Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет26/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

 
Сан есім 
 
Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер. Есебін 
көрсететін сөздер, мәселен: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, 
он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, 
миллион, түмен. Бұлар есептік деп аталады. 
Ретін көрсететін сөздер, мәселен. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 
бесінші, 
алтыншы, 
жетінші, 
сегізінші, 
тоғызыншы, 
оныншы, 


67 
жиырмасыншы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші, 
сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы, миллионыншы. Бұлар, 
реттік деп аталады. 
Есептік сан екіге бөлінеді: 
Бірі – жоғарғы көрсетілген қалыпта айтылады. Ол жай есептік. 
Екіншісі – зат есімге тіркелмей сөйленетіндігінен басқарақ айтылады: бір 
– біреу, екі – екеу, үш – үшеу, төрт – төртеу, бес – бесеу, алты – алтау, 
жеті – жетеу делініп. Бұлайша айтылу жетіге шейін-ақ бар. Бұлар жадағай 
есептік деп аталады.
Есептік үлкендете саналады, мәселен: «он бір» дегенде әуелі үлкенін 
айтып, сонан соң кішісін айтамыз: ол «онның» «бірден» үлкендігінен. 
«Елу алты» дегенде әуелі «елуді» айтып, сонан соң «алтыны» айтамыз: ол 
«елудің» «алтыдан» үлкендігінен. «Жүз елу» деген, әуелі «жүзді» айтып, 
сонан соң «елуді» айтамыз: ол «жүздің» «елуден» үлкендігінен. 
Реттік те үлкендете саналады, мәселен «он бірінші» дегенде, әуелі 
«онды» айтып, сонан соң «бірінші» дейміз. «Жүз елуінші» дегенде, 
«жүзді» «елуіншіден» бұрын айтамыз. Реттікпен саналғанда есептікпен 
саналғандай айтылып келіп, ең ақырғы сөздің аяғына реттік жұрнағы
«-ншы» жалғанады. Мәселен: «мың тоғыз жүз он төртінші», «мың тоғыз 
жүз он бесінші» дегендей. 
Бұлардан басқа нәрсенің бүтіні емес, бөлімтігінің санын көрсететін 
сөздер бар. Олар темілдік аталады. Темілдік сан: жарты, жарым, ширек. 
Қазақ тілінде темілдік санның есімі тіпті аз. 
Сан есім жалғаулары зат есім сын есім жалғауларымен бірдей. 
Айтылуына қарай жалғаулар, я тікелей санға жалғанады, я жанындағы 
басқа есімге жалғанады. Жадағай есептік басқа есімге қосарланып 
айтылмайтын болғандықтан, жалғаулар оларға қай кезде де өзіне 
жалғанады, мысалдар алып, қарайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет