тең), әрі сын есім ретінде (мысалы: тең қурбы; тең пра- волы; ол екеуі бір-біріне тец) жұмсалады. Сөздерді тап- тастырғанда, тілдегі мұндай кұбылыстар да ескерілуі қажет. Тілдің даму барысында сөздің мағыналык шеңбері кеңеюмен байланысты, грамматнкалық -дабиғаты мен қызметі де өзгереді. Осындан процестіқ_нәтижесінде кей- бір сөздер бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауыса- ды. Мұндай жағдайда ол сөздің бұрынғьг мағынасы мен грамматикалық кызметінін. үстіне жаңа мағына мен жана грамматикалық қызмет үстеледі. Мысалы: Хасеннің ба- сынан қалпағы ушып тусті. Каратаудың басынан көш келеді. Жумысты басынан осылай уйымдастырУ ксрек еді деген үш сейлемде де түбірледі дд, қосымшалары да бірдей басынан деген сез бар. Бірақ осы үш сөздің ма- ғынасы да, қызметі де бірдей' емес. Бірінші сөйлемдеп басынан деген сөз өзінің бастапқы лексикалык (мате-
132 риалдық) мағынасында колданылып, сөйлемде өз алды- Иа мүше болып тұрса, екінші сөйлемдегі басынан сөзі бастапкы лексикалық мағығіасын сәл солғьшдатып, сөй- лемнің дербес мүшесі бола алмай, өзінен бұрынғы ілік жалғаулы Қаратаудың деген сөзбен селбесіп барып, күрделі мүшенін күрамына еніп тұр. Демек, екінші сөй- лемдегі басынан сөзі негізгі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал үшінші сөйлемдегі басынан сөзі мағына жағынан да, кызмет жағынан да ауысып, тіпті баска сөз табына (үстеуге) көшкен. Өйткені бүл соңғы сөй- лемдегі басынан. деген сөз әуелден (әуел-бастан, ал- ғашкыдан) деген мағына беріп, ңайдан? деген сүра\ ға жауап бермей, қаіианнан? деген сүрауға жауап беретін болып, ең әуелі мазмүны жағынан, содан кейін кызметі жағынан ауысып, біржолата үстеу категориясына көш- кен. Әрине, бүгл сөз үстеуге бірден көшпеген, бірте-бір- те дамып, бастапқы шығыс септік жалғауының форма- сында көнеленіп барып калыптасқан. Соңғы үстеу сөз езінің әуелгі төркініне тек сыртқы жамылышы жағынан ғана ұқсас көрінгені болмаса, семантикалық мағынасы мен синтаксистік снпаты жағынан бастапқы төркінінен біржолата қол үзген. Дәл осы сияқты ерекшелікті «Бул ауылдың адамдарышетінен шебер. Бул сөзді сен маған басында неге айтпадың» дегендерден де байқауға бола- ^ды. Сондаи-ак, кейін, соң, әрі бірге, бірден, бірде, жатқа тәрізді сөздердің мағыналары мен қызметтерінен де осындаи сырлар аңғарылады. Сездерді таптастырғаида, осы айтылғандай, кейбір сездердің, олардың формала- рының ауысуы, саралануы сияқты жағдайлар да еске- рілуі керек. Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер ең әуе- лі атаушы свздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлінсе, ол топтар лекснка-грамматнкалық жақтарынан сараланып, ішіна- ра тағы да топ-топтарға бөлінеді. Мысалы, атаушы сездер әуелі е с і м д е р және етістіктер деген топ- тарға бөлінсе, есімдердің өздері іштей атаушы есім- Дер және үстешуі есімдер болып жіктеледі. Ал, атаушы есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есім- Дік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер ■Штей үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді. Сонымен, жоғарыдағылардың бәрін жинақтай кел- t!!eHAe, қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 топка б®лінеді: