Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет16/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
ІІІ. Жалғаулық 
Кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты басқа 
сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағана шықпайды. Сондай 
сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз. 
Мәселен: менен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы. 
«Менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып та 
айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, жалғаулық сөздердің астын 
сызып көрсетіңдер. 
Күштіменен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама, күйерсің, 
баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер тақырыпты. Олардың 


32 
дауы жесір тақырыпты. Хабарды телеграф арқылы алдым, хатты почта 
арқылы алдым. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін жоқ-барды, ертегіні 
термек үшін, Сезімді көкірегі, тілі орамды жастарға жаздым үлгі бермек 
үшін. Ат туралы сөзді қысқарталық. Қолымен істегенді мойынмен 
көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр. 
IV. Одағай сөз
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. Мәселен, 
апырым-ай, шошып кеттім ғой. Ай-қай-қай! Жаным жаңа райыс тапты 
ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз үйім. Әлди-әлди! Ақ бөпем. 
Пай-пай! Қалай аяңдайды? Ау-қау! деп дауыстап еді, сиыр мөңіреді. Тарс-
тұрс еткен мылтықтың даусы естіледі. Сорап! Сорап! деген дауыс 
құлағыма келді.
Апрым-ай! Ай-қай-қай! Ай-қай! Әлди-әлди! Пай-пай! Ау-қау! Тарс-
тұрс! Сорап! Сорап! Осылай айтылатын сөздерді одағай сөздер дейміз. 
Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы 
жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда, тән рахат тапқанда 
шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер, жанды һәм сөздер, 
хайуандарға айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі одағай табына 
кіреді. Мәселен: әһ! Ах! Ой-бай-ай! Жаным-ай! Құдайым-ай! Апырым-ай! 
Ау! Отағасы-ау! Апырым-ау! Ай-қай! Е-е-е! Ой тәңірім-ай! Ойбай-ай! 
Күс-күс! Құр-құр! Хош! Қош, қош! Қош! Құру! Шөре-шөре! Ау-қау! 
Сорап! айт-айт! Тарс-тұрс, дүңк-дүңк, сықыр-сықыр, тырс-тырс, сарт-
сұрт, қаңқ, пыс-пыс. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп ішіндегі одағай сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Алақай! Әкем кітап әкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетті. Бұ 
қорлыққа қалай шыдармын, ойбай! Уһ! Жаңа адам болдым ғой. 
Жарықтық-ау! Не істе дейсің? Ой тәңірі-ай! Жоқ сөзді айтқаны несі. 
Апырым-ау! Мына бала таласады. Ойбай-ау! Құдай-ау! Мынасы кім еді?
Е-е-е! Манағы көрген адамым сол екен ғой. Қой! Жай отыршы. Күс-күс! 
Жануар. «Әукім-әукім» деп еді, сиыр тыпырлағанын қойды. «Сорап-
сорап» деген дауысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп 
жатыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шөк-шөк!» деп тұрғайсың. Қамыс 
ішінен «тарс-тұрс» еткен мылтық даусы шықты. «Күмп-күмп» пісіп 
сабадан қымыз құйды.
Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік жаман 
жерге енді сақтан. Айқай! Менің өз үйім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет