, бул есім- дігі тек кун (бүгін), жыл (биыл) дегендермен ғана бі- ріккен де, өзге сөздермен бірікпеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет