246
Мәдениет пен тілдердің әр түрлілігі – Қазақстанның ұлттық байлығы.
Тәуелсіздігіміздің бірінші күндерінен бастап, мемлекетіміз ең либералдық тілдік саясатын
жүзеге асырып жатыр. Ол біздің мемлекетіміздің халықтарының тілдік құқықтарын сақтайды,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін таңдауын қамтамасыз етеді. Қазақстан
халықтарының ассамблеясының XXII сессиясында Елбасы: «Кез келген ұлт - мемлекет, бұл-
бірінші кезекте, оның бірегейі - мемлекеттік тілі. Қазақ тілін үйреніп жүрген барлық ұлты
қазақ еместерге және балаларын балалар бақшасынан бастап өз Отанының тілінде сөйлеуге
үйретіп жүрген ата-аналарға да алғыс айту керек. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында
ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ
тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға
қамқорлық көрсетіп келеді. Біз үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз.
Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Яғни, үш тілді білу
– жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз. Бұл – адамның өмірдегі табыстылығының қағидаcы.
Тілдерді оқыту тиімділігі туралы айтқанда, біз осы жұмысты жүйелі жетілдіру
бойынша қажетті шараларға кірісу қажетпіз. Біз, мұғалімдер, оқытудағы құзыреттілік –
бағытталған тәсілі есебімен бағалаудың жаңа формаларына, оқыту технологиялары мен
жаңартылған мазмұнындағы жаңа мақсаттары мен мәселелеріне ұғынбасақ, іске асыру мүмкін
емес болады.
Көп тіл білу - көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі жаңа әлемде шетел
тілін білу – белсенді, мақсаткер адамдар үшін бұл -талап, бірнеше тілде еркін сөйлеу, біздің
болашақ перспективамызды кеңейтеді. Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы – елдің, оның
әлеуетінің кейінгі күшейтуіне бағытталған тұжырымдама. Үш тұғырлы тіл идеясы, бәсекеге
қабілетті Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына бағытталған ұлттық идеяның бөлігі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: