Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


نوج  (жон-арқа),  ء نوج


бет116/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

نوج 
(жон-арқа), 
ء
نوج
 (жөн-түзу, дұрыс), 
زوب
 (боз - түс), 
ء
زوب
 (боз - шүберек) 
لوب
 (бол-істе, 
бітір), 
ء
لوب
  (бөл-бөлекте)  деген  сөзімізді  алалық.  Бұлардың  біреулері 
жуан,  біреулері  жіңішке.  Жуандарынан  жіңішкелерін  айыру  үшін  не 
тәртіптер салынған, айтсаңыз екен. Менің «  ً»-ні «
ا
»-тің үстінен алып сөз 
алдында қойғаным мәнісі  –  «  ً»-ны жалғыз  «
ا
»-тің үстіне қойсақ, жалғыз 
«
ا
»-ті  жіңішкертуге  ғана  жарайды,  өзгелерді  жіңішкерту  үшін  де  тағы 
басқа  белгі  алу  керек  болады.  Мен  оларға  басқа  белгі  алынбай,  осы  «  ً» 
бәріне де жарайтын болсын деймін. Олай болуы үшін «  ً» жалғыз «  ً»-тің 
үстінде  тұрмай,  сөздің  алдында  тұрсын  деймін.  «  ً»  қоюдың  асыл 
мағанасы жіңішкерту ғой, болғанда «  ً» жіңішкелік белгісі. Бұл белгі сөз 
алдында тұрса, келесі кейінгі сөз жіңішке екендігін біліп, жіңішке оқырға. 
Ахметһазиде  хәріпті  қалыңдату  үшін  үстіне  нүкте  қоймай  ма?  Ол  не 
қағидамен қалыңдық нүктесін қойған? 
 
Бұлардан  басқа  сізге  күлкі  көренген  мынау  болса  керек:  «менің 
айтқандарымды  дұрыс  емес  дегендер  наху,  сарф  қағидаларынан  ыспат 
көрсетіп,  дұрыс  емес  жерін  айтсын»  деген  сөз.  Наху,  сарф  дегеніміз  тіл 
законының ғылымы. Тіл болса, оның законы боларға керек. Законы болса, 
оның    ғылымы  боларға  керек.  Су  тоңса  –  мұз  болмақшы,  хлор  менен 
натрий  қосылса  –  тұз  болмақшы,  бұлар  табиғаттың  законы.  Осындай 


325 
 
закон тілде де бар. Хлор менен натрий қосылса, тұз болатындығын байқау, 
қарау, іздеуменен тапқан. Тілдің де законы сол жолменен табылады. Қазақ 
тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып кірмейді. Бұл 
тіліміздің законы емес пе? Осындай закон тауып жазсақ, айтсақ, ол наху, 
сарфтың  қағидасы  емес  пе?  Наху,  сарфты  мен  грамматика  мағынасында 
тұтынамын.  Басқа  жұртта  грамматика  үшке  бөлінеді:  фонетика, 
морфология,  синтаксис.  Менің  бұрынғы  жазған  һәм  осы  жолы  жазған 
сөздерім  фонетикаға  тиісті  сөздер.  Фонетиканың  қарастыратыны  тілде 
қандай  дыбыстар  бар,  олар  қалай  сөз  ішінде  байласады.  Біздің  сөйлеп, 
қарастырып отырғанымыз қазақ фонетикасы. Сіздің  ойыңыздың қателігін 
мен  көрсетерге  керек,  фонетикадан    ыспат  келтіріп.  Менің  ойымның 
қателігін сіз көрсетуге керек, фонетикадан ыспат келтіріп. Бұлай деп сізді 
тағы «қорқытамын». Сіздің қорықпайтын батыр екендігіңізді көрдім. Көре 
тұра қорқытатыным, өткен жолы шаншып алатын найзаңызбен бұлтарып 
кететін  айдаңызды  көрсеттіңіз.  Бұлардан  басқа  өнерлеріңізді  де  көрмек 
үшін.  
 
Мен  ойлаймын  сіз  менім  кейбір  сөздерімді  теріс  түсініп,  теріс 
кеттіңіз-ау  деп.  Сіздің  қата  түсінген  жерлеріңіз  мынау  шығар  деймін: 
әуелі  мұсылманша  оқудың  бұлғалақ-шырғалағы  көп  деген,  екінші  –  араб 
әліппесі  дінменен  байласқан,  онан  басқа  әліппені  қазақ  қабылдамайды 
деген,  үшінші  –  қазақ  тілінен  шығарып  тасталатын  хәріпті  қазаққа  тіпті 
білуге керегі жоқ – деп, айтады деген шығарсыз. 
 
Русша, мұсылманша оқу жайын сөйлегенде басқалар емес, қазақ бұл 
оқуларды  қалай  оқып  жүргенін  айтамын.  Басқа  жұрттың  мұсылманша 
оқуы  кемелденген  шығар,  оған  таласпаймын,  бірақ  қазақ  арасында 
мұсылманша  оқу,  азын  алмай,  жалпақ  көбін  алғанда,  баяғы  «қызғаныш 
заманның»  оқуынан  алысқа  кете  қойды  дей  алмаймын.  Усул  жәдит  яки 
төте  оқу  жолы  бар  екенін  білеміз,  бірақ  сол  қазақ  арасында  аз  таралған 
соң, біздің мақсатымыз да сол  – оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул 
жәдит жолын сіз 28 хәріп оқыту мағанасында ұқсаңыз, оныңыз қата, усул 
жәдит – жаңа жол. Ахметһази кітабында сіздің көрсеткен хәріптеріңізден 
басқарақ хәріптер бар. Мысалы: «

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет