§ 82. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАЛАР
Жетекші (дербес) етістік пен белгілі бір граммати- калық категорияның мағынасын білдіретіи көмекші етіс- тіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады.
242
г\далитикалык формада негізгі етістік көмекші етістік- ген бүрын түрады да, аналитикалык тіркестіғі негізгі «ағынасына жетекшілік етеді. Ал, аналитикалык фор- малы етістіктің құрамындағы көмекші етістік қоСьш- далар сиякты белгілі бір категорияға тән грамматика- лык мағынаны білдіріп, сол категорияның морфология- пык көрсеткіші ретінде қалыптасады. Аналитикалық формалар, негізінде. жетекші сөз бен аналитикалық Іюрманттардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Эндай жасалымда аналитикалык. форманы жасаушы аналитпкалык форманттардың өзі етістіктің граммати- калық категорияларыньні көрсеткіші ретінде жүмсала- цы. Демек, аналитикалық форманттар аркылы жасал- ған аналитикалық формалар (аналитикалық етістіктер) сол категорияның парадигмасына енеді.
Мысалы, ертерек барса екен, өз көзімен көрсе екен дегенде осындағы барса екен, көрсе екен деген етістік- тер екеу-екеуден бірлесіп кана бару, көру деген лекси- калық мағынаны білдіреді. Бірақ сол мағьшаға тілек, қалау мағыналарының үстеліп түрғаны ацғарылады. Ондай мағыналар бар, көр, сөздеріне тән емес. Олар бар, көр сөздеріне косылып айтылып түрған -са (-се) жүрнағы мен екен көмекші етістігіне тән. Екен көмекші етістігінін қалау рай мағынасын беруі, оның шартты райдағы етістікке тіркесіп айтылған кезінде ғана пай- да болады. Сонда ғана шартты рай жүрнағы (-са, -се) мен екен көмекші етістігі бір мағынаны білдіретін түтас бір единицаға (мағынасы бір түлғаға) айналады. Мүн- дайда грамматикалық мағына жетекші дербес етістікке қосылып айтылатын жүрнақ пен кемекші етістік арқылы беріледі де, бүлар әркашан қүрамдық бірлігі мен орын тәртібін сақтап отырады.
Аналитикалық етістікке әр түрлі аналитикалық фор- манттар косып, ол сөзді әр түрлі грамматикалык. кате- горияның аналитикалық формасына айналдыруға бола- ды. Мысалы, барса екен, көрсе екен, бара сал, көре сал, барғысы келді, көргісі келді дегенде жетекші дербес сөздердің негізі сол күйінде (бар, кер) сақталған да, өзгеріске түсіп әр түрлі аналитикалық форма жасап түрған — тек аналитикалық форманттар (-са екен, -а сал, -ғысы кел).
Етістіктің аналитикалык формасы сөйлеушінің етіс- тікті қалай етіп, қай түрде қолдануына байланысты. Сөйлеушінің қалайша қолдануына сәйкес аналитикалық
243
формалар да әр түрлі болады. Мысалы, барып қал- ды, көріп ңалды, барып қойды, көріп қойды, бара бер- ді, көре берді т. б. дегенде, әрбір аналитикалық фор- маның өзіне тән әр түрлі грамматикалык мағыналары бар. Бұдан байқалатыны: ең алдымен, әрбір аналити- калық формалы етістік етістктің белгілі бір граммати- калық категорияның көрсеткіші ретінде жұмсалатынды- ғы. Екіншіден, етістіктің аналитикалық формасы етіс- тіктің белгілі бір категориясының көрсеткіші болып танылатын аналитикалық форманттар арқылы жасала- ды; үшіншіден, осы аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалык. формалы етістіктер сол кате- горияиың парадигмасы болады.
Аналитикалық формалы етістіктер сырттай қүранды етістіктер мен күрама етістіктер және түрақты етістік- терге үқсас келеді .Бірақ олар сырттай үқсас болып кө- рінгенімен жасалу жолдары және мағыналары жағынан мүлде баскаша болады.
Мысалы, қүранды етістік пен аналитикалық форма- лы етістіктердің сырттай үқсастығы — екеуінің де ком- поненттерінің жетекші дербес сөз бен көмекші етістіктен қүралуында. Бірак олардың жетекші компоненттері мен көмекші сөздерінің атқаратын қызметтері басқа-басқа болады. Ең алдымен, қүранды етістіктердің жетекші компоненті есім сөздер болса, аналитикалық форма- да — етістік сөз болады (ңурмет ет пен бара бер дегенді салыстырыңыз). Екіншіден, қүранды етістіктің екінші компоненті негізгі етістіктер болса, аналитикалық фор- мада — көмекші етістік болады. Осы сияқты аналити- калык формалы етістіктің қүрама етістіктерден езіндік айырмашылығы бар. Егер қүрама етістіктердің компо- иенттері толық мағыналы сөздер болса, аналитикалық формалы етістіктердің компоненттері толық мағыналы сөз бен көмекші сөздерден құралады. Қүрама етістік пен аналитикалық етістіктің компоненттері әр түрлі қызмет атқарады. Егер қүрама етістіктің компоненттері біртүтас сол сездердің лексикалық мағынасын жасаса, аналитикалық формалы етістіктердің бірінші компонен- ті лексикалық мағына береді де, екінші компоненті со- ған грамматикалық мағына үстейді. Мысалы, барып кел, көріп кел деген қүрама етіетіктердің компоненттері бар, көр, кел деген дара қимылды білдірсе, барып кел, көріп кел деген де бірінен соң бірі іле-шала істелетін күрде- лі қимылды білдіреді, бірақ әрбір сез ез мағынасып
244
сактап калады. Ал, бара сал, көре сал десек, жетекші етістік бар, көр ез мағынасын сақтайды да спл етістігі көмекші мағынаға ауысып, біртұтас аналитикалық фор- малы етістік түрінде қимылдың ету барысын білдіреді.
Аналитикалык формалы етістіктің тұракты тіркесті етістіктерден негізгі айырмашылыгы — оның бір компо- нентінің ғана дербес мағынасы болмауында, тұрақты тіркесті етістіктердің барлық (екі, үш, төрт) компонен- ті түгелдей дербестігінен айырылған сөздер болады. Мысалы: жығылып қалды, сүрініп кетті дегенде екінші компонент қал, кет етістіктері ғана өздеріпің негізгі лексикалық мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Егер қол ушын берді десек, мүнда үш сөз бірдей өзіндік лек- сикалык мағынасынан ауытқып барып, «жәрдемдесті» деген мағынаны білдіріп түр.
Сонымен қорыта айтатын болсақ: аналитикалык фор- малы етістіктер сейлемде бір ғана лекснкалық мағына- ны білдіреді. Олардың қүрамында бір ғана жетекші дербес сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грамматикалык мағына үстеу үшін қолданылады. Демек, аналитикалық фор- малы етістіктін күрамындағы көмекші сез өзінің негізгі лекснкалық мағынасынан ауытқып, тек грамматикалық мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алған- да, аналитикалық формалы сөздер — етістікке тән бел- гілі бір грамматикалық категориялардың формасында колданылған сездер болып танылады.
і
Достарыңызбен бөлісу: |