Ахмет Байтұрсынұлы Тіл құрал



Pdf көрінісі
бет62/127
Дата26.03.2022
өлшемі2,67 Mb.
#28855
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127
Байланысты:
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
 
 
 
 
 
 


183 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіл  жұмсар 
(Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы 
 танытатын бірінші кітап) 
 
Қызылорда – 1928  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


184 
 
Қазақстан Оқу комиссариатының білім ордасы 
 
БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АҚЫМЕТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТІЛ ЖҰМСАР 
 
Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы 
танытатын I-ші кітап 
 
Білім ордасы I-нші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан баспасы 
Қызылорда, 1928 жыл 


185 
 
§ 1. Дәйектеме 
 
 
Тіл – құрал. Құрал болғанда толып жатқан есепсіз бөлшектер бар, ол 
бөлшектері  түрлі  жағымен  қиысатын  толып  жатқан  қырлы,  тетіктері 
есепсіз көп өте үлкен машина секілді құрал. 
 
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі –
құралдың  ішкі-тысқы  бөлшектерінің  бәрін  біліп,  олар  қалай  бір-біріне 
үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай 
қызмет  ететіндігін  біліп  отырып  жұмсаушы.  Екіншісі  –  олардың  бәрін 
білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін 
көріп,  жұмсау  әдісін  үйреніп  алып  жұмсаушы.  Ішкі  бөлшектері  мен 
тетіктерін  бұл  таныс,  құралды  жұмсап  жүріп,  онымен  көп  істес  болып 
барып, тәжірибе арқылы таниды. 
 
Солай  танығаннан  кейін  ананың  да,  мынаның  да  құрал  жұмсауы, 
оны  таныуы  бірдей  сияқты  болып  шығады.  Бірақ  асылында  олай 
болмайды. Мәселен: машина бөлшектері жасалған заттардың қасиеттерін, 
олар  үйлесуінен  шығатын  тетік  заңдарының  жайын  жақсы  білетін 
жұмсаушының  машина  тануы  мен  тек  өз  тәжірибесі  арқылы  машинамен 
танысқан  адамның  машина  тануы  –  екеуі  бірдей  болмайды.  Машина 
жүрісінде  кемшілік  біліне  бастаса,  оның  неден    екенін  анау  бірден 
білгенде, мынау тіпті, білмеуі мүмкін. 
 
Жалпақ  жұрттың  құрал  тұтынуы,  көбінесе  екінші  жолды  болады. 
Тіпті  машиналарын,  пішен,  егін  машиналарын  қолданушылар  солардың 
ішкі,  сыртқы  бөлшектерін,  тетіктерін  біліп  отырып  жұмсамайды, 
жүргізетін, тоқтататын сияқты жұмсауға керегі бар тек тысқы бөлшектері 
мен  тетіктерін  біліп  қана  жұмсайды.  Бұлардың  да  машина  біліп 
алатындары  болады,  бірақ  оны  құрал  жұмсау  жүзінде  көп  тәжірибе 
көргеннен кейін біледі. 
 
Бұл  күнде  бала  үйрету  табиғи  жолы-тәжірибе  арқылы  білім  алатын 
осы  айтылған  соңғы  жол  деп  танылады.  Жаңа  да  ел  мектебі  –  білімді 
түптеп  білдіріп,  мамандар  шығаратын  мектеп  емес,  жалпы  тұрмысқа 
жұмсалатын  жалпақ  түрдегі  білім  беретін  мектеп.  Сондықтан  үйреті 
жүзіндегі  кәзіргі  жаңалықтың  негізі  –  үйрету,  әсіресе    бастауыш 
мектептерде үйрету, тәжірибе жолымен білу. 
 
Бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алу  керек.  Мұғалімнің 
қызметі  оның  білімінің,  шеберлігінің  керек  орны  өздігінен  алатын 
тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай 
оңай  өту  үшін,  керек  білімін  кешікпей  кезінде  алып  отыру  үшін,  балаға 
жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп 
отыру.  


186 
 
 
Бұл  «Тіл  жұмсар»  деп  ат  қойып  отырған  кітап  ана  тілін  жоғарыда 
айтылған жаңа жолмен үйретуге ыңғайланып шығарылған. Мұндағы білім 
- «Тіл – құралдағы» білім, бірақ сол білімді мұнда үйрету жолы басқа. 
 
«Тіл – құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту 
үшін  түрлі  бөлшектерін,  тетіктерін  ұсағын  ұсағынша,  ірісін  ірісінше 
жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен 
құралдың  бөлшектерінен,  тетіктерінен  балаға  шағындап  бөлек-бөлек 
ойыншық  сияқты  құрал  жасап,  соларды  танытып,  соларды  жұмсату 
арқылы барып үлкен құралды танытады. 
 
Бұл айтылған «Тіл – құралдан» «Тіл жұмсардың» негізгі басқалығы, 
мұнан өзге де бала шамасына шағындағандықтан туған басқалықтар бар. 
Оларды  мұнда  түгендеудің  қажеті  жоқ,  үйткені  «Тіл  жұмсармен» 
үйреткенде,  әрқайсысы  өзінің  орны-орнында  көрінбекші.  Мұнда  тек 
басты-бастыларын ғана көрсете өтсек болады. 
 
1.  Әріптен  басқа  жазуда  қолданатын  белгілерге  бүгінге  дейін 
анықтап  белгілі  ат  қойылған  жоқ  еді.  Сүгретін  қарап  біреу  олай,  біреу 
былай  деп  атайтын  еді.  Мұнда  соларға  ат  қойылды.  Мұндағы  ат  тек 
сүгретіне  қарай  емес,  жұмсалатын  орнына  қарай  қойылады.  Мәселен: 
тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық ( - ), тастарлық( - ), дәлдеулік (« »), 
сұраулық (?), лептеулік (!). 
           Тыныстық – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі. 
           Жапсарлық  (,)  –  дауыс  тынбай,  тек  сөз  арасы  көбірек  ашыла 
айтылатын жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашылуы көбінесе 
сөйлемдер қосылған жапсарлық жерінде болады. 
 
Қосарлық  (-)  екі-  сөзді  қосу  керек  болған  орында,  бір  сөздің  екі 
бөлімін  қосу  керек  болған  орында  немесе  біріне-бірі  жедел  екі  сөз 
қосарынан айтылатын орында, не болмаса бір сөздің өзі қайта-қайта жедел 
айтылатын орында қойылатын белгі. 
 
Тастарлық ( - ) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын белгі. 
          Дәлдеулік  («  »)  –  бұлжытпай  дәлдеп  жазып  көрсетерлік  жерде 
қойылатын белгі. 
 
Бұлардан  басқа  «Тіл  жұмсарда»  екпіндік  /V/,  еместік  /+  /  деген 
белгілер  бар.  Олар  балалар  оқуға  төселгенше,  сөздерді  айырғанша 
уақытша қолдан тұтынатын белгі (баспада олар болмайды). 
 
2. Сөйлем атына кірген өзгеріс бар. Мәселен: жапсарлы сөйлем деген 
ат  бар.  Бұл  атпен  құрылуынша  айырылатын  толып  жатқан  сөйлем 
түрлерінің  бәрі  аталады.  Тек  жапсарлық  қойылатын  сөйлем  болса,  бәрі 
жапсарлы сөйлем деп бір-ақ атпен аталады. 
 
3.  Сөз  аттарына  кірген  өзгеріс  бар.  Мәселен:  1)  «Қосар  сөз»  деген 
бар.  Бұл  –  қос  сөздердің  басқа  сөздердің  қосарынан  біріне-бірі  жедел 


187 
 
айтылатындарына  қойылған  ат.  Бұған  қатар-қатар,  жалт-жұлт,  шым-
шытырық,  бірін-бірден,  алысып-жұлысып,  тағысын  тағы  сол  сияқты 
сөздердің  бәрі  кіреді.;  2)  «Қосынды  сөз»  деген  бар.  Ол  бұрынғы 
«жалқылауыш» қос сөз деген аттың орнына алынып тұр. (белбеу, қарағұс, 
жүк-аяқ);  3)  «Үйір  сөз»  деген  бар.  Бұл  –  айтқанда  қосынды  сөз  сияқты 
айтылатын, бірақ ондай бір ұғымды емес, екі ұғымды көрсететін сөздерге 
қойылатын ат. (Қара айғыр, ақ өгіз, сұр тай). 
 
4.  Дыбыс  түрлерінің  атына  кірген  өзгеріс  бар.  Дыбыстар  естілу 
қуатына  қарай  жіктеліп,  соған  қарай  ат  қойылып  тұр.  Дыбыс  естілу  
жағынан  төрт  даражалы:  1)  Дауыс  (немесе  айқай).  2)  Үн.  3)  Сыбыс.          
4) Сыбыр. Дауыс пен үнді айыру қиын емес  (дауыстама, үндеме дегенде, 
екеуінің  мағынасы  бір  емес),  сыбыс  пен  сыбыр  –  екеуі  бір  нәрсе  емес         
(сыбырлағанда  пыш-пыштаған  сыбыс  естілуі  мүмкін,  бірақ  сөзі  басқа 
адамға естілмейді). 
 
Балаларға бұрынғыдан көрі осы түсінікті болатындықтан, дыбыстар 
осы негізбен жіктеліп, түрлеріне осыған қарай ат қойылады. 
1)   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет