СөЖ 5 Пән атауы: «Қазақ тілінің сөзжасамы және оны оқыту» Тақырыбы



бет1/2
Дата20.11.2022
өлшемі86,05 Kb.
#51355
  1   2
Байланысты:
СӨЖ 5


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты

СӨЖ 5


Пән атауы: «Қазақ тілінің сөзжасамы және оны оқыту»
Тақырыбы: Зат есім жасайтын өнімді, өнімсіз, өлі және белсенді жұрнақтар түрі

Орындаған: Нурхамитов Абзал Нурхамитович
Тексерген: Қасым Балқия Қасымқызы


Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Зат есім жасайтын өнімді, өнімсіз, өлі және белсенді жұрнақтар түрі

Кіріспе
Тіліміздегі зат есім сөз табын басқа сөз таптарымен салыстырғанда қолданыс әлеуеті өте кең әрі күрделі, сөзжасамдық қызметі яғни зат атауларына жалғанатын жұрнақтар өте өнімді де және барынша әртарап болып келеді. Әсіресе -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – түркі тілдерінің қай-қайсысында болмасын ең өнімді жұрнақ саналады (базарлық, көрімдік, түндік, отындық). Бұл жұрнақтар кірме түбірге жалғанып та, туынды зат есім жасайды: құрбандық, мұсылмандық, жұмалық, зәбірлік т.б. А.Ысқақов -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалтын зат есімдерді абстракты ұғымды атау сөздер (батылдық, кісілік, жамандық, қорлық), нақтылы заттарды білдіретін сөздер (түндік, орындық, төстік, инелік), мекендік, мезгілдік ұғымдарды білдіретін сөздер (айлық, жылдық, шабындық, түстік), есептік сан есімдерден туындайтын заттық ұғымды білдерін сөздер (екілік, бестік, ондық, мыңдық) деп бөледі. Осындай зат есім тудыратын белсенді өнімді жұрнақтардың қатарында -шы, -ші жұрнағын атауға болады. Мектеп жасындағы оқушыға, тіпті студент қауымға осындай зат есім тудыратын жұрнақтарды қатарын жақсылап түсіндіріп ұғындыра білу керек, сонда ғана тіліміздің байлығы әр сөздің шығу тегі, қазіргі қолданысы бай болар еді, күнделікті бір-бірімен сөйлесу барысында, мәтін құрау мақсатында керек болары сөзсіз. -шы, -ші жұрнағы түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінде ең өнімді сөзжасамдық қызметі жоғары жұрнақтың бірі. Ол әдетте генетикалық жағынан -шық, -шік тұлғалығымен, -са, -се формантымен, қытай-корей тілдерінде «адам» мағынасында қолданылатын «са» сөзімен байланыстырылады. Аталмыш жұрнақтың қолданыс аясы кең. Әсіресе тіліміздің терминологиялық жүйесін қалыптастыру барысында, білім, өнер, техниканың даму кезеңінде ең бір сөз жасайтын, қарым-қатынас саласында жиі ұшырасады (орманшы, сәулетші, кеңесші, саяхатшы, сарапшы, тілші, байланысшы). Көбіне-көп локалдылық мағынадағы окказионал сөдер туып жатады. Олардың көбі күнделікті қолданыстан шығып қалып тарихымызға еніп кеткен, енді біреулері жеке бір жазушының өзіндік стилінде қолданылатын туынды зат есімдерді кездестіреміз (кесікші, ұйытқышы, жарлықшы, жүздікші т.б.). Қазақ грамматикасында -шы, -ші жұрнағы іштей мағыналық жағынан бірнеше топ құрайды деп бірнеше мағыналық топтарды алдыға тартады. Оларды санамалап көрсетсек: нақтылы бір тұрмыстық зат атауларын білдіреді, төрт түлік малмен байланысты зат атаулары, салт-санамен байланысты зат атаулары, түрлі кәсіп, білім салаларында туындаған зат атаулары, адамның машық-икеміне де, қабілетіне де бейқатынас туынды зат атаулары, плеоназмдық құрылымда келген туынды зат атаулары, дериват зат атауларының бір тобы кәсіп түрімен, күнкөріс жағдайындағы бейім-қабілетпен, харекетпен байланысты зат есімдер, соңғы туынды түбір зат атауларын жасайтын мағыналық топ көбіне-көп локалдылық ыңғайдағы окказионал туылымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет