189
Бір-бірінен солар нендей белгілермен айырылып тұр?
Төмендегі «Бекіш әңгімесі» дегенді көшіріңдер (жеңілдік үшін екі
нүктені сызықша (–) түрінде жазыңдар. Үш нүктені тұмсықша түрінде
үстіңгісі былай < астыңғысы былай> жазыңдар).
Бекіш әңгімесі
Ауыл қасында қала бар. Қалада базар бар. Базарда тауар сатылады.
Ауыл базарға мал сатады. Бапам базарға бақырауық атаңды сатты.
Бірғауым ақша алған. Ақшасына бірталай мата алды. Матадан апам маған
шапан тігіп береді. Бірақ тез арада бітпейді дейді.
Ертең налог салуға бапам қалаға барады, маған жақсы кітап әкеп
береді.
(«Әліп-би» 76-бет)
Әріп пен дыбыс бір ме?
Қайсысы
көрінеді, қайсысы естіледі.
Ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?
1. Жұмыс.
Жоғарыдағы әріптерді түрлерінің ұқсастығына қарай сұрыптап, тап-
табымен бөлек-бөлек жазыңдар. Нұсқа:
ب
(б)
پ
(п)
ت
(т) ... (ұқсас емесін
алмайсыңдар).
2. Жұмыс.
Әріптерді дыбыс жақындығына қарай сұрыптап, тап-табымен
жазыңдар.
Нұсқа:
ب
(б)
پ
(п)
ت
(т)
د
(д) ........ (Мұнда да дыбыс
жақындығы жоқтары алынбайды).
§ 3. Сөйлемдер
Ақыш хатынан
(«Әліп-би» 77 бет)
Қадірлі Қатыш апатай!
Мен әріптің бәрін танимын. Қандай сөз болса да оқимын. Жазуым
қандай екенін осы қаттан байқарсыз.
............................................................................................................................
Мен сүгретті де тәуір саламын. Бояуым таусылып келеді. Бояу алып
бересеңіз екен.
Ақыш
190
Осыны оқығанда дауыс неше рет тынады? Әр тынғаны бір «сөйлем»
деп аталады.
Мен тақтайға бір әңгіме жазайын. Сендер «Мұғалім әңгімесі» деп ат
қойып, дәптерлеріңе көшіріңдер.
Дәмеш мектепте оқиды. Мектептен үйіне түрлі әңгімесі бар кітаптар
апарады. Әңгімелерін үйіндегілерге оқиды. Оқығанын басқалар тыңдап
отырады.
Балалар түсінбегендерін сұрайды. Дәмеш түсіндіріп береді.
Жазғандарыңды оқыңдар. Мұны оқығанда дауыс неше рет тынады?
Тынғанда дауыс кәйтеді? Мұнда неше сөйлем бар дейсіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: