шамасында екен; қарала-торы ала емес; тап-таза екен;
248
бесеу едік; бес-алтыдай еді; біз едік; келіп еді; келер еді іселетін еді; келмек екен т. б.
Еді, екен, емес формаларының аса жиі колданылуы — олардың қызметтері байлығына айғак. Бұл көмекшілер ездері тіркескен сездерге ешқандай да лексикалык ма- ғьша я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды. Олардың қысқаша сипаты мынадай:
Еді көмекшісі тарихи е (ер) етістігінің жедел өт- кен шақ формасынан (ер+ді) қалыптасқан. Осыған сәй- кес, еді формасы қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді және жіктеліп жұмсалады да, қай жак екенін көрсететін көмекші сөз ретінде қызмет етеді. Сөйлеу тілінде де, жазбашада да еді сөзі жіктелгенде, I, II жақта ді элементі, III жақта соңғы і дыбысы толык сақталып та (е-дім; е-дің; е-ді), кейде сақталмай, ық- шамдалып, түсіп калып та (е-м; е-ң; ед) жүмсала береді. Мысалы: Тәңірі ңоскан жар едің сен, жар ете алмай Kerin ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ем (Абай); Мен гагиыққа мас емес пе ем? Кетсең еді үзатып (бүл да) т. б. Екіншіден, осы мысалдардан, толық түрі болса да, ықшам түрі болса да, еді кемекшісі тіркескен сөздерге лексикалык реңк (мағына) жамап тұрмағаны, тек кана грамматнкалык, шақ, жақ категорияларының ыағыналарыи косуға дәнекер болып түрғаны көрінеді.
Осы көмекшінің дәнекерлігі (катысы) арқасында ті- лімізде еткен шак мағыналарын білдіретін мынадай аналнтикалык. форманттар қалыптаскан: -ып еді (айтып еді; -қан еді (айтқан еді); -атын еді (айтатын еді), -ар еді (айтар еді); -са еді (айтса еді); -ушы еді (айтушы еді); -са игі еді (айтса игі еді);-а (-е, -й) жатыр еді (ба- ра жатыр еді, келе жатыр еді); -а жатқан еді (бара жат- ңан еді) т. б. Өткен шақ мағыналарын (реңктерін) біл- діру жағынан әрине, бұл форманттар бір-бірімен теғі емес, олардың реңктері басқа-басқа («шақ категория- сы» деген тақырыпты қараңыз).
Е с к е р т у: Тілімізде барған-ды, келген-ді, барған- мын-ды, қүрбымыз-ды... сияқтылардай -ды (-ді, -ты, ті) шылауы көп қолданылады. Бүл шылау — осы аталған еді көмекшісінен форма жағынан ықшамдалып, мағына жағынан шақталып қалыптасқан форма.
Екен көмекшісі әуелгі ер түбіріне есімшенің -кен (-ген, -қан, -ған) жүрнағы қосылған формадан қалып-
тасқан. Бүл көмекші де (екен) өзі тіркескен сезге лекси-
249
калық реңк (мағына) коспайды, тек шақ, жақ категория- ларына қатысты мағымалар үстейтін дәнекер есебінде жүмсалады. Екен көмекшісі де жіктелгенде, формасын толық сақтап та, ықшамдалып та, сәл езгеріліп те оты- рады. Мысалы, түс көрген екенмін деп те, түс көрген деп те колданыла береді.
Екен көмекшісі есімшенің өткен шақ формасында (-кен, -ген...) қалыптасқандықтан, әдетте, өзі тіркескен сөзге бүрын өткен амал я әрекет екенін білдірерліктей қосымша мағына үстейді. Осыған сәйкес, екен кемекшісі- ніц қатынасымен күрделі еткен шак категориясын жа- сайтын мынадай аналитикалық форманттар калыптас- қан: -ған екен (барған екен); -атын екен (баратын еісен); -ады екен (барады екен); -са екен (барса екен); -ар ма екен (барар ма екен?): -ып па екен (барып па екен?); -мақшы екен (бармақшы екен); -а жатыр екен (ба- ра жатыр екен); -ып жатыр екен (барып жатыр екен); -а жатады екен (бара жатады екен) т. б. Сондай-ақ, тұр, жур, отыр етістіктері қатысып та күрделі форманттар жасалады (ып тұр екен...). Бүл форманттардың да өткен шақ мағынасын білдіру кабілеті күшті болғанмен, ол мағьшалардың реңктері бірдей емес, қилы-килы («Өткен шақ» деген тақырыпты караныз).
Емес көмекшісі әуелдегі ер + м + с формасынан пайда болған. Бірақ бұл форма өзі тіркесетін сөзге еш- қандай да шақтық мән үстемейді, тек болымсыздық ма- ғына үстейді, бірақ, қажетіне карай, жақ формаларын кабылдайды. Мысалы: мен бала емеспін; сіздер көрген емессіздер т. б. Сөйтіп, бүл форма шақты білдіру ка- білетінін айрылып, тек болымсыздық мағына білдіретін дәнекер сөз болып калыптаскан.
Достарыңызбен бөлісу: |