Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет153/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   179
еді

екен

Сейтіп, еді я екен компоненті тіркескеннён кейін, күр- делі формалардың бір-біріне үқсамайтын (ажырайтын) семантикалық ерекшеліктері жойылмайды, сақталады, олар тек өткен шақ формасына түседі; бірақ еді және екен компоненттерінің айырмашылықтарына (е+ді; е + *+кен) орай, өткен шақтыя біріншісі (мысалы, ал-ған еді; кел-ген еді...)
мәніне сәйкес анық өткен (айғақ- ты) ш а қ к а, екіншісі (мысалы, ал-ған екен; кел-геи екен...) -танық (айғақсыз) өткен шаққа жатады. Өйткені алған еді дегенде, анықтык (айғакты- лық, күдіксіздік) үғымы пайда бола калса, алған екен дегеннен таныктық (айғақсыздық, күдіктілік) түсінігі көкейге кона қалады. Осындай мағыналық ерекшелік- 'терді жаксы бағдарлау үшін, мына мысалдардағы өткен Шақ реңктерін және оларды білдіретін формаларды са- лыстырып қараныздар: 1) Алдар Қөсе шайтанды алдап- Ш; 2) Алдар Қөсе шайтанды алдаған екен; 3) Алдар Көсе шайтанды алдаған көрінеді; 4) Алдар Көсе іиай- ганды алдаса керек (алдаған болса керек); 5) Алдар Қөсе шайтанды алдаған білем; 6) Алдар Қөсе шайтан- дьі ылғи алдайды екен т. б. Ал казіргі адам (сөйлеуші): 'Алдсір Қөсе шайтанды алдады (...алдап еді; ..., алдай- TbJн еді; ...алдаушы еді. т. б.)» деп айта алмайды және айт5ты мүмкін емес, өйткені бұл формаларды тек осы ^айларды өз көзімен көрген, оның басы-қасында болған аДам ғана қолданса керек. Бірак, қазіргі адам (сөйлеу-

327


ші): «Алдар Көсе шайтанды алдаса ісерек; Алдар Көсе ишйтанды алдаған шығар; Сол арада Алдсір Қөсе болса, әрине, шайтанды алдар еді (алдаған болар еді); Алдар Қөсе шайтанды талай алдаған сияқты (секілді. тәрізді)» деп анта алады. Өйткені бұл сөйлемдердегі алдауға бай- ланысты әрекеттер өткен кезде жүзеге асырылмақшы болған ынта, тілек, мақсат, нысана, шарт, болжал... тә- різді амалдар; сөйлеуші бұларда сол өткендегі әрекет- терді еді, екен. иіығар, сияқты... дәнекерлері аркылы болғандай етіп көрсетеді, ал шындығында, олардың бол- ғандары да, болмағандары да неғайбыл, демек, өткен шақ анық та емес, танық та емес.

Шақ формаларын сыртқы тұлға-түрлеріне карай да, ішкі мазмүн өзгешелігіне қарай да жіктеуге (таптасты- рұға) болады. Бірак, қашан да болсын, мазмұн түрге жетекші болатынын ескергеңде, шақтарды да мағынала- рына қарай жіктеу әрі олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйесі ықшаы болу үшіғі қолайлы да. ұтым- ды да болады. Сондықтан, жоғарыдағыдай семантика- лық сипаттарын ескере отырып, өткен шакты а н ы қ (айғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөлуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет