Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері Ғалымның тіл үйретуде «Оқу құралы»


Қазақ оқулығының басында тұр



бет3/3
Дата04.09.2023
өлшемі24,62 Kb.
#106060
1   2   3
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері

Қазақ оқулығының басында тұр 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ оқулықтарының негізін қалаған педагог. Қазір мектепте оқытылып жүрген қазақ тілі оқулықтарының алғашқысын Ахмет ата жазған. 1914 және 1925 жылы қазақ тілінің оқулықтарын жазып шығады.
Ахмет Байтұрсынұлы – ұстаз, ағартушы педагог. Халықтың сауатын ашуды өмірлік мұратына айналдырған.
23 жасында Орынбор қаласындағы мектепті бітіріп, еліне оралғаннан кейін-ақ мұғалімдік жолға түсіп, оқытудың сан түрлі жолдарын қарастырып, қазақ баласының сауатын ашады. 1910 жылы 15 беттік "Баяншы" кітапшасын, 1912 жылы "Оқу құралы" мен 1926 жылы "Сауат ашқыш" іргелі еңбектерін, 1928 жылы "Тіл жұмсар" әдістемелік нұсқауын шығарады. Осылайша төл әдістемелік нұсқау жасап шықты. "Оқу құралы" жұртшылыққа ұнағаны сонша – әлденеше рет баспадан шығып, халыққа таратылады. Ахмет Байтұрсынұлы этнопедагогика мен этнопсихологияны игерген жан. Сол арқылы қазақ ұлттық мектебін түзуге, қазақ балаларының сыни ойлауын қалыптастыруға ұмтылған.

  1. Мәдениеттану ғылымының алғашқы өкілі 

Ахмет Байтұрсынұлы – мәдениеттанушы ғалым. Мәдениеттану бойынша курс оқыған. "Мәдениет тарихы" атты кітап жазған. Алайда ол да жоғалып кеткен. Ғалымдар оны таба алмай жатыр. 

  1. Географ-астроном

Ахмет Байтұрсынұлы – географиядан да хабардар болған жан. Ғалымның "Шаруа өзгерісі" атты шағын еңбегі бар. Сонда Қазақстанның жағырапиялық орналасуы мен климаты, табиғаты мен топырағы жайлы кең мағлұмат береді. Зерттеушілердің айтуынша, А.Байтұрсынұлы қазақ даласының географиялық ерекшелігі туралы терең білген әрі оны үнемі зерттеп, ұдайы назарда ұстаған секілді. Тіпті, ХХ ғасыр басында қазақ даласының географиялық ерекшелігін дәл Ахметтей терең білген қазақ зиялысы болмаған көрінеді.

  1. Алғашқы ғылым министрі

Қалай десек те, Ахмет Байтұрсынұлы – өте күрделі кемеңгер тұлға. Біреу білер, біреу білмес. Ахмет Байтұрсынұлы – алғашқы ғылым және білім министрі болған жан. 1920-1922 ж.ж. Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы қызметін атқарады. Бұл орталық қазіргі білім министрлігімен тең ұжым. Халық ағарту комиссиариаты жанынан құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) тұңғыш төрағасы ретінде Қазақ елінің ғылымын академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. Ахмет Байтұрсынұлының бастауымен Алашорда қайраткерлері әр салада ғылыми зерттеу жасап, оқулық жазуға кіріседі. Реформатор-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы "Ана тілі айбары" төс медалі және "Ғасыр саңлағы" алқа белгісімен марапатталды.
ХХ ғасыр басында Ресей академиктері – А.Н.Самойлович, Е.Поливанов, Н.Яковлев, А.Кононов өз зерттеулерінде А.Байтұрсынұлының еңбегін жоғары бағалаған.
Қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері АҚШ-тың Колумбия университетінде, Жапонияның Хоккайда университетінде, Түркияның Ыстамбұл университеті мен Ресей Ғылым Академиясында сақтаулы тұр.
Осыншама мұра қалдырған Ахмет ата айдау мен қудалауға түспей, еңбек еткенде, қаншама мұрағат, қат-қат кітап қалдырар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет