Список использованной литературы:
1. Республиканский научно-методический и педагогический журнал «История Казахстана:
преподавание в школах и ВУЗах» №4, 2013. – С. 8
2. Информация о реализации Комплексного плана по развитию трехъязычия в 2016 году,
задачи на 2017 год [Электронный ресурс].
URL:http://www.akimvko.gov.kz/ru/obrazovanie/vnedrenie-trexyazyichiya-v-vko.html(Дата
обращения 10.02.2017).
239
ҮШТІЛДІЛІК - ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ
Исмагулова Гульмира Какимовна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің
№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өркениеттік өрелік алға шығып, жаhанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге
ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс, ағылшын
тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында
мемлекетіміз аянбай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Сондай іс-шаралар
қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша көптеп
өткізіліп келеді. Ондағы мақсатымыз - өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінің мәртебесін
көтеру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген қабілетті оқушылар мен жастарды анықтау және
қолдау, қазақстандық патриотизмді нығайту. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл
мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыра отырып, үштілділік байқау-
сайыстарында, мектепішілік, сыныпішілік түрінде де, орыс және ағылшын тілдерінен
тапсырма сауалдарын қоса өткізіп, әсіресе, күнделікті жоспарлы сабақтарымызда жаңа сөздер
мен сөз тіркестерін үштілде өткізуді жиі қолдап та қолданып та жүрген мектеп мұғалімдеріміз
бар.
Бала тәрбиесі - қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын
толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген мәңгіліктің мәселесі. Тіл - оны жасаушы
халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті,
қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін
заманнан - заманға, адамнан-адамға жеткізуші, ұрпақ жалғастығы бауыр етіміз - балаларымыз.
Елбасы Н. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының
12 сессиясында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеясын жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын
кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Халқымыздың рухани дамуымен қатар бұл идея ішкі
саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Идеяның түйіні: Қазақстан әлемде жоғары
білімді, халқы үштілді, қазақ тілін - мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін - ұлтаралық қатынас
тілі ретінде және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде
еркін меңгерген ел болып танылуы керек. Үштұғырлы тіл саясаты заман талабына сай өмір
қажеттіліктерінен туындағын идея. Қазақстан Үкіметі білім мазмұнын жаңарту барысында үш
тілді білім беру жүйесін кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отыр.
2015 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру
саласында бірнеше қадам жоспарланды. Ұлт жоспарының 79-шы қадамы - білім беру
жүйесінде жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-
кезеңімен көшуді міндеттейді. Басты мақсаты - даярланатын кадрлардың бәсекелестік
қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Сонымен қатар
ағылшын тілінде білім беру – жеке тұлғаның білім кеңістігінде еркін самғауына мол мүмкіндік
береді. Осыған орай, 2015-2016 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында
үш тілді оқыту үшін еліміздің көптеген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында
химия, биология, физика, информатика пәндері мұғалімдері біліктілігін арттыруда. Осы тұста
білім беру саласындағы атқарылып жатқан заманауи іс-шаралардың көшбасшысы деп
еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің, облысымыздағы Ыбырай Алтынсарин
атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ұстаздар ұжымы зор жауапкершілік
240
танытудағы бастамаларын атап айтуға болады. «Білім беру реформасы табысының басты
өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде
қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген
болатын. Осы мақсатта шәкірттеріміздің тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға
деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына зор
міндет жүктеп отыр. Тіл - адамдардың қарым-қатынас жасайтын құралы, ол белгілі бір ұлттың
ұлттық сана-сезімін, халықтың халықтық қасиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін өз бойына қамтып
жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл - мейлі қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының,
тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас
құнды қазынасы.
Қазіргі қоғамда көп тілді болу әрқандай адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту
- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал
орыс тілі мен ағылшын тілін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы»
болып дамуына жол ашады. Үштілді білім беру ісінде атқарылып жатқан жұмыстардан ой
түйгенім: үштілді білім беру – бұл мектепте оқу пәндерін үш тілде аудармасыз оқыту – әрбір
мектеп бітірген Қазақстан Республикасының азаматы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік
біліп шығады, үш тілді меңгерген оқушылар өзгермелі кезеңде еркін әрекеттер жасауға бейім
болады. Қазақ тілі – ата-бабамыздың ұрпағына аманаттаған асылы, халқымыздың небір асыл
мұраларын қалыптастырушы, әдебиетіміз бен мәдениетімізді сақтап қалушы әрі болашаққа
жол сілтейтін құнды жәдігеріміз болғандықтан, Қазақстанда тұратын этностардың бірлігі мен
ынтымағының кепілі екенін ұғындыру. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-
жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізді тұратын барлық халықтардың өкілдері ана
тілдерінде еркін сөйлей алуына, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет».
Мемлекеттік тілді дамытуда пәрменді іс күтеміз. Мемлекеттік тіл мәселесі тек тіл
фестивальдарымен, байқаулар
өткізумен,
мемлекеттік
қызметкерлерді
оқытумен
шешілмейтіні анық. Ең бастысы, барлық ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл аясының төңірегіне
топтастыра біліп, ортақ мақсатқа ұйыстыра білу керек. Демек, «Тілі бірдің - тілегі бір», «Тіл
тағдыры–ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне
қол жеткізу жолында қызмет ету қазақстандықтардың ортақ парызы. Ендеше, жас ұрпақтың
өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы
олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке
байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу керек. Қазақстан халық
Ассамблеясы жанындағы «Тілдарын» әдістемелік орталығы өзге ұлт өкілдеріне арнап қазақ
тілін жедел үйрету әдістемесін әзірлеген болатын. Аталмыш орталық қолға алған жаңа оқу-
әдістемелік бағдарламаға әлемнің отыз тілін меңгерген, бірнеше тілде синхронды аударма
жасай алатын Ресейдің белгілі лингвисті Дмитрий Петровтың тәжірибесі негізге алыныпты.
Сондай-ақ, орталық қызметкерлері тіл оқыту бағытында Чехия ғалымдары мен әдіскерлерінің
тәжірибесіне сүйенуді де көздеп отырған көрінеді. Дмитрий Петровпен көптеген
қазақстандықтар ресейлік «Полиглот» бағдарламасы арқылы таныс. ҚХА-ның арнайы
шақыруымен келген әйгілі әдіскер қазақ тілін жеделдете оқыту әдістемесіне өз үлесін қосты
деуге болады. Жиырма төрт сағаттық курс ішінде Жапония елшісінің кеңесшісі Кенъитиро
Сасамэ қазақ тілін үйреніп алғанын газеттерден оқыдық. Әлемге әйгілі әдіскер-ғалымның
айтуынша, әрбір адамның тілдік қорының пайдаланылатын лексикасының тоқсан пайызы үш
жүз-үш жүз елу сөзден аспайды. Кез келген тілдің грамматикасы да қарапайым. Сондықтан
екі апта ішінде тілдің бірнеше негізгі грамматикалық ережелері мен құрылымдарын жылдам
еске сақтап және үш жүз - үш жүз елу сөзді еркін жаттап алуға болатындығын айтқан.
Зерттеулерге сүйенсек, алғашқы төрт күнде есте сақталмаған ақпараттың жетпіс бес пайызы
241
ұмытылып қалады екен. Ол үшін ұдайы қайталап, жаттығып отырудың маңызы зор. Содан соң
мұны әрі қарай дамытып, лексиканы біртіндеп молайта беруге болады. Осы орайда өзіміздің
отандық әдіскер тіл үйретушілердің көрегендігін де айта кеткен жөн. Сонау он тоғызыншы
ғасырдың өзінде ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин екінші тіл ретінде үйретілетін орыс
тілін оқытуда осыған ұқсас әдістемені қолға алған екен. «Қазақтарға орыс тілін оқытудың
бастауыш құралында» түзген орысша-қазақша сөздікке ол тақырыптар бойынша оқушылар
өміріне етене жақын, жиі қолданылатын сөздерді ғана іріктеп енгізген. Орыс тілі
грамматикасынан да қазақ балаларына тіл үйретуге қажетті мәліметтер сұрыпталып алынған.
Бертіндегі әріптестеріміз арасынан Дмитрий Петровтың әдістемесіне жақын тәсілмен қазақ
тілін табысты оқытуға қол жеткізіп жүрген мектеп және басқа оқу орындарының мұғалімдері
бар. Сонымен жоғарыда сөз еткен әдістемеге қайта оралсақ, ол он бес грамматикалық
конструкция мен кесте түрінде лексикалық материалдардан тұратын көрінеді. Негізгі
тақырыптар бойынша жиі қолданылатын үш жүз сөз және айналымдағы жүз елу сөз
қамтылған.
Алдағы уақытта елімізде озық шетелдік әдістемелер негізінде қазақ тілін жедел меңгеру
әдістемесі жасалмақшы. Ал келешекте жүзеге асатын бір типті мектептер шәкірттерді үш тілде
оқытуды қолға алып, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің өрістеуіне мүмкіндік бермекші.
Шетелдік озық әдістемесіне сүйену қажет дегенде, тіл үйретудің өзіндік тиімді тәжірибесімен
әлем назарына іліккен ресейлік филолог Александр Драгункинді айтпай кетуге болмайды. Ол
ағылшын және қытай тілін меңгерудің озық әдістемелерін зерттеген ғалым ретінде танымал.
Оның әдістемелері әлемнің жиырма сегіз мемлекетінде қолданылады. Атақты әдіскердің
ағылшын тілін үйрету кітабы 1998 жылы жарық көрген.Танымал әдіскердің айтуынша, оның
осы әдістемесі әмбебап, кез келген тілді оқыта беруге болады. Тек соны негізге ала отырып,
отандық тіл мамандары оңтайлы әдістеме жасаса, ал мектеп мұғалімдері үш тілдік пәндерді
оқыту жауапкершілігін терең сезініп, шеберліктерін шыңдай түссе екен дейміз. Қорыта
айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білім беру ісі - біздің мемлекетімізде басты
басымдық, дамуымыздың шешуші факторы», - дей келе, еліміздің ұстаздар қауымына зор
жауапкершілік жүктеп отырғандығы белгілі. Жауапты міндетті сапалы атқару – сіз мен біздің
еншімізде. Олай болса, Елбасы міндеттеген үш тілді меңгерудің алынбайтын қамал еместігіне
тағы бір мәрте көз жеткізуге болады. Мәңгілік Ел атануға бағдар ұстаған тұста рухни
жаңғырудың бір ұшы алдымен мемлекеттік тілге басымдық беруде, соған қол жеткізуде екенін
сезініп, сол жолда батыл әрекет жасағанымыз абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |