70
Табыс жалғау
Нешіншіні?
Тоғызыншыны
Нешіншілерді?
Тоғызыншыларды
Жатыс жалғау
Нешіншіде?
Тоғызыншыда
Нешіншілерде?
Тоғызыншыларда
Шығыс жалғау
Нешіншіден?
Тоғызыншыдан
Нешіншілерден?
Тоғызыншылардан
Дағдыландыру. Басқа реттіктерді алып, осы үлгі бойынша
жалғаулату.
«-тық» жұрнағын жалғап, «алпыстық» деген: алпысқа жүретін
заттың есімін атау үшін; «Жетпіс» деген сөзге «-тік» жұрнағын жалғап,
«жетпістік» деген жетпіске жүретін затты атау үшін уа ғайри сондай.
Дағдыландыру. Сан есіміне «-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік)
жұрнақтарды жалғату.
2) «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ. Бұл жұрнақ сан есіміне
жалғанады: кілең сол санмен есептеу үшін. Мәселен: «Жиырма» деген
сөзге «-ла» жұрнағын жалғап, «жиырмала» дейміз, кілең жиырмамен
есептеу үшін; «Екі» деген сөзге «-ле» жұрнағын жалғап, «екіле» дейміз,
кілең екімен есептеу үшін; «Тоғыз» деген сөзге «-да» жұрнағын жалғап,
«тоғызда» дейміз, кілең тоғызбен есептеу үшін; «Сегіз» деген сөзге «-де»
жұрнағын жалғап, «сегізде» дейміз, кілең сегізбен есептеу үшін; «Қырық»
деген сөзге «-та» жұрнағын жалғап, «қырықта» дейміз, кілең қырықпен
есептеу үшін; «Үш» деген сөзге «-те» жұрнағын жалғап, «үште» дейміз,
кілең үшпен есептеу үшін уа ғайри сондай.
І. Ескерту. «-ла» (-ле) жұрнақ жадағай сан есіміне жалғанса, сол
санда болып, іс етуді көрсетеді. Мәселен: «Екеу» деген сөзге «-ле»
жұрнағын жалғап, «екеуле» десек, екеу болып істе деген мағынада;
«Алтау» деген сөзге «-ла» жұрнағын жалғап, «алтаула» десек, алтау болып
істе деген мағынада.
ІІ. Ескерту. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ орнына «-дан» (-ден),
«-нан» (-нен) жалғаулар да айтылады. Мәселен: «Алтыла» дегеннің
орнына «алтыдан» есепте дейміз; «Жетіле» дегеннің орнына «жетіден»
есептейміз. Көбінесе бұл жалғаулармен айтылғанда сөз қайта айтылғаннан
кейін жалғау қосылады, мәселен: «алты-алтыдан», «жеті-жетіден»,
«тоқсан-тоқсаннан», «сексен-сексеннен» уа ғайри солай.
Дағдыландыру. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақтарын жай санға
һәм жадағай санға жалғату.
Достарыңызбен бөлісу: