Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал


ب (б) харфінің нүктесін өзгертіп,  پ



Pdf көрінісі
бет19/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

ب
(б) харфінің нүктесін өзгертіп, 
پ 
(п) жасаған. 
ج
харфінің нүктесін өзгертіп, 
چ 
(
ш
) жасаған; 
ک 
(к) харфінің үстін қосарлап 
گ
(г) жасаған; 
ک
(к) харфінің үстіне үш нүкте қойып 

(ң) жасаған. Осы 
даяр харіфтерді біз де қабыл етеміз. 
Дауысты дыбыстардың харіф жетпейтіндері үшін мұндай арналған 
даяр харіфтер жоқ. Олай болған соң, жоғарғы үлгі бойынша араб 
әріптерінің негіз тұлғасын бұзбай, шет пұшпағын ғана өзгертіп дауысты 
дыбыстарға да харіф арнау тиіс. 
1) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: ат, жат, боран деген 
сөздерде: 1-сөзде ең әуелі естілетін, 2-сөзде «ж»-дан соң естілетін, 3-сөзде 
«р»-дан тең естілетін дыбыс; бұл дыбыс орысша «а» харфімен жазылады. 
Араб харфінен бұл дыбыс үшін 
ا
(а) харфін арнадық. 


35 
2) Араб харфі келмейтін дауысты дыбыс: боқай, тоғай, қомағай деген 
сөздерде: 1-сөзде «б»-ның соңында, 2-сөзде «т» соңында, 3-сөзде «қ»-ның 
соңында естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «о» харфімен жазылады. 
Араб харфінен бұл дыбыс үшін жарты дауысты 
و
харфін арнадық. 
Басқаны алмай мұны алудағы мәніс: жарты дауысты 
و
дыбысы қазақ 
сөзінде дауысты дыбыстардың соңында ғана айтылады; «о» дыбысы қазақ 
сөзінде һеш орнында дауысты дыбыстан соң айтылмайды. Олай болған 
соң дауысты харіфтің соңындағы 
و
харфін «о» шығар деп күдіктенуге 
орын жоқ, дауыссыз харіфтің соңындағы 
و
харфін жарты дауысты 
و
 
шығар деп күдіктенуге орын жоқ. 
3)Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тұмсық, сұйық, жұмыс 
деген сөздерде: 1-нші сөзде «т»-ның соңында, 2-нші сөзде «с»-ның 
соңында, 3-нші «ж»-ның соңында естілетін дыбыс, Бұл дыбыс орысша «у» 
харфімен жазылады. 
Араб харфінен бұл үшін «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет