210
Жазу мәселесі
Ғ.Муси мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ
аяғындағы пікірінен қорытып шығарғанменен, айғақ жері турасында
сөйлеймін. Ол екеуміздің айырылатын жеріміз: ол
у орнына
و
-ды алады
да, о үшін «
ؤ
»-ды алалық, иаки басқа бір белгі жасалық, мәселен,
و
-дың
құйрығын қайырып қойалық дейді. Мен
у-дың орнына
ؤ
-ды аламын,
о-ның орнына
و
-ды аламын. Менің олай еткенім: о дыбысы қазақ сөзінде
анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің о дыбысы келетін жерлерімізге
толық у
келеді, мысалы: біз
توا
(от) дейміз, ноғайлар
توا
(ут) дейді.
Біздер
قوت
(тоқ) дейміз, олар
قوت
(туқ) дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ,
біз өзімізше о етіп оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше у етіп
оқуына кемшілігі жоқ. У біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің у
дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа у келеді. Мысалы:
،روج
روت
ноғайлардың «Ақ жол» журналында қарасаңыз,
و
әм
ؤ
қаріптерін нақ
бізше жазып отыр; ол бірімізден-біріміз көріп алып отырған емес,
екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы,
о-ның орнына
و
-ды алып, у-дың орнына
ؤ
алғаннан қазақ тіліне келер
кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл
келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келудің қажеті жоқ.
Бұл
ؤ
-дың Ғ.Муси мырзаға ұнамайтын жері:
و
үстіне үтір қойып
жату қиын дейді. Онысы онша дәледі сөз емес деймін, үйткені орыс
сөздері үшін
و
үстіне үш нүкте қойып
ؤ
ғып жазуды қиынсынбағанда,
қазақ
сөзіне дегенде
و
үстіне бір үтір қойыу қанша қинар екен. Керек
болған соң
ج
-ды
چ
етуді,
ز
-ды
ژ
етуді,
ك
-ны
ڭ
етуді қиынсынбаған жол
бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын?
2-ші айрылатын жеріміз: ы дыбысының қарпі сөздің басында,
ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен ы дыбысының қаріпі
ى
болсын
да, ол сөздің айағында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол
жазылмағанда,
сөздің мағанасы бұзылып, кемшілік келерлік болса,
жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағанасына кемшілік
келмесе, жазуға жеңілдігі болса, ы дыбысының қаріпін жазбағанда не
залал көреміз деген ойым еді. Мысалы:
قلشمسﯿق
,
ريا
ﭼﻧيﻛ
كﯿلي
қаріптерін
түгел жазсақ, бұлай жазылмақшы:
ﭼميﺳيﻘ
قﯿلي
,
ريا
ﭽﻨﻛ
كل
. Осы сөздерді
ي
-сіз
жазсақ та мағанасы бұзылмайтын болған соң,
ي
-ді жазбасақ та болмай ма?
деген едім: мысалы:
ﭽمﺳﻘ
قل
,
ريا
ﭼﻧيﻛ
كل
деп жазсақ кемшілік болар ма?
211
3-ші айырылатын жеріміз: мен е дыбысына
ﯿ
،
ي
-лерді аламын,
Ғ.Муси мырза
ﯿ
،
ي
-лерді алайық дейді. Мен
ﯿ
،
ي
-лер сөздің бас буынында
жазылсын, басқа буындарында
،ﻩ
ﻪ
жазылсын деймін. Ғ.Муси мырза
сөздің айағынан
басқа жердің бәрінде жазылсын, айағында ғана
،ﻩ
ﻪ
жазылсын дейді. Меніңше, мысалы:
ﭽ
ﻩرو
گ
،ك ﻩرﯿﻛ ،ىدلﯿﻛ
ك ﻪسيا ،ك ﻪسﯿﻛ
деп жазбақшымын, оныңша:
ﻩرؤج
گ
كﺳا ،كسﻛ ،ىدﯿﻛ ،كيرﻛ ،ىدلﻛ ،ى
. Ноқат
қойудан қоймай жазудың жұмысы аз болғанмен, оның жаттығы мол емес
пе?
ﭼ
ك ﻪتﯿج ك ﻪسئا ،ك ﻪلي
деп жазсақ, бұрынғы шелек, есек, жетек деп
жүрген күйінде оқыр, егерде
،كتج
ﭽ
كﺳأ ،كل
деп жазсақ, жетек, шелек, есек
мағанасында оқымай, жетік, шілік, есік мағанасында оқулары ықтимал.
Мен хәріфтерді өзгерткенде, қалық жатсынбай, қат білетін адамдар
үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім.
Бұрынғы
ي
،
ي
-лерді
оқып жүргендер
ي
،
ي
-лерді оқып кетеді, бұрынғы
و
-ды оқып жүргенде
ؤ
-ды
да оқып кетеді;
ي
،
ي
-лерді үйретпей, е, ы деп оқып кетер деп айта
алмаймын.
Мен
ي
،
ي
бұл белгілерін былтыр әліппе жазып жүргенде, е емес, ы
орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім.
Мысалы:
سيريا ،قيرا ،قﯿسﯿم
деген сөздерді
سرا ،قرا،قسم
деп жазсақ,
екеуін де оқшылар бірдей оқиды ғой деп
ي
،
ي
-лерді алмай тастап едім.
Түбінде бұл белгілер алынатын болса, е
дыбысына емес, ы дыбысына
алуға лайық: үйткені ы орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы
ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: