112
Дағдыландыру. Ат, сау, қыс, ұт, күл, жау, тұт, өң, көн, тес уа ғайри
сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
4) «-уыш», «-гі», «-қ» (-к) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол
етістік көрсететін іске құралдығын атайды. Мәселен, ора – орауыш, бұр –
бұрғы, сүз – сүзгі, тара – тарақ, төсе – төсек.
Дағдыландыру. Тырна, қыр, тая, ес уа ғайри сондай етістік түбірлерін
алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
Ескерту. «-қ» (-к) жұрнақ басқа мағынада да жалғанады, мәселен, аш –
ашық, тес – тесік, ұш – ұшық, кет – кетік уа ғайри сондай.
5) «-қын» (-ғын), «-ма» (-ба, -ме, -бе), «-мал», «-мақыл» (-бақыл, -мекіл,
-бекіл) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік көрсететін
істің түрін атайды, тас – тасқын, қыр – қырғын, сал – салма, тарт – тартпа,
өр – өрме, кес – кеспе, тасы – тасымал, айны – айнымал, таста –
тастамақыл, ат – атпақыл, шерт – шертпекіл, иір – иірмекіл.
Дағдыландыру. Қаш, шал, сана, орама, бас, тер, сез уа ғайри сондай
етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
6) «-ақ» (-ек), «-н» жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік
көрсететін істерден өнген затты атайды, мәселен, қаш – қашақ, кес –
кесек, шап – шабын, ек – егін.
Дағдыландыру. Қос, қон, жат, бөл, ақ, жек, шық уа ғайри сондай етістік
түбірлерін алып, жалғату.
7) «-лық» (-лік) жұрнақ етістіктің келер шақ түріне жалғанып, сол
етістік көрсететін істі істеуге тұрарлық күйін атайды. Мәселен, барар –
барарлық, көрер – көрерлік.
Дағдыландыру. Келер шақ түрдегі етістіктерді алып, «-лық» (-лік)
жұрнағын жалғату.
8) «-уыл» (-уіл) жұрнақ етістікке жалғанып, сол етістік көрсететін істі
істеушіні атайды. Мәселен, жаса – жасауыл, жорт – жортуыл, бөге –
бөгеуіл.
Сол мағынада етістіктің келер шақ түріне «-ман» (-мен) жұрнақ
жалғанады. Мәселен, алар – аларман, берер – берермен.
Дағдыландыру
. Етістіктің түбірлерін һәм келер шақ түрлерін алып,
«-уыл» (-уіл) һәм «-ман» (-мен) жұрнақтарды жалғату.
Достарыңызбен бөлісу: