1929 жылға дейін
араб графикасы
1929-1940 ж.ж.латын
әліпбиі
1940 ж.бастап -
кириллица
2025 жылдан бастап
латын әліпбиі
қолданысқа енгізілмек
48
отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны
қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ
тілінің фонетикалык құрамын зерттеді. 1912 жылы Орынборда жаңа әліпби негізінде құрылған
Ахмет Байтұрсыновтың «Әліппесі» жарық көреді. Ахаң қазақ балаларын ана тілінде оқыту
ісіне арнап тұңғыш оқулықтарын «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914),
«Жаңа әліппе» (1926-1928) және «Баяншы» (1926) деп аталатын әдістемелік құралдарын
жазып шығады, бұл оқулықтар балаларды оқыту барысында маңызды роль атқарды. Бүкіл бір
халықтың ұлттық тілін түрлеп, әдебиетін жасап, ғылымын жетілдіріп, қоғамдық санасын
қалыптастырып, ойын оятты.
Ахмет Байтұрсынұлы грамматикалық терминологияны тұжырымдады: зат есім, етістік,
есімдік, сөйлем, күрделі сөйлем, қызметтік сөздер, сөйлеу бөлігі, үндеу және басқа да сөздерді
қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен
сабақтастырып, оны өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс
жүйесін «фонетика» деп қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі
екенін көруімізге болады.
Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған бірегей жобасы араб әліпбиін реформалау және
«төте жазу» деп аталды. («Жаңа емле» деп те аталады). Оның идеясы әр сөзде алдыңғы немесе
артқы қатардың белгісін нотадағы скрипка немесе бас кілтіне ұқсас белгіні қосу арқылы
белгілеу болды, бұл дауысты дыбыстар үшін жаңадан енгізілген белгілердің санын едәуір
үнемдеді және араб графикасымен үйлестірді. Қазақтар үшін мүлдем қажет емес және емле
үшін шатасушылық тудырды деп 12 араб әрпін қолданыстан алып тастады.
Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап
алуды ұсынады: 1) Араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау. 2) Қазақ
тіліндегі ы, е, и, о, у, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу; 3) К, г дыбыстарынан басқа
дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, у дыбыстарымен
айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген
алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ
жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады. Себебі,
Байтұрсынұлының реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған
болатын. Ол жүзеге асырған қазақ жазуының реформасы прогресшіл зиялылар арасында
қолдау тапты және ол 1924 жылы ресми түрде қабылданған болатын. Бірақ ол ұзаққа бармады,
КСРО-да түркі тілдерінің латындандырылуымен (1928) және кириллизациясымен (1940) саяси
жағдай басталды.
Кезінде ғалым Байтұрсыновтың құрметіне аталған жаңа қазақ әліпбиі қазақ халқы үшін
ғана емес, сол кезде де жазу реформасына ұшыраған барлық түркітілдес халықтар үшін де
жақсы үлгі болды. Дәл осы жаңа әліпби қазақ тілін таза ұстаудың берік іргетасын қалады және
халықты әлемдік мәдениетке баулу әдісін едәуір жеңілдетті, халық мектептерін дамыту
жолында үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді.
1912 жылы Ахмет Байтұрсыновпен құрылған «Жаңа Емле» («Новая орфография»)
аталатын жаңа әліпбиді Қытай, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және басқа да Таяу Шығыс
елдерінде тұратын, араб графикасын қолданатын қазақтар әлі күнге дейін қолданып келеді
екен. Сондай-ақ, автор «Ана тілі бойынша нұсқаулық», «Қазақ тілі курсының экспозициясы»,
«Грамматиканы оқуға арналған нұсқаулық», «Сөйлеуді дамыту» сияқты түрлі хрестоматиялар
жазды. Бұл әдістемелік еңбектер әлі күнге дейін қазақ тіл білімі және қазақ тілін оқыту
әдістемесі саласындағы ғалымдардың арасында беделді.
Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-
кәсіп, жаратылыс [тану] пәндері жүретін болсын» деп нақты ұсыныстар айтады. Бастауыш
мектеп «бес жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда өзге
тілдерді оқысын деген ұсынысы қазіргі уақытта да өзекті. Ұлы ұстаз «әуелгі үш жылда
балалар кілең қазақша оқуы керек», - деген ұлағатты сөзді босқа айтып отырған жоқ. Мұнда
49
үлкен мән бар. Бастауыш мектепте баланың тілі ұшталады, сана-сезімі қалыптаса бастайды.
Баланың бұл кезеңдегі халін жас шыбыққа теңеп айтсақ, түсініктірек болады. Жас шыбықты
қалай майыстырсаңыз, солай қарап өседі.Үлкейіп, өскеннен кейін тал-теректі түзете алмайсыз,
адамның табиғаты да соған ұқсас. [2, 222 б.]. Ендеше тәуелсіз еліміздің тұлғалы азаматын
қалыптастыруды бастауыш мектептен бастап қолға алмасақ, кейін кеш болары сөзсіз.
Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау – қазақтық, әрине,
аты мен тілі жоғалмаса сақталады деген Ахмет Байтұрсынұлы «Біз сияқты мәдениет жемісіне
жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді
алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілдің қайда
кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі
әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына
қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» - деген ұлы талабын іске асырды.
[3, 20 б.]. Қазақ тілінің дамып-жетілуі бағытында ізденген Алаштың қаламды қайраткері, ең
алдымен, қазақ тілінің жүйелі жазу емлесін қалыптастыруды көздеді. Осы жолда аянбай
қызмет етті.
Достарыңызбен бөлісу: |