50
бітіріп, Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде
ағартушылық қызметпен айналысады. Бұл жылдарда Ахмет Байтұрсынов қазақ графикасымен
(жазуымен) айналыса бастайды. Ол үшiн қазақ тiлiнiң фонетикалық (дыбыстық) жүйесiн
зерттеуге кiрiседi. Бұл екi әрекеттiң екеуiне де Ахмет Байтұрсыновты әкелген оның
ағартушылық қызметi едi, яғни қазақ балаларының сауатын ашатын «Әлiпби» мен ана тiлiн
үйрететiн «Тiл құралын» жазу мақсаты, ең алдымен, графиканы жөндеп алуды қажет етті [3].
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің
атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасап шығарды. «Оқу құралы»,
«Тіл құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби» атты кітаптарын жазып, онда қазақ тілінің
мәселелерін кеңінен қарастырды. Қазақ тіл білімінде тұңғыш терминдер қалыптастырып,
қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға өзіндік анықтамаларын берді. 1909
жылдан
1917 жылға дейін «Маса» өлеңдер жинағын жазып, И.А.Крыловтың 46 мысалын қазақ тіліне
аударды. Ресей және Еуропа ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліпбиін жоғары
деңгейде бағалады. Қазақ әліпбиін латын, кириллицаға көшіру кезінде де осы әліпби негізге
алынды [1, 12-13 б].
Қазақ елі Ахметті қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,
түріктанушы, публицист, аудармашы ретінде тани алды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының жарқыраған жарқын келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі мен өз халқына
деген, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген махабатты зор болды [3, 146-148 б].
Алдындағы малдың артына еріп, кең даланы кезіп, еркіндік пен бостандықта тіршілік
кешкен өз халқының бүгінгі тағдыры оны қатты алаңдататын. Уақытқа ілесе алмай, қайтсем
халқымның ертеңін жарқын, болашағын кемел етем деп жанталасты. Бір сөзбен айтқанда,
Ахмет өзінің барлық саналы ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына,
ағартушылық ісіне арнады.
Барлық саналы ғұмырын қазақ тілінің дыбыстар жүйесін арнайы зерттеуге арнап,
қазақтың жазба
тілін лексикалық шұбарланудан, өзге тілдердің синтаксистік ықпалынан
тазартуға жұмсады. Ол білім беру, ағарту ісі әлеуметтік жағдай өзгерген кезде ғана адамдарға
пайда әкелетінін түсіндірген ағартушылардың қатарынан болды. 1921-1925 жылдары
Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді.
1925-1928 жылдары Ташкентте Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болып жұмыс
істеді. 1928-1929 жылдары Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен
әдебиеті» кафедрасының профессоры болды.
Ахмет Байтұрсынұлы фольклор бойынша жазылған көптеген сыни мақалалардың,
заманауи қазақ поэзиясы және прозасының авторы. Ол қазақ тілінің негіздерін жүйелей
отырып, ауызша халық шығармашылығының үлгілерін зерттеді. 1923 жылы Мәскеуден «Ер
Сайын» эпосын басып шығарып, оған алғысөз жазды. Басылымды ғылыми анықтамалық
материалмен дәлелдеді. 1926 жылы Ахмет қазақ тілінің орасан байлығын айғақтайтын
«Жоқтау» жинағын шығарды. Бұл жинақта Қазыбек би, Абылай хан және басқа да әйгілі халық
қаһармандарымен батырлары туралы жырлар жарыққа шығарылды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиет теориясы бойынша
зерттеулерге үлкен үлес қосқан тұлға. Оның барлық шығармалары
көршілес халықтардың
мәдениетін байланыстыратын, жаңа тарихи қоғамдастықтың іргесін қалайтын әдебиеттің
жалпы қабатын қалыптастыруға қызмет етті. Көрнекті түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлы
қазақ фольклорына үлкен үлес қосқан ағартушы. Оған мысал «Жоқтау» жинағы болса,
1895 жылы «Қазақтың ырымдары мен мақал-мәтелдері» жинағын басып шығарды. Абай
Құнанбаевтың туындыларының рөлі мен маңызы туралы тұңғыш еңбектердің авторы.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін дамуына ерекше қызмет атқарған тұлға. Ежелгі
дәуірлерден бастап қазақ еліне ислам дінінің тарауына байланысты араб жазуы ақырындап
сіңісе бастады. Араб әліпбиіндегі қазақ тілінің барлық дыбыстарының нақтылығы үшін
керекті көптеген әріптердің жетіспеуіне қарамастан, қазақ тілі әліпбиі араб әріптері негізінде
құрылды. Ахаң араб тілінің негізінде жаңа қазақ алфавитін құрды. Ол сол кезде қазақ тілінің
51
даму қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын, оның грамматикалық және фонетикалық
құрылымын көрсетпейтін латын, әсіресе, орыс алфавитін енгізуге қарсы болды. Өз халқына
дербес әліпби сыйлап, қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы, синтаксисінің негізін қалады.
Тұтас буынның төлбасы болған Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы кітабы - «Қырық
мысал». Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық - зомбылығын әшкерелей отырып,
демократияланбаған заманда елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Сөйтіп,
мысал жанрының қызықты формасы,
ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың
сілкінуіне ықпал жасады. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген
өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. «Масаның» негізгі идеялық
түйіні - халықты оқуға, өнер-білімге үндеу, мәдениетті насихаттау, еңбекке шақыру.
Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Ахмет Байтұрсынұлы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін өміршең-демократтық деңгейге жеткізді.
А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалардың
тақырыптық, идеялық-көркемдік деңгейі өте жоғары туындылар болып саналады. Ахмет
Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуі қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-
теориялық еңбек. Ол әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет
тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін құрды.
Халық тілінің бай қорынан мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп
алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді.
Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы: «Әдебиет тіліне негіз
етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» мәлімдеді. Ол шығарған «Қазақ»
газеті халықтың рухын сергіткен зор құбылысқа айналды. Ахмет Байтұрсынұлы - әлеуметтік
мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми
байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің ақиқатын айтады.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының «рухани көсемі» болған тарихта айрықша орны
бар
зор тұлға, ірі қайраткер, ақын, қазақ халқының тілін, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші
ғалым. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, оқуын жалғастыруға көп күш
жұмсаған ағартушы. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай
болмақшы. Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта
білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралда қолайлы һәм сайлы болуы. Үшінші,
мектепке керегі белгіленген программа». Ал енді «Жұртқа тәртіпті мектеп керек. Мектепке
сайлы мұғалімдер керек» деп айтқаны мектептің адам өмірінде алатын зор міндеті барын, оны
дұрыс қолға тапсыруды көрсеткені деп білеміз.
Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ
әдебиетінің даму процесін
жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдады.
Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен
өзіндік даму барысы принципін берік ұстанды. «Оқу құралы» - қазақша жазылған тұңғыш
әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, бірнеше рет қайта
басылды. «Оқу құралы» әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде
бағаланады. «Тіл - құрал» оқулығы үш бөлімнен, яғни фонетикаға арналған бөлімі,
морфологияға арналған бөлімі, синтаксис бөлімі жарық көрді. «Тіл - құрал» - қазақ тілінің
тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл -
құрал» қазақ тіл білімінің сан салалы құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін қалаған зерттеулік
еңбек болып табылады.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес. Оның ұлт
жанашыры ретінде халқына
жасаған еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: