Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал


бет37/127
Дата01.04.2022
өлшемі
#29535
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127
Сілтеу есімдігі 
 
Сілтеу есімдігі дегеніміз – ол нәрсені көрсеткенде айтылатын сөздер. 
Мәселен,  жақын  нәрсені  көрсеткенде:  осы,  бұл,  мынау,  сол,  анау  деген 
сөздер сілтеу есімдігі болады.  
Сілтеу  есімдігінің  де  жалғыз  жалғаулары  ғана  өзгеріліп  қана 
қоймайды, өздері де өзгеріңкірейді. Мысалмен көрсетейік:  
 
1) «Осы» деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Қайсы? Осы  
Осылар 
Ілік жалғау 
Қайсының? Осының 
Осылардың 
Барыс жалғау 
Қайсыға? Осыған (осыға орнына) 
Осыларға 
Табыс жалғау 
Қайсыны? Осыны 
Осыларды 
Жатыс жалғау 
Қайсыда? Осында (осыда орнына) 
Осыларда 
Шығыс жалғау 
Қайсыдан? 
Осынан 
(осыдан 
орнына) 
Осылардан 
 
2) «Бұл» деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Қайсы? Бұл 
Бұлар 
Ілік жалғау 
Қайсының?  
Бұның (бұлдың орнына) 
Бұлардың 
Барыс жалғау 
Қайсыған? Бұған (бұлға орнына) 
Бұларға 
Табыс жалғау 
Қайсыны? Бұны (бұлды орнына) 
Бұларды 
Жатыс жалғау 
Қайсыда? Мұнда (бұлда орнына) 
Бұларда 
Шығыс жалғау 
Қайсыдан? бұнан 
Бұлардан 
 
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «сол» деген сөзді жалғаулату. 
3) «Мынау» деген сөз  Жекеше 
Көпше 
Атау 
Қайсы? Мынау  
Мыналар 


74 
 
Ілік жалғау 
Қайсының? Мынаның 
Мыналардың 
Барыс жалғау 
Қайсыған? Мынаған 
(мынаға орнына) 
Мыналарға 
Табыс жалғау 
Қайсыны? Мынаны 
Мыналарды 
Жатыс жалғау 
Қайсыда? Мынада 
Мыналарды 
Шығыс жалғау 
Қайсыдан? Мынадан 
Мыналардан 
 
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «ана» деген сөзді жалғаулату. 
 
Сұрау есімдігі 
 
Сұрау  есімдігі  дегеніміз  –  біреуден  бір  нәрсе  туралы  сұрағанда 
айтылатын  сөздер.  Адам  туралы  сұрасақ,  «кім?»  дейміз,  басқа  заттар 
туралы сұрасақ «не?» дейміз. Қай нәрсе екендігін сұрасақ «қайсы» дейміз. 
Нәрсенің сыны тақырыпты сұрасақ, «қандай?» дейміз. Нәрсенің дәл санын 
сұрасақ,  «нешеу?»,  «неше?»  дейміз.  Нәрсенің  дәл  саны  емес,  шамасын 
сұрағанда  «қанша»  дейміз.  Нәрсенің  қатарда  қайсы  екендігін  сұрасақ 
«нешінші?»  дейміз.  Мезгіл  туралы  сұрасақ,  «қашан?»  дейміз.  Кім?  не? 
Қайсы?  Қандай?  Нешеу?  Неше?  Қанша?  Нешінші?  Қашан?  деген  сөздер 
сұрау  есімдігі  болады.  Сұрау  есімдіктерінің  бірсыпырасы  есімдерше, 
бірсыпыралары  есімдікше  өзгереді,  бірсыпыралары  бұлардың  бәрінде  де 
басқаша өзгереді. Мысалмен көрсетейік: 
 
Кім? Не? деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Кім? Не?  
Кімдер? Нелер? 
Ілік жалғау 
Кімнің? Ненің? 
Кімдердің? Нелердің? 
Барыс жалғау 
Кімге? Неге? 
Кімдерге? Нелерге? 
Табыс жалғау 
Кімді? Нені? 
Кімдерді? Нелерді? 
Жатыс жалғау 
Кімде? Неде? 
Кімдерде? Нелерде?  
Шығыс жалғау 
Кімнен? Неден? 
Кімдерден? Нелерден? 
 
Нешеу?Нешінші? 
деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Нешеу? Нешінші? 
Нешеулер? 
Нешіншілер? 
Ілік жалғау 
Нешеудің? 
Нешіншінің? 
Нешеулердің? 
Нешіншілердің? 
Барыс жалғау 
Нешеуге? 
Нешіншіге? 
Нешеулер? 
Нешіншілерге? 
Табыс жалғау 
Нешеуді? 
Нешеулерді? 


75 
 
Нешіншіні? 
Нешіншілерді? 
Жатыс жалғау 
Нешеуде? 
Нешіншіде? 
Нешелерде? 
Нешіншілерде? 
Шығыс жалғау 
Нешеуден? 
Нешіншіден? 
Нешеулерден? 
Нешіншілерден? 
 
Қайсы? Қандай? деген 
сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Қайсы? Қандай? 
Қайсылар? Қандайлар? 
Ілік жалғау 
Қайсының? 
Қандайдың? 
Қайсылардың?  
Қандайлардың? 
Барыс жалғау 
Қайсыған? 
Қандайға? 
Қайсыларға? 
Қандайларға? 
Табыс жалғау 
Қайсыны? 
Қандайды? 
Қайсыларды? 
Қандайларды? 
Жатыс жалғау 
Қайсыда? 
Қандайда? 
Қайсыларда? 
Қандайларда? 
Шығыс жалғау 
Қайсыдан? 
Қандайдан? 
Қайсылардын?  
Қандайлардан? 
 
Кім? Не? деген сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Кім? Не?  
Кімдер? Нелер? 
Ілік жалғау 
Кімнің? Ненің? 
Кімдердің? Нелердің? 
Барыс жалғау 
Кімге? Неге? 
Кімдерге? Нелерге? 
Табыс жалғау 
Кімді? Нені? 
Кімдерді? Нелерді? 
Жатыс жалғау 
Кімде? Неде? 
Кімдерде? Нелерде?  
Шығыс жалғау 
Кімнен? Неден? 
Кімдерден? Нелерден? 
 
Қанша?  Қашан?  деген 
сөз 
Жекеше 
Көпше 
Атау 
Қанша? Қашан? 
Жоқ 
Ілік жалғау 
Қаншаның? 
– 
Барыс жалғау 
Қаншаға? Қашанға?  – 
Табыс жалғау 
Қаншаны? 
– 
Жатыс жалғау 
Қаншада? 
– 
Шығыс жалғау 
Қаншадан? 
Қашаннан? 
– 
 
Сұрау  есімдіктерінің  «қашан?»  дегеннен  басқалары  тәуелді 
қалыппен де айтылады.  


76 
 
Дағдыландыру.  Жоғарғы  жазылған  сұрау  есімдіктердің  бәрінде 
тәуелді қалыппен жалғаулату. 
 
Жіктеу есімдігі 
 
Жіктеу  есімдігі  дегеніміз  –  нәрсенің  жігін  айта  сөйлегенде 
айтылатын сөздер. Мәселен, бәрі, барша. 
«һәр»  деген  сөз  өзі  жіктеу  һәм  басқа  сөздерге  де  қосылып,  жіктеу 
есімдігінің  орнына  жүреді.  Мәселен,  һәр  кім,  һәр  бір,  һәр  қайсысы  уа 
ғайри сондай сөздер.  
Жіктеу  есімдігі  нәрсенің  жігін  бөлетін  себебінен  тәуелдік 
қосымшаларымен айтылады. Мысал келтірейік: 
 
Анайы қалып 
 
«Өз» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
өзім 
өзің 
өзі 
Ілік жалғау 
өзімнің 
өзіңнің 
өзінің 
Барыс жалғау 
өзіме 
өзіңе 
өзіне 
Табыс жалғау 
өзімді 
өзіңді 
өзін 
Жатыс жалғау 
өзімде 
өзіңде 
өзінде 
Шығыс жалғау 
өзімнен 
өзіңнен 
өзінен 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
жоқ 
өздерің 
өздерінің 
Ілік жалғау 
– 
өздеріңнің 
өздерінің 
Барыс жалғау 
– 
өздеріңе 
өздеріне 
Табыс жалғау 
– 
өздеріңді 
өздерін 
Жатыс жалғау 
– 
өздеріңде 
өздерінде 
Шығыс жалғау 
– 
өздеріңнен 
өздерінен 
 
Сыпайы қалып 
 
 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
өзіміз 
өзіңіз 
– 
Ілік жалғау 
өзіміздің 
өзіңіздің 
– 
Барыс жалғау 
өзімізге 
өзіңізге 
– 
Табыс жалғау 
өзімізді 
өзіңізді 
– 
Жатыс жалғау 
өзімізде 
өзіңізде 
– 
Шығыс жалғау 
өзімізден 
өзіңізден 
– 
 
 
 
 


77 
 
Көпше: Атау 
өздеріміз 
өздеріңіз 
– 
Ілік жалғау 
өздеріміздің 
өздеріңіздің 
– 
Барыс жалғау 
өздерімізге 
өздеріңізге 
– 
Табыс жалғау 
өздерімізді 
өздеріңізді 
– 
Жатыс жалғау 
өздерімізде 
өздеріңізде 
– 
Шығыс жалғау 
өздерімізден 
өздеріңізден 
– 
 
Анайы қалып 
 
«Бәрі» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Жоқ 
Жоқ 
Жоқ 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
Жоқ 
Бәрің 
Бәрі 
Ілік жалғау 
– 
Бәріңнің 
Бәрінің 
Барыс жалғау 
– 
Бәріңе 
Бәріне 
Табыс жалғау 
– 
Бәріңді 
Бәрін 
Жатыс жалғау 
– 
Бәріңде 
Бәрінде 
Шығыс жалғау 
– 
Бәріңнен 
Бәрінен 
 
 Сыпайы қалып 
 
«Бәрі» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Жоқ 
Жоқ 
Жоқ 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
Бәріміз 
Бәріңіз 
Жоқ 
Ілік жалғау 
Бәріміздің 
Бәріңіздің 
– 
Барыс жалғау 
Бәрімізге 
Бәрімізге 
– 
Табыс жалғау 
Бәрімізді 
Бәріңізді 
– 
Жатыс жалғау 
Бәрімізде 
Бәріңізде 
– 
Шығыс жалғау 
Бәрімізден 
Бәріңізден 
– 
 
Анайы қалып 
 
«Барша» 
деген 
сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
жоқ 
Баршаң 
Баршасы 
Ілік жалғау 
– 
Баршаңның 
Баршасының 
Барыс жалғау 
– 
Баршаңа 
Баршасына 
Табыс жалғау 
– 
Баршаңды 
Баршасын 
Жатыс жалғау 
– 
Баршаңда 
Баршасында 


78 
 
Шығыс жалғау 
– 
Баршаңнан 
Баршасынан 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
жоқ 
Баршаларың 
Баршалары 
Ілік жалғау 
– 
Баршаларыңның  Баршаларының 
Барыс жалғау 
– 
Баршаларыңа 
Баршаларына 
Табыс жалғау 
– 
Баршаларыңды 
Баршаларын 
Жатыс жалғау 
– 
Баршаларыңда 
Баршаларында 
Шығыс жалғау 
– 
Баршаларыңнан  Баршаларынан 
 
Сыпайы қалып 
 
«Барша» 
деген 
сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Баршамыз 
Баршаңыз 
жоқ 
Ілік жалғау 
Баршамыздың 
Баршаңыздың 
– 
Барыс жалғау 
Баршамызға 
Баршаңызға 
– 
Табыс жалғау 
Баршамызды 
Баршаңызды 
– 
Жатыс жалғау 
Баршамызда 
Баршаңызда 
– 
Шығыс жалғау 
Баршамыздан 
Баршаңыздан 
– 
 
 
 
 
Көпше: Атау 
Баршаларымыз 
Баршаларыңыз 
жоқ 
Ілік жалғау 
Баршаларымызды  Баршаларыңыздың  – 
Барыс жалғау 
Баршаларымызға 
Баршаларыңызға 
– 
Табыс жалғау 
Баршаларымызды  Баршаларыңызды 
– 
Жатыс жалғау 
Баршаларымызда  Баршаларыңызда 
– 
Шығыс жалғау 
Баршаларымыздан  Баршаларыңыздан  – 
 
Танықтық есімдігі 
 
Танықтық есімдігі дегеніміз – нәрсенің жоқтығын яки, анық белгілі 
еместігін  көрсеткенде  айтылатын  сөздер.  Мәселен,  һешкім,  һештеме, 
дәнеме,  һешбір.  Бұлар  жоқтықты  көрсетеді.  Кей,  қайсыбір  –  бұлар  түгел 
еместігін  көрсетеді.  Біреу,  әлдекім,  әлдене  –  анық  белгілі  еместігін 
көрсетеді. 
Ешкім,  һештеме,  дәнеме,  біреу,  әлдекім,  әлдене  деген  сөздердің 
есімдерше  жалғаулары  ғана  өзгереді.  Яғни,  тәуелдік  -ған  жалғаулары 
қосылады, мәселен: 
 
 
 


79 
 
 Анайы қалып 
 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
– 
Кейің  
Кейі 
Ілік жалғау 
– 
Кейіңнің 
Кейінің 
Барыс жалғау 
– 
Кейіңе 
Кейіне 
Табыс жалғау 
– 
Кейіңді 
Кейінде 
Жатыс жалғау 
– 
Кейіңе 
Кейін 
Шығыс жалғау 
– 
Кейіңнен  
Кейінен 
 
 
 
 
 Сыпайы қалып 
 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Кейіміз  
Кейіңіз  
– 
Ілік жалғау 
Кейіміздің 
Кейіңіздің 
– 
Барыс жалғау 
Кейімізге 
Кейіңізге 
– 
Табыс жалғау 
Кейімізді 
Кейіңізді 
– 
Жатыс жалғау 
Кейімізде 
Кейіңізде 
– 
Шығыс жалғау 
Кейімізден 
Кейіңізден 
– 
 
Анайы қалып 
 
«Ешбір» деген сөз  1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
– 
Ешбірің  
Ешбірі 
Ілік жалғау 
– 
Ешбіріңнің 
Ешбірінің 
Барыс жалғау 
– 
Ешбіріңе 
Ешбіріне 
Табыс жалғау 
– 
Ешбіріңді 
Ешбірін 
Жатыс жалғау 
– 
Ешбіріңде 
Ешбірінде 
Шығыс жалғау 
– 
Ешбіріңнен 
Ешбірінен 
 
Сыпайы қалып 
 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Ешбіріміз  
Ешбіріңіз 
– 
Ілік жалғау 
Ешбіріміздің 
Ешбіріңіздің 
– 
Барыс жалғау 
Ешбірімізге 
Ешбіріңізге 
– 
Табыс жалғау 
Ешбірімізді 
Ешбіріңізді 
– 
Жатыс жалғау 
Ешбірімізде 
Ешбіріңізде 
– 
Шығыс жалғау 
Ешбірімізден 
Ешбіріңізден 
– 
 


80 
 
Етістік 
 
Етістік  дегеніміз  –  заттардың  еткен-етпеген  істерін  көрсететін 
сөздер.  
«Бұлт торлады», «күн жауды», «су тасыды». «Бұлт торламады», «күн 
жаумады»,  «су  тасымады»  дейміз.  Бұлт,  күн,  су  –  заттар,  «торлады», 
«жауды»,  «тасыды»  деген  сөздер  болған  істерді  көрсетеді.  «Торламады», 
«жаумады»,  «тасымады»  деген  сөздер  болмаған  істерді  көрсетеді. 
«Торлады – торламады», «жауды – жаумады», «тасыды – тасымады» деген 
сөздер етістік болады. 
Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсеткендіктен екіге бөлінеді. 
1)  Болымды.  2)  Болымсыз.  Мұнан  басқа  етістіктің  өзгеше  екі  түрі  бар:       
1) Көсемше. 2) Есімше. 
Дағдыландыру.  Он  болымды  етістік,  он  болымсыз  етістік  сөз 
тапқызып жаздыру. 
 
Етістер 
 
Етістікте  он  түрлі  етіс  бар:  1)  Сабақты  етіс.  2)  Салт  етіс.  3)  Ортақ 
етіс.  4)  Өздік  етіс.  5)  Өзгелік  етіс.  6)  Беделді  етіс.  7)  Ырықсыз  етіс.            
8) Шағыс етіс. 9) Дүркінді етіс. Өсіңкі етіс. 
 
 Сабақты етіс 
 
Сабақты  етіс  дейміз  –  еткен  іске  бір  нәрсе  сабақтаулы  болса, 
мәселен:  хат  жаздым,  шөп  шаптым,  қармақ  салдым  дегенде:  жаздым, 
шаптым, салдым – істер.  
«Хат  жаздым»  дегенде  жазу  ісіне  хат  сабақталып  тұр.  «Шөп 
шаптым»  дегенде  шабу  ісіне  шөп  сабақталып  тұр.  «Қармақ  салдым» 
дегенде  салу  ісіне  қармақ  сабақталып  тұр.  «Жаздым»,  «шаптым», 
«салдым»  деген  сияқты,  нәрсе  сабақталатын  істі  көрсететін  сөздерді 
сабақты етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабындағы  мақаланың  бірін  алып,  соның 
ішіндегі сабақты етістерді көрсеткізу. 
 
Салт етіс 
 
Салт етіс дейміз – еткен іске сабақталып, байланып тұрған һешнәрсе 
болмаса, мәселен: мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр. 


81 
 
Менің  жүргеніме,  сенің  тұрғаныңа,  оның  отырғанына  сабақталып 
тұрған һешнәрсе жоқ. 
Ержан күлді, Нұрман жылады, Бірман жүгірді. Ержанның күлгеніне, 
Нұрманның  жылағанына,  Бірманның  жүгіргеніне  сабақталып  тұрған 
һешнәрсе жоқ. 
«Жүрмін»,  «тұрсын»,  «отыр»,  «күлді»,  «жылады»,  «жүгірді»  деген 
сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып,  сондағы  салт 
етістіктерді көрсету. 
 
 
Ортақ етіс 
 
Ортақ  етіс  дейміз  –  іс  жеке  істелмесе,  мәселен:  бала  жарысты,  жау 
соғысты, балуан күресті. 
Бала  жалғыз  жарысуға  болмайды,  біреумен  жарысады;  Жау  өзімен 
өзі  соғыспайды,  біреумен  соғысады;  Балуан  өзімен  күреспейді,  біреумен 
күреседі. Осындай жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін 
сөздерді ортақ етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып,  сонда  ортақ 
етістерді көрсеткізу. 
 
 Өздік етіс 
 
Өздік етіс дейміз – істеуі басқаға істерлік ісін өзіне істесе, мәселен: 
мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды. 
«Жудым»  десе,  басқаны  жуған  болар  еді;  «жуындым»  дегенде  өзін 
жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады.  
«Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «тарандым» дегенде істі 
басқаға емес, өзіне істеген болады. 
«Мақтады»  десе,  басқаны  мақтаған  болар  еді,  «мақтанды»  дегенде 
басқаны емес, өзін мақтаған болады. 
«Жуындым», «тарандың», «мақтанды» деген сияқты басқаға істерлік 
істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді өздік етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы өзіндік 
етістерді көрсеткізу. 
 
 Өзгелік етіс 
 
Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен: атты 
жүргізді,  қойды  өргізді,  түйені  тұрғызды  дегенде  аттың  жүруіне,  қойдың 


82 
 
өруіне,  түйенің  тұруына  себепкер  болғанды  көрсетеді.  Олар  өздігінен 
істесе ата жүрді, қой өрді, түйе тұрды болар еді. 
«Жүргіздім», «өргіздім», «тұрғыздым» деген сияқты – біреудің ісіне 
себепкер істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы өзгелік 
етістерді көрсеткізу. 
 
 Беделді етіс 
 
Беделді  етіс  дейміз  –  істі  біреу  арқылы  істеуді.  Мәселен:  хат 
жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды дейміз.  
«Жаздырды»,  «айттырды»,  «салдырды»,  «алдырды»  дегенде  бәрі 
біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді беделді етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы беделді 
етістерді көрсеткізу. 
 
 Ырықсыз етіс 
 
Ырықсыз  етіс  дейміз  –  істелу  ырқы  істеушіден  басқада  болған  істі. 
Мәселен:  ат  жегілді,  қоян  қуылды,  қозы  сойылды  дегенде  ат  ырықсыз 
жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр, қой ырықсыз сойылып тұр. 
«Жегілді»,  «қуылды»,  «сойылды»  деген  сияқты  сөздерді  ырықсыз 
етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып,  сондағы 
ырықсыз етістерді көрсеткізу. 
 
 Шағыс етіс 
 
Шағыс  етіс  дейміз  –  ортақ  істі  істеуге  себепкер  болуды.  Мәселен, 
балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі жағын соғыстырдым. 
«Күрестірдім»  дегенде  күресулеріне  мен  себепкер  болғанмын; 
«Табыстырдым»  дегенде  табысуларына  мен  себепкер  болдым. 
«Соғыстырдым»  дегенде  соғысуларына  мен  себепкер  болғанмын. 
«Күрестірдім»,  «табыстырдым»,  «соғыстырдым»  деген  сияқты  сөздерді 
шағыс етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  мақала  алып,  сондағы  шағыс 
етістерді көрсеткізу. 
 
 
 


83 
 
Дүркінді етіс 
 
Дүркінді  етіс  дейміз  –  қайта-қайта  істелетін  істі,  мәселен:  хат 
жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», 
«атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет 
істелгенін көрсетеді. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген 
сияқты сөздерді дүркінді етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып,  сондағы 
дүркінді етістерді көрсеткізу. 
 
 Өсіңкі етіс 
 
Өсіңкі  етіс  дейміз  –  күшейген  істі,  мәселен:  ат  жүріңкіреді,  су 
тасыңқырады,  бала  ұйықтаңқырады.  «Жүріңкіреді»  дегенде  жүру 
күшейгені  көрінеді,  «тасыңқырады»  дегенде  тасқын  күшейгені  көрінеді, 
«ұйықтаңқырады»  дегенде  ұйқы  күшейгені  көрінеді.  «Жүріңкіреді», 
«тасыңқырады»,  «ұйықтаңқырады»  деген  сияқты  сөздерді  өсіңкі  етіс 
дейміз. 
Дағдыландыру. Бала басына бірнеше өсіңкі істерді тапқызу.  
 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет