Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал



Pdf көрінісі
бет124/127
Дата26.03.2022
өлшемі2,67 Mb.
#28855
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


335 
 
Өмірінің негізгі кезеңдері 
 
 
А.Байтұрсынұлы  1873  жылы  25  қаңтарда  қазіргі  Қостанай  облысы 
Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. 
 
1886-91  жылдары  Торғай  қаласындағы  екі  сыныптық  орыс-қазақ 
училищесінде оқиды. 
 
1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқып, білім алады. 
 
1895  жылдан  Ақтөбе,  Қостанай  және  Қарқаралы  өңірлерінде  бала 
оқытып, әділет үшін күреске араласа бастайды. 
 
1905  жылы  26  маусымда  Ахмет  Байтұрсынұлы    Әлихан  Бөкейхан,  
Жақып  Ақбайұлы,  Міржақып  Дулатов  және  біраз  қазақ  оқығандары 
Қоянды  жәрмеңкесінде  бас  қосып,  Петербордағы  кіндік  үкіметке  қазақ 
халқының  атынан  құзырхат  жолдайды.  Бұл  тарихқа  «Қарқаралы 
құзырхаты» деген атпен енді.  
 
1909 жылы шілде айында патша үкіметі тыңшыларының жаласымен 
Семей  абақтысына  алынып,  сотсыз,  үкімсіз,  сегіз  ай  бойы  қамауда 
жатады. Ақыры Қазақстанда тұру құқығынан айырылады.  
1909 жылы Петерборда  «Қырық мысал» кітабы басылып шығады. 
 
 
1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді. 
 
 
1911  жылы  Орынборда  «Маса»  атты  өлеңдер  және  аударма 
мысалдар жинағы басылады. 
         1912  жылы  Орынборда  «Оқу  құралы.  Усул  сотие  жолымен  тәртіп 
етілген  қазақша  әліппе.  Баяншы»  оқу  құралы  жарық  көрді.  Бұл  болашақ 
ұлы ғалымның қазақ тілінен жазылған алғашқы оқулығы болатын.  
 
1913 жылы Орынборда   «Қазақ» газетін шығарып, оның  редакторы 
болды. 
 
1913  жылы  «Қазақ»  газетінде  «Жазу  мәселесі»,  «Қазақша  оқу 
жайынан», «Қазақша сөз жазушыларға» мақалалары жарияланды.  
 
1914 жылы Орынборда «Қазақша әліппе: оқу құралы» кітабы жарық 
көрді.  
 
1915  жылы  «Оқу  құралы.  Усул  сотие  жолымен  тәртіп  етілген 
қазақша әліппе. Баяншы» оқу құралының екінші басылымы жарық көрді.  
 
1916  жылы  Ә.Бөкейхан,  М.Дулатовпен  бірге  1916  жылғы  оқиғаға 
арналған  «Алаш  азаматтарына»,  «Қазақ  жұртына»,  «Қазаққа  ашық  хат» 
мақалалары жарық көрді.  
 
1917  жылы  сәуірде  Торғай  облысы  қазақтарының  сиезін 
ұйымдастырып, оған төрағалық етті.  


336 
 
 
1917 
жылы 
шілдеде 
Бірінші 
жалпықазақ 
сиезін 
ұйымдастырушылардың  бірі  болды.  Осы  сиезде  «Алаш»  партиясы 
құрылды.  «Алаш»  партиясы  бағдарламасын  дайындаушылардың  бірі 
болды.  
 
1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ сиезіне қатысты. Мұнда 
Алашорда үкіметінің және оқу комиссиясының мүшелігіне сайланды.  
 
1918 жылы Алашорда атынан Шәуешекке барды.  
 
1918  жылы  «Тіл  –  құрал  (Қазақ  тілінің  сарфы).  Бірінші  жылдық» 
кітабы жарық көрді.  
 
1919 жылы наурызда Алашорда үкіметінің атынан Мәскеуге барып,  
Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізеді.  
1919  жылы  «Жизнь  национальностей»  журналында  «Революция  и 
киргизы» мақаласы жарық көреді. 
1920  жылы  қазанда  «Баяншы.  Қазақ  мұғалімдері  үшін»  атты 
әдістемелік кітабы жарық көрді. 
1920  жылы  «Тіл  –  құрал.  (Қазақ  тілінің  сарфы)»  кітаптары  Қазан 
және Ташкент қалаларында жарық көрді. 
1920 жылы Қазақ АКСР үкіметінің мүшесі. 
1920-1921 жылдары Қазақ АКСР халық ағарту комиссары. 
 
1920-1926  жылдары  –  Бүкілодақтық  Орталық  Атқару  Комитетінің 
мүшесі,  Қазақстан  Академиялық  Орталығының  жетекшісі,  Ташкент, 
Алматы жоғары оқу орындарында профессор болып қызмет атқарады. 
 
1921 жылы Қызылордада, Семейде, Орынборда, Ташкентте бірнеше 
оқу құралдары жарық көрді.  
 
1922  жылы  қазақ  ұлтшылдығына  арналған  «Қалам  қайраткерлері 
жайынан» мақаласы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрді.  
 
1922  жылы  Ташкентте,  Орынборда  бірнеше  оқу  құралдары  жарық 
көрді.  
 
1922-1925  жылдары  Халық  ағарту  комиссариаты  ғылыми-әдеби 
комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы. 
 
1923  жылы  «Қазақша  жазу  тақырыпты  жаңа  жазу  ережелері», 
«Қазақша  жазу  туралы  жаңа  ережелер»  атты  Е.Омаровпен  бірігіп  жазған 
мақалалары жарық көрді. 
 
1923 жылы Орынборда бірнеше оқу құралдары жарық көрді. 
 
1923  жылы  қазақ  зиялылары  елу  жылдық  мерейтойын  атап  өтті. 
Мерейтойда М.Әуезов, С.Сейфуллин тағы басқалар баяндамалар жасады. 
Қазақ зиялылары оны «Ұлт ұстазы» деп ұлықтады.  
 
1924 жылы Орынборда, Қызылордада бірнеше оқу құралдары жарық 
көрді. 


337 
 
 
1924  жылы  шілдеде  Орынборда  өткен  қазақ  білімпаздарының 
тұңғыш  сиезіне  қатысып,  қазақ  әліпбиіне  байланысты  негізгі  баяндама 
жасады. 
 
1925 жылы Орынборда, Қызылордада бірнеше оқу құралдары жарық 
көрді.  
 
1925 жылы «Ақ жол» газетінде «Енді «қазақ» демей болмайды» атты 
мақаласы жарық көрді.  
1926  жылы  Қызылордада,  Семейде  бірнеше  оқу  құралдары  жарық 
көрді. 
1926-1928  жылдары  Ташкенттегі  Қазақ  халық  ағарту  институтының 
мұғалімі. 
 
1926 жылы Бакуде өткен түрікшілер құрылтайында негізгі баяндама 
жасады. 
 1926  жылы  Ташкентте  «Әдебиет  танытқыш»  кітабы  басылып 
шықты.  
1927  жылы  Қызылордада,  Семейде  бірнеше  оқу  құралдары  жарық 
көрді.  
1927 жылы «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі» мақаласы 
жарық көрді. 
1928 жылы Қызылордада, Ташкентте бірнеше оқу құралдары жарық 
көрді.  
1928  жылы  Алматыдағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 
профессоры.  
1929  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде  «Емле  туралы»  мақаласы 
жарық көрді. 
1929 жылы «Тіл жұмсар. Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі 
арқылы танытанын екінші кітап» оқу құралы жарық көрді.    
 
1929-1934 жылдары – Архангельск облысында айдауда болды. 
 
1937 жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға алынып, репрессий құрбаны 
болды. 
 
1988 жылы ақталды. 
 
1998 жылы республика бойынша туғанының 125 жылдығы кең түрде 
аталып өтілді.   
 
 
 
 
 
 
 
 


338 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет