Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет4/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 3. СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ

(Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)

Сөз айналамыздағы зат я қүбылыс жайындағы үғым- ньщ аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол ма- ғына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол үғымды білдіретін белгі (таңба) я сол үғымның мазмұнының бейнесі ретінде қа- лыптасатындықтан, бір тілде сейлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсгіқ^-олдрдьГң әрқайсысы — әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаиі деп көз алды- мыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы, ағаш атаулыны да атай береміз.

^рбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түс- пеи, жеке-дара түрғандағы (статикалық күйдегі) нақты- лы я негізгі мағынасы, әдегге, лексикалық я rtjpa мағы- на деп аталады.

Тілдің сездігі осындай әр алуан мағыналары бар сөз- дерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық түрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сездердіғс лексика- лық мағыналарын, сездердіц шығу тарихы мен мағына- ларының даму, колданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.



Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі Қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр то бына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің ма- ғыналары жоғарыда лексика түрғысынан қаралса, енді олардың бэрін де заттың атын білдіретін жалпы белгісі* не қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер деп,

7


грамматика турғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты грамматикалық топтарға бөлу салты — осылайша топшылаудан туған дәстүр. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топ- тарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық түрғыдан қа- рап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мы- салы: Кен асылы
жерде, сөз асылыелде (мақал); Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса, ауызға тиер (мақал); Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал) деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөз- дерін грамматикалық түрғыдан салыстырып топтауы- мызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола түрса да, бүл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамма- тикалық мағыиаларында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын, кейінгі төртеуінің (ерінге, ауыз- ға, тауға, адамға) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аң- ғару қиын емес: жерде, елде, ауылда сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жал- ғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адам- ға сөздеріндегі жалпы грамматикальіқ мағына барыс септік жалғауы арқылы топтанып айтылып тур. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қол- дануға болады. Жалпы грамматикалық мағыналары жа- ғынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап, бір топқа белеміз.

Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лекси- калык мағыналары баска-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-козғалысты білдірулерімен байла- нысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бул жалпы мағына оларға жалғанып турған есімшенің -ар (-ер) қосымша- сынан тіпті айқын керініп тур. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген, қосылған, тие- тін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей езгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бул сняқты сездердің бәрі де етістік деп аталатын сез табы категориясына жатқызылады, ейткені олардың әрқай-



8

сысына есімше, кесемше, етіс, шақ секілді грамматика- лық категориялардыц қай-қайсысы да жат емес.

Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланыса- тын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сон- дай-ақ, сол жалпы грамматикалық мағыналарды білді- ретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.

Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір сездің бойында жарыса емір сүре береді. Мысалы, көршіні көрші шақырды (Абай) деген сейлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сездің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сездің лексикалық мағынасы өз алдына басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болғанымен, грамматикалық магыналарында өзгешелік- тер де бар. Бул екеуінің грамматикалық мағыналарын- дағы жалпы үқсастықтар мыналар: екеуі де — зат есім, екеуі де — жекеше мағынаны білдіреді. Ал, ол екеуінің грамматикалық мағыналарыпдағы езгешелік сол екі сездің сыртқы түрлеріндегі (формаларындағы) айырма- гаылыққа байланысты. Әрине, көрші сезінен көршіні де- ген сөздің -ні бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сырткы түріне ғана емес, грамматикалық ма- ғынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек, көршіні сө- зінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағыналар- дан басқа, қосымша табыс септіктің мағынасы да бар. Осыған орай, бул екі сездің сейлем мүшелік қыз- меті жағынан қүралатын грамматикалық мағыналары да ажырап, біреуі сейлемнің бастауышы (көрші), екін-7 шісі сөйлемнің толықтауышы (көріиіні) болып тур. Соң- ғы іиақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар: бул сез ■—етістік, ол әрі өткен шақтың мағынасы, әрі үшінші жақтың мағынасын білдіреді.

Жығылсаң, нардан жығыл (мақал) деген сөйлемдегі'- жығыл және жығылсаң сездерінін түбірі (жық), лекси- калық мағынасы да бір. Ал түбірге -ыл белшегі қосы- лып, жық етістігіне етіс категориясының, -са қосьшшасы шартты рай мағынасын, -ң қосымшасы оның үстіне екін- ші жақ пен жекешелік категорияларығіың мағыналарын берген.

Осы талдаудан мынадай қағидалар туады.

Сөз — тек мағынасы жағынан ғана емес, қурамы жа~; ғынан да аса күрделі категория. Сөз қолданылғанда әр алуан түлғалық өзгеріске ушырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздің, морфологиялық күра- мында болып отырады. Осындай түлғалық өзгеріске

9


орай, сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңкке кешеді. Сонымен бірге осын- дай езгерістерге байланысты сездің грамматикалық ма- ғынасы да түрленеді.

Сездің бөлшектері мен мағыналарын, олардын, ара- ларындағы қарым-қатынастарын және сол қарым-қаты- настар мен қүбылыстардың жүйе-жүйелерін зерттеудің нәтижесінде әрі сездің морфологиялық құрамы мен қу- рылысы, әрі алуан түрлі грамматикалық категориялар- дың сыр-сипаттары айқындалады.

Сөздің сыртқы жамылышы (формасы) ретінде кыз- мет ететін дыбыстық қүрамның (комплекстің) әрбір үсақ дыбыстық бөлшегі, сол сөздің белгілі бір грамматикалық мағынасын білдіретін әрбір үсақ бөлшегінің сыртқы жа- мылышы (формасы) ретінде қызмет етеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән дыбыстық керсеткіш болады.

Грамматика сезді тексергенде, фонетикаға да, лекси- каға да сүйеиеді, олармен тығыз байланыса отырып, сездің сырын ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет