Қалау рай
Қалау рай дейміз – істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін сөз түрін.
Мәселен: барсам екен, бармасам екен; Айтсаң екен, айтпасаң екен;
Білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады.
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра
деген сөздерді басқа райларда көрсеткен үлгі бойынша болымды-
болымсыз түрлерде, жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу.
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып жоғарғы үлгілер
бойынша қалау раймен жіктету.
Сенімді рай
Сенімді рай дейміз – істің іселу-істелмеуіне көңіл сеніп сөйлегенде
айтылатын сөз түрін. Мәселен: алғаймын, алмағаймын, тұрғайсың,
тұрмағайсың, болғай, болмағай деген сияқты сөздер сенімді рай болады:
жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра деген
сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз түрлерінде
жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу.
Дағдыландыру үшін һәр етістен сөздер алып, сол үлгілер бойынша
қалау раймен жіктету.
96
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |