Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет3/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Сөз мүшелері 
Сөйлеу һәм сөйлем
1) Жер жұтуға тоймайды; От отынға тоймайды; Құлақ естуге 
тоймайды; Кісі ойға тоймайды; Бөрі қойға тоймайды. 
Бұл сөйлеуде бес сөйлем сөз бар. 
2) Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар; Бурыл атта бұғау 
бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге, балға бар, сом-сынғанға Алла бар. 
Бұл сөйлеуде алты сөйлем сөз бар. 
Жоғарыда жазылған екі сөйлеуден көрінеді: бір сөйлеудің ішінде 
бірнеше сөйлем болатындығы. Алайық тағы да басқа бір сөйлеу, мәселен, 
«Аш бала тоқ баладай ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» 
деген мақалды.
Бұл сөйлеудің ішінде екі сөйлем сөз бар. Оның бірі: «Аш бала тоқ 
баладай ойнамайды». Екіншісі: «Тоқ бала аш болам деп ойламайды». 
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлеулердің һәр қайсысының 
ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балаларды дағдыландыру керек. 
Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Жоқтық ұят емес, 
байлық мұрат емес. Мал — жаным садағасы, жан — арым садағасы. 
Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас. Тура биде туған жоқ
туғанды биде иман жоқ. Сай сайға құяды, бай байға құяды, өзен өзенге 
құяды. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа 
ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар 



ұятқа. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, 
атаңнан қалған құл емес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді, енең 
жаман кісі еді: Мәскеудің қара күңі еді. Іш қазандай қайнайды, күресуге 
дәрмен жоқ, қоян қолтық алысып, жығылсаң да арман жоқ. 
Сөйлем һәм сөз 
Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады. Мәселен, «Аш бала тоқ 
баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз бар: 1) аш, 2) бала,
3) тоқ, 4) баладай, 5) ойнамайды.
Алайық, «Тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген сөйлемді. 
Мұның ішінде алты сөз бар: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам, 5) деп,
6) ойламайды. 
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлемдердің һәр бірінің ішінде неше 
сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар. Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс 
өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорғадан жортақ туар, 
хас батырдан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ туар. Өз ақылын 
шамалаған қор болмас. Өзі білмес, өзгенің тілін алмас. Тентектің ақылы 
түстен кейін енеді. Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер 
ұятын өзі біліп жуса игі. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. 
Көп баланың ішіндегі қарт — бала болар, көп қарттың ішіндегі бала — 
дана болар. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. Жібекті 
сақтай білмеген жүн етеді, қызды сақтай білмеген күң етеді. 
Сынау. Төмендегі сөйлемдер ішінде неше сөзден бар екенін айырып, 
һәр сөйлемнің ішіндегі сөздерді бастан-аяқ нөмірлеп, жақша ішіне 
нөмірлерін қойып жазыңдар. 
Үлгі: «Балалы үй базар» жазу керек: 1) балалы, 2) үй, 3) базар. 
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер таусыз 
болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып 
секіреді. Шам жарығы түбіне түспес. Аузы жаман елді былғар, аяғы 
жаман төрді былғар. Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. 
Екі қатын алғанның дау үйінде, жаман қатын алғанның жау үйінде. 
Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Төс табаны жайылған атан жүрер жол 
екен, төсегінен айрылған адам жүрер жол екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет