Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет13/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

ІV. Есімдік 
 
Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына 
жүргендіктен, есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр» дегеннің орнына 
«ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің орнына «мен» деймін, 


28 
«шәкірт» дегеннің орнына «сен» деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге 
есімдердің орнына жүретін болғандықтан, есімдік деп аталады. 
Мәселен, есімдік сөздер: Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не, қайсы, 
қандай, өзім, өзің, өзі, бұл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі, менікі, сенікі, оныкі, 
өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі есімдік сөздерді айырту. 
Әрі жат, бері жат демек - төсек тарлығы, сенікі, менікі демек кеңіл 
тарлығы. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде
анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр өз тілінен 
қыршаңқы болады. Не ексең, соны орарсың. Кім мықты, кім нашары 
мәлім болар, түскенде той томаға белін буып. Үйдің жылы-суығы қыс 
келгенде білінер, кімнің алыс-жуығы іс келгенде білінер. Аттың бәрі 
тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес. Сіз деген — әдет, біз деген — 
көмек. Бүгін айдың нешесі? Қара қайсы? Хан қайсы? Елді ойлаған жан 
қайсы? Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырлайсың. Оны тастап, 
мұны алдың, мұннан тағы құр қалдың. Өзі қандай болса, сөзі сондай. Сен 
сұңқарсың, мең қумын. Саған дұшпан, маған жау. Жылқыда тұлпар сен 
едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астымда сау тұрсаң, қыдыра жалды қыл 
құйрық сенен озбас деп едім; аяғы екеу бір басты менен озбас деп едім. 
Бұл сөздің бәрі де рас, емес жалған. 
V. 
Етістік 
 
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен, арт, тарт, ал, ұр, 
саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз, көр, 
қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда, сескен, ұлы, өлше, кеп, біл, сыз, бер, бас, 
ұста, ұр, ти, ой, күт, тұр, өр, шақ, жап, жек, бар, кет, тара, қара, жап, жала, 
күй, жап, қой, той, сой жой, жуу, бу, қу, жи, тый, қи, ки, ій. Мұндай сөздер 
етістік сөз деп аталады. 
Етістік сөздердің сұрауы: не етпек? не істемек? не қылмақ? не 
болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы: не етпек? 
Мысалы: 1) «Қар жауады, кетеді» «Қар не етеді? — «жауады», «Қар не 
етеді?» - «кетеді». «Қой маңырайды, түйе боздайды, «Қой не істейді?» - 
«маңырайды». «Түйе не істейді?» - «боздайды». «Күн күркірейді», «Күн 
не қылады?» - «күркірейді». «От сөнді, ел жатты». «От не қылды?» сөнді». 
«Ел не қылды?» — «жатты». «Жас өсер, жарлы байыр», «Жас не қылар?» 
— «өсер», «жарлы не қылар» — «байыр». «Жауады», «кетеді», 
«маңырайды», «боздайды», «күркірейді», «жатты», «сөнді», «өсер», 
«байыр» деген сөздер не етеді? не істейді, не қылады? деп сұрағанға 
жауап һәм өздері істеген істі атайтын сөздер. Сондай не етпек? не істемек? 


29 
не қылмақ? деген сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі де етістік 
болады. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді айырту. 
Қайсысы зат есім, қайсысы етістік? 
Кісі сөйлейді, түйе боздайды; ит үреді, қой маңырайды, қозы 
жамырайды. Бала ойнайды. Мен жүремін. Сен жүгіресің. Ол жазып отыр. 
Бұл оқып отыр, Бірман күліп тұр, Нұрман жылап тұр. Жел соғып тұр. 
Боран бұрқырап тұр. Көкті бұлт торлады. Күн шықты, тұман сейілді, жұрт 
оянды, төсектен тұрды. Мал өрді, өріске кетті. Нұрман киінді, жуынды, 
шай ішті, кітаптарын алды, оқуға кетті. Жаз болды. Қар еріді. Сулар ақты. 
Өзендер тасыды. Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді. Мал тойынды. 
Малшы мал бағады. Жыршы өлең айтады. Домбырашы күй тартады. 
Егінші егін егеді. Хатшы қағаз жазады. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын сызып 
көрсетіңдер. 
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. Күн 
жазға айналды, ет азға айналды. Сай сайға құяды, бай байға құяды. Оңқа 
ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Көп азға қылған зорлығын айтады, аз 
кептен көрген қорлығын айтады. Жыртық тесікке күледі. Тез қасында 
қисық ағаш жатпайды. Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған 
өлеңші болар. Ерінбеген етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс түскенде 
көреміз, батырсынған жігітті іс түскенде көреміз. Жер таусыз болмайды, 
ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған көшірер, отты қозғаған өшірер. Құр 
қасық ауыз жыртар. Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Есек түйе 
болмайды, сиыр бие болмайды. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. 
Аталы сөзді арсыз қайырар. Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді. 
Бірлік болмай, тірлік болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды берме. 
Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрысыз болмас, тау берісіз 
болмас. Ордалы құлан ақсағын білдірмес. Жалт-жұлт етеді, жалмай 
жұтады. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет