Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 50. ЗАТ ЕСІМНІҢ РЕҢК МӘНІН ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР



бет66/173
Дата16.10.2023
өлшемі0,66 Mb.
#116313
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 50. ЗАТ ЕСІМНІҢ РЕҢК МӘНІН ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Лексикалық мазмұны жағынан жаңа сөз тудырмай, сездерге әр қилы эмоциялық әсер, экспрессивтік рең үс- тейтіндей қосымша семантикалық мағыналар ғана жа- ыайтын жұрнактар бар. Олар зат есімнің ішкі катего- риялык формалары, демек, зат есімнің реңк мән туды- ратын жұрнақтары делініп танылуға тиіс.
Зат есімнің реңк мән тудыратын жүрнақтары жалпы есімдерді де, жалқы есімдерді де қамтиды. Мысалы: Жөкей көлінің солтүстік қабағында Аюлы дейтін бір кііикене таусымақ бар (С. Мұқанов); Бір көлшікте жа- саған балықтар өсіп-еніп көбейген кезде суы тартылып, көліиік қурай бастапты (Ертегіден). Жолда бір көлсы- мақ бар, соған соға журеміз. (Ғ. Мүстафин) деген мы- салдардағы таусымақ, көлшік, көлсімақ сөздері — жал- пы есімдер. Ал, Еркін, Нурлан, Сәуле, Сәлима деген кісі аттары Еркііи, Нурлаиі, Сәулеіи, Сәлимаіи немесе Ер- кетай, Нурматай, Сәулетай, Сәлиматай делініп айтыла беріледі.
Әдебнетте де, ауызекі тілде де еркін қолданыла бе- ретін ағажан, қурбыжан, әкетай, сәулетай сиякты сөз- дердің лексикалық мағыналарында аға, қурбы, әке, сәУ'

158

ле сөздерікен алшақтарлықтай айырмашылық болмаға- ңымен, сөйлеуші мен тыңдаушыға (я жазушы мен оку- ідыға) айту мәнері райы жағынан да, алынатын әсері мен бағдарланатын реңкі жағынан да, оларды бірдей деуге болмайды. Өйткені аға, әке дегендерден тек жай атау, хабарлау ғана ацғарылса, ағажан, әкетай деген- дерден белгілі бір эмоциялық реңк пен экспрессивтік әсер жарыса байқалады.
Сөйтіп, реңк жүрнақтары еркелету я кішірейту, сый- лау я құрметтеу, ұлғайту я үлкейту, келемеждеу я мыс- кылдау тәрізді мәндерді білдіреді. Олардыц кейбіреуле- рі бірінен соң бірі кабаттасып та қолданылады (ағеке- тай, әжекетай, інішекжан, Сәулеіижан т. б.), кейбіреу- лері өздерінің бастапқы мәндерінен я жартылай (бө- лімиіе, қудаша, кііикентай, туйіршік), я бүтіндей айырылып (жеткікшек, ірімшік, талшық, буркеніиек), сол жалғанған сөздерден бөлінбейтіндей де болып кет- кен.
Бүл жүрнақтардың өнімділері және олардың сипат- тары төімендегідей.

  1. -еке, -қа, -ке жүрнақтары жалпы және жалқы (кісі аттарына) есімдерге жалғанып, сыйлау, қүрметтеу, үл- кен түту сиякты мағыналык реңктер үстейді. Өзі жалға- натын кейбір сөздердің толық түрлеріие тікелей тіркес- пей, соңғы дыбысы я соңғы бір немесе бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысалы. ағеке, іиешеке, апеке, эпке, жездеке, атеке, бастықеке, хатіиыеке, Омеке (Омар, Омарбай), Жәке (Жамбыл, Жанақ), Мырзеке, Журеке, Муқа, Сәке т. б. Мүндай -еке (-қа, -ке) жал- ғанған сөздерге тәуелдіктің II, III жақтарының косым- шалары қосылатыны және олардың беретін реңктері ту- ралы «Тәуелдік жалғау» деген тақырыпты жараңыздар.

  2. жүрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып, оларға сыйлау, құрметтеу және үлкен түту мағынасын Косады. Мысалы: апай, ағай, әкей, шешей, атай, жездей, әпкей т. б. Бүл қосымша қазіргі әдебн тілімізде тек жа- Қын туыс атаулының аясында ғана қалмай, алыс-жақын- Дығына қарамастан, қүрмет түтатын жасы үлкендердің бәріне де қолданыла беретін болды. Мысалы: Жамбыл чтай, Шолпан апай, Мәдина тәтей, Үлболсын шешей т. б.

  3. -тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, °*іарға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сиякты қосым-

мағына үстейді. Мысалы: ағатай, апатай, әкетай,

159





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет