Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет40/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
 Қалау рай 
 
Қалау рай дейміз – істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін сөз түрін. 
Мәселен:  барсам  екен,  бармасам  екен;  Айтсаң  екен,  айтпасаң  екен; 
Білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады. 
Жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра 
деген  сөздерді  басқа  райларда  көрсеткен  үлгі  бойынша  болымды- 
болымсыз түрлерде, жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру  үшін  һәр  етістен  сөздер  алып  жоғарғы  үлгілер 
бойынша қалау раймен жіктету.  
 
Сенімді рай 
 
Сенімді  рай  дейміз  –  істің  іселу-істелмеуіне  көңіл  сеніп  сөйлегенде 
айтылатын  сөз  түрін.  Мәселен:  алғаймын,  алмағаймын,  тұрғайсың, 
тұрмағайсың,  болғай,  болмағай  деген  сияқты  сөздер  сенімді  рай  болады: 
жаз, жыла, күрес, жуын, қаздыр, жатқыз, жегіл, шапқыла, алыңқыра деген 
сөздерді басқа райлардағы үлгі бойынша болымды - болымсыз түрлерінде 
жекеше, көпше, үш жақпен айтқызу. 
Дағдыландыру  үшін  һәр  етістен  сөздер  алып,  сол  үлгілер  бойынша 
қалау раймен жіктету.  
 


96 
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет