Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет106/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

...бетке шіркеу түсіре көрме; бойын аулаңқа сала береді; жүмған аузын ашпай қойды; місе тұтса игі еді; ^Үрек жалғап алдық; жігері ңұм бола жаздады... деген кҮрделі етістіктер — тұрақты тіркестер, яғни идиома- Іі^анған тіркестер. Бұлар (іштей) грамматикалық жа- рЫнан бөлшектенбейтіндей болып, лексика-семантика-

239


1


лық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орғіыккан бір бүтін түлға (единица) есебінде қолданылатын тұракты етістіктер, күрделі етістіктер ер- кін жүмсала беретіндіктен. күрделі етістіктердің жүйесі мен күрамы идиомаланған, лексикаланған күрделі то- бы деген атпен арнайы қаралады. Мысалы: опық жеді, тсіяқ жеді, қүр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, аран тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу сплды, жан алқымғсі алды, ауыз салды, көз салды, оісек көрбі, т. б.
Бүл аталған қүранды етістік, қүрама етістік және түрақты етістік деп аталатын күрделі етістіктермен қа- тар етістіктің аналитикалык етістіктер деп аталатын түрі де бар. Аналитикалық етістіктердің күрделі етіс- тіктерге қарағанда, компоненттерінің араларындағы байланыстары мен қатынастары өте күрделі болады Ол күрделіліктің сыры төменде «Аналитикалық етістіктер» дегенде айтылады.
§ 81. АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕТІСТІҚТЕР
Тілімізде екі (үш я төрт) зат есімнің ешбір дәнекер- сіз бір-бірімен тіркесуі үйреншікті қүбылыс; бірақ екі етістік дәнекерсіз бір-бірімен ешуақытта тікелей син- таксистік қатынасқа түспейді Мысалы: айт та бар, әкел де қой, немесе айта бер, айтып бер, әкеле қой, әкеліп қой деп айтуға болғанымен, «айт бар, әкел қой» деп ай- ту грамматикалық күрылысқа жат нәрсе, сондықтан олайша дәнекерсіз айту ләзім емес. Ендеше, осы тіркес- тердегі -та (-де) шылауы, көсемшенің -а (-е), -ып (-in) жүрнақтары тіркестердің күлаққа жатык естілуіне де, мағынасыныц жеңіл түсінілуіғіе де дәнекер болып түр. Сол сияқты ұйыңтап қалғсін едім деген аналитикалық тіркесті етістікті алсақ, мүнда үйыңтсіп қалған деген ал- ғашқы екі комггонент түтас түлға (үйықтап қалған) амалдьщ өту сатысының бір мезетін ғана білдірсе, оған тіркескен соңғы едім компоненті сол мезетті өткен иіак- та болған әрекет екенін баяндап түр. Сейтіп, мүндағы грамматикйлық дәнекерлер тек екі я үш етістікті бір- бірімен тіркестіруге ғана дәнекер болмай, олардың ма- ғыналары мен қызметтерін үштастыруға да себеп болЫЛ түр. Екінші сөзбен айтканда, бүл дәнекерлер аналпти- калық етістік қүрамындағы компоненттерді мағына жэ- ғынан да, кызмет жағыман да жіктеп, біреулерін негізгі я бастауыш етуге, біреулерін жәрдемші я қостаушь1

240

етуге септігін тигізіп түр. Мүндай аналитнкалык тір- кесте орын жағынан бүрын түрып, дәнекер форманы өзіне тіркеп (я ілестіріп) алатын компопент кана ана- литіікалық етістіктің непзгі мағынасына ие болады да, жетекшілік істейді; жетекшіден кейін түрып, оған үсте- ме магына жамап, грамматикалық формаларға түсіріп туратын соңғы етістік дәйім көмекші болып кызмет ат- карады. Мысалы: уйықтап кетті дегендегі жетекші етіс- тік — ұйықтап көмекші етістік — кетті болса, барған еді дегекдегі барған — жетекші етістік, еді — көмекші етіс- тік болады.
Осы сияқты айта сал, жаза түс, қарай көр... деген аналитикалық етістіктер екі етістіктің тіркесінен кү- ралған. Бүл үлгі бойынша жасалатын аналитикалық етістіктің лексикалық мағынасына алғашкы етістік не- гіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жүрнағы (-а, -е, -й, -ып, -in) мен соңғы көмекші етістік селбесіп (мысалы: -а сал; -а түс; -й көр), алғашқы (же- текші) етістіктің мағынасын саралайтындай косымша грамматикалық семантика (мән) үстейді, демек, -й ссіл... тәрізді күрама формант грамматикалык дәнекер есебінде жүмсалады. Жетекші етістікке жамалатын грамматикалық семантиканы айт жэне аита сал, жаз және жаза түс, қсіра және қарай көр деген жалаң және күрделі етістіктерді өзара салыстырғанда тез аңғаруға болады. Сөйтіп, бүл үлгі бойынша жасалатын етістік- тсрдің қүрамындағы көмекші компоненттері жетекші (негізгі) етістіктің лексикалық мағынасын өзгертпейді, тек оған айқындай түсетіндей косымша грамматикалык семантика жамайды. Осы себептен етістіктің бүл түрі аиалитикалық етістіктер деп аталады. Аналитикалық етістіктерді жасауға дәнекер болатым форманттардын, әсіресе көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай жәие аналитикалық күрамындағы компоненттер- дін, сандары да (екі, үш, төрт, бес т. т.), өздері де бас- ка-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалык кызметтері де, грамматикалык семантикалары да сала- сала болып, амалдын жүзеге асу я өту сипаттарынын әр қилы кезеңі, сатысы сияқты аса абстрактылы күбы- лыстарды білдіреді. Мысалы: айтып жібер, айтып жібе- ре қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қпй, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.
Аналитикалық тіркесте жетекші етістік пен көмекші

241



етістікті селбестіріп, екеуін бір тұлға (единица) етуге, әдетте, көсемше, есімше, рай жұрнактары және кейбір көмекші сөздер дәнекер болады. Егер тіркесте ондай дәнекер болмаса, компоненттері бір-бірімен кіріге ал- май ыдырап кетеді де, аналитикалык етістік біртұтас тұлғалык (единицалык.) мағынадан да, функциядан да айрылып қалады.
Сонымен, аналитикалык етістік я аналнтикалык түл- ға (единица) болу үшін, біріншіден, негізгі етістік, екін- шіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, кө- мекші кызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Егер, осы компоненттер түгел болмаса, анали- тикалық етістік жасалмайды. Ендеше, аналитикалык. етістік кемі осындай үш компоненттін. тіркесуі я бірле- суі арқылы жасалады.
Аналитикалық етістік — етістіктін. (сөз табының) сыртқы қүрылысы жағынан да, мазмүны жағынан да аса бай, кызметі жағынан төтенше ерісті, ерекше катего- риясы. Бүл категорияға тән әрбір жеке форманыц яки жеке-жеке аналитикалык. етістіктің лексикалық мазмү- ны бірінші компонентке (негізгі етістікке) телулі болса, грамматикалык семантикасы мен формалары соңғы екі компонентке (жетекші етістіктің қосымшасына және кө- мекші етістікке) байлаулы болады. Мысалы: Шөлдеп кеттім, ұйықтап қалдым
деген аналитикалық етістіктер- дің лексикалық мағыналарына ие сөздер — іиөлдеп жә- не уйықта етістіктері де, грамматикалық семантнкала- ры мен формаларының көрсеткіштері — біріншісінде -п кет, екіншісінде -п кал бөлшектері. Ал екеуінде де қосылып түрған кейінгі формалар (-ті+м; -ды + м)— өткен шақ жүрнағы мен жіктіктің бірінші жағының жал- ғауы.
Аналитикалық етістіктің грамматикалық семантика- сын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі — көсемшенін жүрнағы мен көмекші етістік — мағына жағынан да, қызметі жағынан да дә« йім бірлікте жүмсалады да, бір ғана грамматикалық формант ретінде кызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет