Мұғалім әңгімесінде әріп нүктесінен басқа жерге қойылған нүкте бар
ма? Олар сөйлемнің қай жерінде тұр? Тынатын белгіге не деп ат қою
[керек]? Төмендегі «Мәкеш әңгімесі» дегенді үтір біткендерін түгел
қойып көшіріңдер.
Мәкеш әңгімесі
Күзге қараған кез. Күндіз жылы, түнде салқындау. Ай жарық.
Қораның шетіне алтыбақан құрдық. Төрт баладан кезекке бөліндік.
Бір кезекке мен, Жұмаш, Тұраш, Нұраш төртеуміз кірдік. Екінші кезекке
Үміт, Дәмет, Мұрат, Мұқаш төртеуі кірді. Зұлқаш, Зұлпынын, Ұрқия,
Құбаш төртеуі бір кезекке кірді. Ұсақ балалар көп үстінен тебетін болды.
Екі бала тебеді, екі бала жібереді. Біреулер қатты жібергенде
қорқады. Қорыққандарға күлеміз.
Осында әріп үтірлерінен басқа үтір бар ма? Олар қалай қойылған?
Сөз арларының бәріне де қойылған ба? Қандай араларына қойылған?
Осы әңгімені оқығанда, сөздердің үтір тұрған аралары мен үтір
тұрамаған аралары қалай оқылатынын байқаңдар.
Қайсысында сөз арасының жігі көбірек ашыла оқылады.
Сөз арасының алыстайтын жігін көрсететін белгіні не деп айту
[керек].