Тақырыбы: «ҚОҒам және мәдениет» жоспар



Дата27.11.2023
өлшемі21,53 Kb.
#129953
түріУтопия
Байланысты:
12-дәріс


Тақырыбы: «ҚОҒАМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»
ЖОСПАР:

  1. Қоғам философиялық ұғым ретінде.

  2. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ойлар.

  3. Ортағасырлық көзқарас және Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория

  4. Жаңа заман әлеуметтік философиясы.

  5. «Қоғамдық сана» ұғымы.

  6. Қоғамның типтері.

  7. Мәдениет – қоғам болмысының формасы.

  8. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.

Әлеуметтік философия – қоғамдағы адамдардың өмір сүру жағдайы мен үрдістерін ұғынуға бағытталған философиялық білімнің маңызды саласы. Әлеуметтік философия табиғат және адам болмысының жалпы мәселелерін пайымдай отырып, адамдарды қоршаған және қамтыған басқа да шынайылықпен бірге қоғамның қатынасы мен байланыстарына ғана талдау жасап қоймайды, әрі әлемнің тұтас ерекше болмыстық түрі ретінде адамдардың қоғамдық тіршілік әрекетіне тән ерекше заңдылықтар көрінісін де саралайды.


Әлеуметтік философияның зерттеу объектісі – қоғам. Қоғамды түрлі ғылым салалары зерттейді. Егер әр ғылым қоғамдық болмыстың өзіндік қырларын зерттесе, ал әлеуметтік философия қоғамды біртұтас негізде қарастыра отырып, адамдардың қоғамдық өмірінің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік философияның пәні – бұл қызмет ету және даму заңдарымен тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам болып табылады.
Әлеуметтік философия қоғамды өзіндік барлық қырлары мен қатынастары, құрылымдық ұйымдарының өзара байланысында, оның дамуының ең жалпы заңдылықтары, қайнарлары мен қозғаушы күштері, әлеуметтік жүйенің табиғатпен және тұтасымен әлеммен өзара әрекеттесуінде күрделі өзін-өзі ұйымдастырушы және өзін-өзі дамытатын жүйе ретінде зерттейді. Қоғамды қарастыра отырып, әлеуметтік философия қоғамдық өмірдің 4 негізгі қырын зерттейді:
1-ден, «қоғам» ұғымының мазмұнын зерттейді: қоғамның жалпылама (теориялық) үлгісін философиялық талдаумен береді; 2-ден, қоғамдық үрдістердің мазмұны мен себептерін ашады. Бұл ретте қоғамның даму тарихын табиғат және табиғи үдерістерден ажыратуға, оның даму заңдарын табиғат заңдарымен теңдестіруге болмайды. Табиғатта стихиялық күштер мен объективті заңдылықтар бар сияқты, тарихты адамдар жасайды; 3-ден, қоғам өмірінің материалдық және идеалды факторларының арақатынасы.
Философтар қоғамдық үдеріс үшін анықтаушы – қоғамдық болмыс па немесе қоғамдық сана ма деген сауалға жауап береді. 4-ден, адамның жасампаз және әлеуметтік қызметтің субъектісі (яғни белсенділік көзі) ретіндегі маңызы. Себебі қоғам адамдармен қалыптасады. Адамзат тарихында субъективті фактордың рөлі үздіксіз өседі. Субъективті фактор жеке тұлғаның қызметінде көрінеді.
Қоғам – еңбек құралдарын жасауға және еңбек барысында оны пайдалануға қабілетті адамдарды біріктіру түрлері мен өзара әрекеттері тәсілдері тиісті табиғаттан оқшауланған, бірақ онымен тығыз байланыстағы материалдық дүниенің бір бөлігі. Сөздің кең мағынасында бұл тарихи қалыптасқан адамдарды біріктіру нысандары мен өзара әрекеттестіктің барлық түрлері мен жиынтығы. Тар мағынасында – әлеуметтік жүйенің тарихи нақты тұрпаты, әлеуметтік қатынастардың белгілі бір түрі. Жалпы моральдық-этикалық өлшемдермен (қағидалары) біріктірілген адамдар тобы. Адамдардың бірігуі нәтижесіндегі бірлестігі қоғамның барлық жан-жақты мүмкіндігі бар кеңістігі қоғамдық болады, яғни бұл адамдар және олардың ұрпақтары үшін ортақ меншік, ал қалған барлық түрлері ұйымдасып аяқталмаған, қоғамның аяғына дейін қалыптаспаған болып саналынады. Әлеуметтік философияның міндеті -қоғам деген не, оның адам өмірінде қандай маңызы бар екенін түсіну. Болмыстағы барлық құбылыстардың ішінде анағұрлым күрделісі – қоғамдық өмір.
Қоғам – тұтас, серпінді және дамушы жүйе. Қоғам ғылымға белгілі жүйелердің ең күрделісі болып табылады. Ғылыми айналымда қоғамның көптеген анықтамалары бар. Ең қарапайымы: қоғам – бұл адамдар мен олардың өзара қарым-қатынасының жиынтығы. Қоғам, оның біртұтастығы жөніндегі түсінік – бұл философиялық ойдың ұзақ дамуының нәтижесі. Қоғам жекелеген бөліктерден тұратын реттелген тұтастық ретіндегі түсінік нышандары Антикалық Грекияда пайда болса керек. Мұндай көзқарастың пайда болу себебі: «бөлік» және «бүтін» – Ежелгі Грекияда негізі қаланған диалектикалық ойлау тәсілінің бірі.
Платон (б.д.д.428/7-347жж.) ілімінің негізгі тақырыптарының бірі – әділ (мінсіз) мемлекет. Платон Сократтың шәкірті. Ол Афинада Сократты әділетсіз соттау сәтінен бастап мінсіз мемлекет құруды негіздейді. Идеалды мемлекет туралы теория Платонмен «Мемлекет» еңбегінде толығымен ұсынылған және «Заңдар» шығармасында жетілдірілген. Платон лайықты өмір тек жетілген мемлекетте ғана өмір сүре алатындығына сенімді бола отырып, Афина мектебінде өзінің шәкірттері үшін мінсіз мемлекет жағдайын жасайды.
Аристотель Платонның істеріне тәнті болса керек. Мемлекет Аристотельдің іліміне сәйкес адамдар арасындағы одақтың жоғарғы формасы болып табылады, бұл этиканың, адамның моральдық іс-әрекетінің жоғарғы мақсаты, тек мемлекеттік өмірде адам өз тағдырын орындауға мүмкіндік алады. Мемлекеттің негізі – отбасы, отбасылық өмір адамдардың табиғатымен белгіленген қатынастардың түрлеріне негізделген: бұл күйеуінің әйелге, ата-ананың балаларына, қожайынның құлдарға қатынасы. Аристотель осы қатынастардың барлығын «Саясат» трактатында қарастырған.
Ал, Қайта Өрлеу дәуірі қоғам, мемлекет мәселелеріне қызығушылықтың артуымен ерекшеленеді. Осы кезеңің ойшылдары зерттеу нәтижесінде туындаған жағдайларды өзгертуге ұмтылған, яғни мінсіз, идеалды мемлекет теориясын құру жолдарын қарастырған. Ой-қорытындылары іске аспағандықтан тарих бетінде өкілдері «утопистер» ретінде қалған. Томас Мор (1478-155-35) ағылшын гуманисті, жазушы, мемлекет қайраткері, утопиялық социализмнің негізін салушы. Ең алдымен «Утопия» (1516) еңбегінің 2-ші бөлімі қиялдағы Утопия аралының идеалды әлеуметтік құрылымын сипаттауға арналған («жоқ жер»).
Жаңа дәуір ойшылдарының басым көпшілігі бұл мәселені шешуде әлеуметтік атомизм ұстанымына сүйенді. Әлеуметтік атомизм принципі «әлеуметтік келісім» теориясының классикалық түрде Томас Гоббс, Джон Локк және Жан-Жак Руссо жасаған формасын алды. «Әлеуметтік атомизм» жеке тұлғаның қоғам алдындағы құқықтарының басымдылығын, бастапқылығын, үстемдігін атап көрсетеді. Әлеуметтік атомизмді жақтаушылар қоғамның, мемлекеттің құдайдан шыққан идеясын жоққа шығарды.
Негізінен қоғамдық сана – ерекше рухани құбылыс, болмысты бейнелейді. Сондықтан да қоғамдық болмыспен бір мезгілде және бірлікте пайда болған. Қоғамдық сана – бұл қоғамның рухани өмірін сипаттайтын қоғамда бар идеялар, теориялар, көзқарастар, сезімдер, көңіл-күйлер жиынтығы.
Сананың оны құраушы элементтерге бөлінуі ретінде түсінілетін қоғамдық сананың белгілі бір құрылымы бар. Яғни төмендегідей негізгі деңгейлерден тұрады:
1) Қарапайым сана адамдардың күнделікті тәжірибесі үрдісінде шындықтың сыртқы жағының эмпирикалық көрінісі ретінде стихиялы пайда болады.
Теориялық сана өз алдына елеулі байланыстары мен заңдылықтардың көрінісі, өз мәнін ғылымда және сананың басқа да түрлерінен табады, себебі соңғысы жанама теориялық танымды талап ететін шындықтың сыртқы емес, ішкі жағын қалыптастырады.
2) Қоғамдық психология (қоғамдық идеология, көпшілік сана) да адамдардың күнделікті тәжірибесі барысында қалыптасады. Бірақ мұнда қоғамдық сана деңгейінде шындық туралы білім емес, осы білімге деген қатынас, шындықты бағалау басым болып келеді.
Қоғамдық сана түрлері: Саяси сана – әлеуметтік топтар, партиялар, қоғамның билікке деген қатынасын көрсететін идеялар, теориялар, көзқарастар, сезімдер, көңіл-күйлер жиынтығы.
Құқықтық сана – бұл заңдарда көрсетілген міндетті нормалардың, жүріс-тұрыс ережелерінің жүйесі. Әрі бостандықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, мемлекеттегі құқықтар мен міндеттерді түсіну және алуан түрлі сезімдер. Негізгі құндылығы заң.
Адамгершілік санаға – қоғамдық игілікпен байланысты адамдардың сезімдері, мұраттары, мүдделері мен көзқарастары, сонымен қатар, қоғамдағы мінез-құлық ережелері, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері туралы білімдер, қоғамдық пікірдегі адамдардың мінез-құлықтарын бағалау кіреді.
XIX ғасыр аяғынан қоғамдық санада адам өміріне және абыройға, басқа өмір мен ойға деген басқаша құрмет, адамдар және табиғатқа деген мейірімді қатынас – жалпыадамзаттық құндылықтар көбірек орнығуда.
Ақпараттық қоғам – жұмыс жасаушылардың көпшілігінің өндіріспен, сақтаумен, асыра істеумен және ақпаратты, әсіресе, оның жоғары түрі білімді тарату. Ғалымдардың пайымдауынша, ақпараттық қоғамда компьютерлендіру үрдісі адамдарға ақпараттың сенімді көздеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, оларды күнделікті жұмыстан құтқарады, өндірістік және әлеуметтік салаларда ақпаратты өңдеуді автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ашық қоғам – батыстың бірқатар әлеуметтік-философиялық ілімдерінде көне ежелгі және қазіргі заманғы демократиялық қоғамдарға анықтау үшін қолданылатын тұжырымдама. Әдетте, бұл дәстүрлі қоғамдарға, сондай-ақ тоталитарлық саяси режимдерге қарсы. «Адамгершілік және діннің екі қайнар көзі» еңбегінде ашық қоғам «динамикалық» мораль мен дінге ие, ұдайы өндіру, текті сақтау, т.б.мәселелері емес, адамзат баласының барлығының игілігі басты мақсаты болған «моральдық кейіпкерлерден», гуманистік бағыттағы діни қайраткерлерден тұратын әлдебір идеалды қоғамдық құрылыс аналогы болды.
Мәдениеттану – адам және қоғам туралы әлеуметтік және гуманитарлық білімдер тоғысында қалыптасқан, мәдениетті тұтастық, өзіндік қызметін және адамдық болмыс үлгісі ретінде зерттейтін ғылым.
Танымал австралиялық психолог Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) психологиялық ілімі мәдениеттің бейсаналылық бастауына, ең бастысы жыныстық энергияға тым асырылған рөл берілген биологизациялық тұжырымдамасын негіздеген.
Ұлттың өзіндік келбетін танытатын оның – рухы, асқақтаған жігер-қайраты, әрі өз елінің мүддесі мен тағдыры жолындағы қайсарлығы мен ерлігі. Осындай болашаққа, жасампаздыққа ұмтылыстар алға қойған асыл арман – мызғымас тәуелсіз мемлекет орнату жөніндегі ұлы мақсат-мұраттарға айналған еді. Көкірек түбінен халықтың мұратына, ізгі тілегіне айналған сара жолды игеру жеке тұлғалардың көпшілік алдындағы жауапкершілігін арттыра түскен болатын. Олар өмір сырын тереңінен бағдарлай отырып, халқына жанашырлықпен елдік пен қайсарлыққа үндеген. Міне, осы міндеттерді жауапкершілікпен атқарған ақын-жырауларымыз қазақ философиясының рухын асқақтатқан өршіл намыстың жаршылары болған еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет