Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет53/179
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#16121
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   179
Байланысты:
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

см сантиметр; мм миллиметр; гагектар; тм текше-метр; ттонна; квкиловатт; т. б.— тағы бас- Қалар; т. с.— тағы сондайлар; т. г.— тағы тағылар.


Екінші бөлім

СӨЗ ТАПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРЫЛЫМЫ

§ 37. СӨЗ ТАПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ

Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әрі тілдің кұрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектеп- терде тілді оқытудыц негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады; сон- дай-ак, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарына бай- ланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Солай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грам- матикалық кұрылысының, сөздің грамматикалық құры- лымының әрі кіндік қазығы, әр негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында, тереңірек үңілсек, сөз табы грам- матиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыра- тын да негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфология- лық күрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірін, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тын- байды, оның бүкіл грамматикалық жүйееін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерт- тейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды- алдына талдау грамматиканын негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең ал- дымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар — атаушы сөз- дер, көмекші сөздер және одағай сөздер.

Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағынала- ры болатындықтан, коммуннкацияға негіз^болып, кон- текстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданылз

126

береді; олар сөйлемде грамматнканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, өз алдына мүше бола алады; ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер тудыруға да болады. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз — өздеріне тән лекснкалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қнлы косымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан карым-қатысқа түсе алатын дербес сөздер.

Көчмекші сөздер, мағыналық дербестігі бол- майтындықтан, тек контексте атаушы сөздермен селбе- сіп кана жұмсалады да, өз алдына дербес сөз ретінде қолданылмайды. Осыған сәйкес, олар сөйлемде өз ал- дына мүше бола алмайды, тек атаушы сөз арқылы жа- салған мүшенің құрамына енеді де, сол мүшелерді өз ара жалғастыруға дәнекер болады; көмекші сөздерден негізінде жаңа сөздер жасалмайды. Сонымен, кемекші сездер дегеніміз — өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гері грамма- тикалық мағыналары басым болу себебінен көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

Одағай сөздер деп ешқандай да ақиқат үғым- дарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр килы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын (бірақ олардың атаулары есебінде жүмсалмайтын)- сөз- дерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу та- бнғатының ерекшелігіне қарай, өзге сөздермен ешқан- дай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді. Сол себептен одағайлар белгілі бір сөйлемдерге қабаттасып жұмсалатын жа>рыспа сөйлемдер ретінде жұмсалғанда- рымен, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайды.

Бұл аталған үш топ сөздер өзара бір-бірімен жіті . байланысты. Мысалы, көмекші сөздер мен одағай сөз- дер үнемі дерлік атаушы сөздерден нәр алып, корланып отырады. Бұған — атаушы сөздерден туған шылау сөз- дер мен одағай сөздердің тарихы куә. Мысалы, бәрекел- ді, әттегенай, тәйірай,' ойпырмай, мәссаған
тәрізді одағайларды, сондай-ақ, дегенмен, болмаса, сондықтан, өйткені, ендеше, біресе, бірде, шейіін, туралы, сияқты, Ңарай, гөрі тәрізді көмекші сөздерді алсақ, осылардың бәрінің де түпкі төркіндері — атаушы сөздер. Сонымен Қатар, өзді-өздеріне тән ерекше сыр-снпаттары бар бұл ҮШ топтың өзді-өзіне іштей сара-сара топтарға бөлінеді.

127




Атаушы сөздер — осы үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі ең негізгі үйтқысы және тіліміздің бүкіл сөз бай- лығынын барлық шұрайы да, негізі де болып табылады. Атаушы сөздерді, ерекшеліктері ыен снпаттарынын бір- біріне жақын белгілеріне карай, іштей бірнеше лексика- грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, олар- ды, ең алдымен, есімдер және етістіктер деген екі са- лаға бөлуге әбден болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын ееім, сан есім, есімдіктер шінара ұқсас, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жакын. Осыған орай, шартты түрде, есімдер- дің алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын үстеу- ші есім деген екі салаға жіктеуге болады. Ал, етістіктер өз алдына бір топ. Атаушы сөздерді осылайша үш топка бөлу, әрине, белгілі бір принципке сүйенуден шыкқан. Ол принцип бойынша жіктегенде, бұл сездердін мате- риалдық (заттык) мағыналары таяныш етілмейді, топ- тобына тән қатегориялық семантика сүйеніш етіледі. Ал. осы принципке сүйене отырып бағдарласақ, атаушь есімдер заттық үғымдардың және ойша зат ретінде тұс- палданатын түсініктердің аттарын, сондай-ак, заттарға тән әр алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктер- дің аттарын білдіреді. Үстеуші есімдер әр килы іс-әре- кеттің (амалдың) белгілерін және белгінің белгілерін білдіреді. Етістіктер амал-кимыл (процесс) ретінде қа; былданатын әр алуан іс-әрекеттің, қилы-қилы көріністе- рінін аттарын білдіреді.

Сейтіп, атаушы сөздердің аталған уш тобының бір- бірінен ажырайтындай айкын-айқын шектері бар. Бірак олардың шекаралары жабык емес, өйткейі тілдің даму процесінде (қолданылу дағдысында) есімдерден етістік- терге, керісінше, етістіктерден есімдерге сөздер ауысып' отырады; есімдердің өздері де іштей ауысып, мысалы, кейбір сөздер зат есімнен сын есімге, керісінше, сын есімнен зат есімге, өзге есімдерден (сын есімнен) есім- дікке, үстеуге, сондай-ақ, етістіктерден есімдерге көшіп отырады.

Көмекші сөздер де, ерекшеліктеріне қарай, іштей жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді. Сондай-ақ, одағай сөздер өзінше іш- тей тністі жіктерге бөлінеді. («Одағай сездер» деген та- қырыпты қараңыз). Бірақ одағайлардың саны аз, се мантикалық және морфологияльіқ ерекшелігі бірыңғай

128

болып келетіндіктен, іштей бөлу мәселесі соншалыкты кнын соқпайды.

Тілдегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, екі түрлі нысана «темір қазық» («шам- ‘ шырақ») болуға тиіс.

Біріншіден, барлық сөздер, күллі сөз таптары тілдің сөздік құрамына енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздер- дін лексикалық жағы ескерілуге тиіс. Ал, сөздердің лек- сикалык жағын ескеру деген сөз — олардың семантика- лық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табына енетін сездер лексикалық тұрғыдан каралып талдануы қажет.

Екіншіден, барлық сездерді белгілі-белгілі грамма- тикалык сөз таптарына телу, олардың езді-ездеріне тән түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу кабілетін, өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты снпаттама беру мәселелері—• тікелей грамматикада қа- ралатын мәселелер. Ендеше, қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Ал, сөздердін, сөз таптарының грамматнкалық жақтарын ескеру деген сөз — олардың грамматикалық сипаттарын аныктау дегенмен бірдей. Солай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы f қажет.

Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі керек.

Тіл-тілдегі сөздердің семантикалык (лексикалык) жактарында жалпылық та, ұқсастық та, тіпті пара-пар- лық та бола береді, өйткені сөздің семантнкасы ойлау категорнясымен тікелей байланысты болады; ойлау қа- білеті арқасында ақиқат өмірдегі кұбылыстардың бәрі Де адамның ойлау елегінен өтіп қабылданады. Ал, тілдің грамматикалық құрылысын алсақ, оның сипаты бұлай емес. Жүйелері басқа-басқа тілдер былай тұрсын, шық- Қан төркіні бір, туыстас тілдердің өздерінің де грамма- тикалық құрылыстарында өздеріне ғана тән, өзгеде жоқ, еРекшеліктері бола береді. Мысалы, казақ тілі мен үй- ғьір тілі туыстас тілдер бола тұрса да, әрқайсысының ®3ДІ-өзіне ғана тән айырым ерекшеліктері бар. Сол се- : бептен де бұл екі тіл бір тіл болмай, біреуі — қазақ тілі, бфеуі ұйғыр тілі болып калыптасқан. Ол екеуінің ара-




сындағы фонетикалык, лексикалық ерекшеліктер былай тұрсын, грамматикалық айырмашылықтардын, өздері де айтарлықтай. Мысалы, қазақ тіліндегі сын есімде өзіне тән шырай категориясынын арнаулы -лау (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) формасы бар, сол форма ұйғыр тіліндегі сын есімде жоқ. Сондықтан мұны есепке алмасқа бол- майды. Сондай-ақ, -рақ (-рек, -ырақ, -ірек) формасы үй- ғыр тілінде (сол снякты, татар, түрікмен тілдерінде де) тек сын есімге ғана емес, етістіктің көсемше түрлеріне де жалғана беретін қосымша болса, осы форма (-рақ, -рек...) қазақ тілінде тек сын есімге ғана тән категория- лық көрсеткіш (форма) есебінде қызмет ететінін ескер- меске шара жоқ. Ендрше, сөздерді таптастыру жөнінде барлық тілдерге бірдей, жапа-тармағай қолданыла қо- йылатын бір «жалпылама», универсалдық принцип бол- масқа тиіс, өйткені тіл-тілдің бәрінде бірдей дәлме-дәл келетін бірыңғай грамматикалық белгілер де (форма- лар да) болуы мүмкін емес.

Әдетте, сөз табы деп жалгіы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып ке- летін сөздердің тобын айтамыз. Ендеше, сөз табының мазмүны осындағы лексика-грамматикалық деген қос сөз арқылы айтылған екі компоненттің бірлігінен күра- лады. Бірақ мұндағы бірінші бөліктің мазмұнынан таза лексикалық семантнканы ғана емес, грамматикалық,се- мантнканы, яғни заттық, амалдық, сапалық, сандық... Де- ген тәрізді тым жалпы мағынаны білдіретін семантика- ны кабылдау керек. Грамматикалық семантика деген үғымға сөздің материалдық я лексикалық мағынасы емес, заттын атын, заттың амал-ісін, заттың сапалық, сандық я басқа (қатыстық) белгілерін, амал мен бел- гініц белгілерін және басқа да солар сияқты материал- дық ерекшеліктерді білдіретін семантика-грамматика- лық мағыналар енеді. Бүдан, әрине, сөздін. лексикалық мағынасы тіпті ескерусіз калады екен деген түсінік ту- масқа тиіс. Өйткені дербес лексикалық мағынасы бар сөз белгілі бір сөз табына енеді де, оған әрі таяныш есе- бінде қызмет етеді. Егер де мүндай байланыс болмаса, жалпы лекснка мен грамматикада ешқандай қатынас- тар да болмаған болар еді.

Ал, қос сөздің екінші бөлігінің («грамматикалыК* деген компонентінің) мазмүнына*белгілі бір сөзге тәв грамматикалық категориялардың және олардың жаса- лу, түрлену формаларының мағыналары енеді. Бүл ар8'

130

дағы грамматикалык. мағына деген ұғымға белгілі бір сөздій жаңадан сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз байла- ныстыру жүйелерінің мағыналары мен формалары, де- мек, бүкіл морфологнялық белгілері (сыр-снпаттары) және сол сөздің сейлемдегі қызметтері, өзге сөздермен тіркесу қабілеттері, демек, бүкіл синтаксистік белгілері (сыр-сипаттары) енеді. Қысқасы, сөздің лексика-грам- матикалық белгілері деген термин белгілі бір сөзге, сөз табына тон бүкіл лексикалық (семантикалык) морфоло- гиялық және сннтакснстік сыр-сипаттарды түгел қам- тиды.

Сөз табының лексикалық (семантнкалык), грамма- тикалык (морфологиялық және синтаксистік) белгіле- рін дүрыс ашу үшін, осы аталған семантикалық, морфо- логиялык және синтаксистік белгілердің үшеуін де бір- дей түгел қамту қажет. Өйткені, егер осы үш белгініц үшеуі де тегіс қамтылса, сездің мазмүны да, материал- дық (морфологиялық) формасы да, синтаксистік функ- цнясы да түгел ескеріледі.

Дегенмен, сөздердің бәрінен бірдей осы үш белгі теп- тегіс табыла бермейді, ендеше, кейбір сөз таптары үшін белгілі бір принципті негізгі етіп алып, өзгелерін я қос- шы (көмекші) принцип етіп, я болмаса, тіпті қолданбай- ақ қоюға да әбден болады. Мысалы, одағай сөздерді анықтау үиіін морфологиялық белгіні іздеп жатудың ка- жеттігі де болманды. Сол сияқты, шылау сөздерді анық- тау үшін, тек олардыц семантикасын және сөзбен, сөй- леммен тіркесу ерекшеліктерін ғана негізге алмаса, олардан арнаулы морфологиялық формалар іздеудің қа- жеті жоқ. Сондай-ақ, үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді анықтауға олардың семантикасы мен синтаксистік функ- циялары ғана тірек болады, морфологнялық белгі тек қостаушы ретінде ғана қаралады. Сөйтіп,гкейбір сөз та- бын анықтау үшін, үш белгінің (прннциптің) үшеуін де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал, егер бір ғана белгіні таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі — сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі — оның семантикасы.

Қазақ тілінде тым ерте замандардан бері қарай әрі есім, әрі етістік мауынасында колданылатын омошім .сөздер бар. Ондай омонимдер лексика-семантикалық ^ақтан қарағанда, бір негізден шыққандығы аңғарылып

131




тұратын сөздер болса да, грамматикалық жақтан бір сы- нары есім, бір сыңары етістік болып келеді. Бұлардың катарына, мысалы, той, көиі, тоң
тәрізді түбір омонимдер мен қызық, қанық, тынық, кіріс тәрізді туынды омоним- дерді жатқызуға болады. Мысалы, « Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» (\а- лық өлеңі) дегендеп көш сөзі де, көиікен сөзі ре, «Тойғс барсаң, тойып бар» (макал) дегендегі тойға сөзі де, то- йып сөзі де, сол сиякты, қызық, қанық, тартыс тәрізді ту- ынды омоннмдер де — әрі есім, әрі етістік болып колда- нылатын сөздер. Мұндай омоннмдерден жаңа туынды сөздер, басқа туынды формалар жасайтындай жағдай- да, олардың есім сыңарлары есімдерше, етістік сыцарла- ры етістіктерше түрленіп, (мысалы: көшші, көш басын- да, тойшы той басында; көшкен, көіиер, көиісе; тойған, тойып, тойса т. б.) соларға тән категориялық формаларды иелене кетеді. Сондыктан сөздерді таптастырғанда, мұн- дай омоннмдердің есім сыңарлары есімдерге, етістік сыңарлары етістіктерге жатқызылып, сол сөз таптары- ның аяларында каралуы керек.

Сонымен қатар, тілімізде мағыналары әр түрлі сөз- дердің ішінде бір мағынасына қарасаң, зат есім, екінші мағынасына қарасаң, сын есім болып келетін сөздер де жоқ емес. Мысалы, жарық деген сөз, «Бөлмеге жарық түсті» дегенде зат есім болса, жарық бөлме, жарың ай дегендерде, сын есім болады. Сондай-ақ, тең деген оөз әрі зат есім (мысалы: буылған тең, туйеге артыгған

тең), әрі сын есім ретінде (мысалы: тең қурбы; тең пра- волы; ол екеуі бір-біріне тец) жұмсалады. Сөздерді тап- тастырғанда, тілдегі мұндай кұбылыстар да ескерілуі қажет.

Тілдің даму барысында сөздің мағыналык шеңбері кеңеюмен байланысты, грамматнкалық -дабиғаты мен қызметі де өзгереді. Осындан процестіқ_нәтижесінде кей- бір сөздер бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауыса- ды. Мұндай жағдайда ол сөздің бұрынғьг мағынасы мен грамматикалық кызметінін. үстіне жаңа мағына мен жана грамматикалық қызмет үстеледі. Мысалы: Хасеннің ба- сынан қалпағы ушып тусті. Каратаудың басынан көш келеді. Жумысты басынан осылай уйымдастырУ ксрек еді деген үш сейлемде де түбірледі дд, қосымшалары да бірдей басынан деген сез бар. Бірақ осы үш сөздің ма- ғынасы да, қызметі де бірдей' емес. Бірінші сөйлемдеп басынан деген сөз өзінің бастапқы лексикалык (мате-

132

риалдық) мағынасында колданылып, сөйлемде өз алды- Иа мүше болып тұрса, екінші сөйлемдегі басынан
сөзі бастапкы лексикалық мағығіасын сәл солғьшдатып, сөй- лемнің дербес мүшесі бола алмай, өзінен бұрынғы ілік жалғаулы Қаратаудың деген сөзбен селбесіп барып, күрделі мүшенін күрамына еніп тұр. Демек, екінші сөй- лемдегі басынан сөзі негізгі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал үшінші сөйлемдегі басынан сөзі мағына жағынан да, кызмет жағынан да ауысып, тіпті баска сөз табына (үстеуге) көшкен. Өйткені бүл соңғы сөй- лемдегі басынан. деген сөз әуелден (әуел-бастан, ал- ғашкыдан) деген мағына беріп, ңайдан? деген сүра\ ға жауап бермей, қаіианнан? деген сүрауға жауап беретін болып, ең әуелі мазмүны жағынан, содан кейін кызметі жағынан ауысып, біржолата үстеу категориясына көш- кен. Әрине, бүгл сөз үстеуге бірден көшпеген, бірте-бір- те дамып, бастапқы шығыс септік жалғауының форма- сында көнеленіп барып калыптасқан. Соңғы үстеу сөз езінің әуелгі төркініне тек сыртқы жамылышы жағынан ғана ұқсас көрінгені болмаса, семантикалық мағынасы мен синтаксистік снпаты жағынан бастапқы төркінінен біржолата қол үзген. Дәл осы сияқты ерекшелікті «Бул ауылдың адамдары шетінен шебер. Бул сөзді сен маған басында неге айтпадың» дегендерден де байқауға бола- ^ды. Сондаи-ак, кейін, соң, әрі бірге, бірден, бірде, жатқа тәрізді сөздердің мағыналары мен қызметтерінен де осындаи сырлар аңғарылады. Сездерді таптастырғаида, осы айтылғандай, кейбір сездердің, олардың формала- рының ауысуы, саралануы сияқты жағдайлар да еске- рілуі керек.

Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер ең әуе- лі атаушы свздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлінсе, ол топтар лекснка-грамматнкалық жақтарынан сараланып, ішіна- ра тағы да топ-топтарға бөлінеді. Мысалы, атаушы сездер әуелі е с і м д е р және етістіктер деген топ- тарға бөлінсе, есімдердің өздері іштей атаушы есім- Дер және үстешуі есімдер болып жіктеледі. Ал, атаушы есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есім- Дік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер ■Штей үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді.

Сонымен, жоғарыдағылардың бәрін жинақтай кел- t!!eHAe, қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 топка б®лінеді:

133


  1. Зат есім 6. Үстеу сөз

  2. Сын есім 7. Еліктеу сөз

  3. Сан есім 8. Көмекші (шылау) сөз

  4. Есімдік 9. Одағай

  5. Етістік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет