«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»



Pdf көрінісі
бет107/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

 
 
ҮШТІЛДІЛІК - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗІ 
Есенеева Рысжан Ескалиевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Арқалық қаласы білім бөлімінің 
А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 
информатика пәнінің мұғалімі 
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз 
мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады» – деген болатын. Елбасы атап 
өткендей, бүгінгі таңда білім ордаларының басты мақсаттарының бірі жас ұрпақты жан-
жақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер 
мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген 
шеберліктерін қалыптастыру болып табылады. 
Бұл мәселе бүгінгі күнде де өзекті. Себебі, қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген 
халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарында болған. Әлемнің ірі мемлекеттері көп 
тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан біз де өз 
халқымыздың алға қарай дамып, өркениеттен кеш қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. 
Ал жас жеткіншектерді жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық 
етіп тәрбиелеу - мына біздердің, педагогтердің міндеті. 
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны Елбасы 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан 
халқы Ассамблеясында ХІІ құрылтайында жария еткені баршамызға мәлім. Ал 2007 жылы 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» 
атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 
«Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті 
шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде
20 пайызды құрауы тиіс» - деп айтып өткен болатын [1, 44 б.]. 
Үштілділікті ендіру – өмір талабынан туындаған мәселе. Өйткені, егемен еліміздің 
әрбір маманының құзыреттілігі, бәсекеге қабілеттілігі тілді меңгеруінен анық 
аңғарылатындығы шындық. Кез келген мемлекет өзінің азаматтарына сапалы әрі заманауи 
білім алуға қолжетімді, қолайлы жағдай туғызуды ел дамуының бірден-бір кепілі 
санайтындығы анық. Сондықтан үкімет жастарды халықаралық біліктілікке сай біліммен 
қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тілді, орыс тілін және шет тілдерін меңгерту арқылы 
олардың тілдік санасын дамытуға айрықша көңіл бөлуде. Елімізде үштілді білім беру 
әдістемесінің дамуын анықтайтын негізгі бағыттар қалыптасып та үлгерді. Осыған орай қазіргі 


235 
таңда біздің алдымызда, әлемдік деңгейде оқытылып жатқан тілдердің рөлін саралау, оларды 
меңгертудегі нәтижелілік пен тілдік дайындық әдістемесін көтеру тұрғысынан маңызды 
мәселелер тұр. 
Әлем тарихында танымал болған ұлы данышпандар тарихына үңілсек, олардың бәрі 
бірнеше тілді қатар меңгеріп, өркениетті елдердің дүниетанымы арқылы, түсінік-парасаты 
арқылы жаңа әлемге еніп, дарын қабілеттерін шыңдаған. Ұлы ойшыл Әл-Фарабиден бастап 
қазақ әдебиетінің жазба мәдениетін қалыптастырған дана Абай, Шоқан, Ыбырайлар да орыс 
мәдениетін тану арқылы халықты өнер-білімге бастағаны тарихи ақиқат. 
Бүгінгі таңда бірнеше тілді білу - заман талабы. Мұндай феномен жаһандастырудың 
күшеюімен, халықаралық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі. Елімізде жұмысқа 
қабылдау барысында кандидаттарға қойылатын басты талаптардың бірі - бірнеше тілді білу.
Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңғыртылып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне дарынды ұрпақтың көш керуенін тура бағыттап, сара жолды меңзеуіне жаңа жол 
ашылып, сапалы, үздіксіз білім беру талабы айқындалуда. Бүгінгі заман талабының 
қажеттілігі: өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылық, зерттеушілік қабілеті жоғары оқушыларды 
қандай жағдайда да нақты шешімдер қабылдай білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге 
үйретуінде. 
Қазіргі таңда оқушылар үш тіл болсын, он тіл болсын меңгеріп кете алады. Себебі, қазір 
балаларға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар мектептерде кейбір пәндер ағылшын 
тілінде өтеді. Атап айтар болсақ, өзім дәріс беретін информатика пәні. Аталмыш пәнді 
ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсам, оқушылардың информатика 
пәніне қатысты терминдеріне байланысты сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, 
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және де өз ойын ағылшын тілінде жеткізе білуге 
дағдылануға мүмкіндік туғызады.
Көптілді білім беруде тіл үйренуші белсенділік, өзін-өзі басқару, білімді өздігінше алу, 
яғни «тілді үйрету мүмкін емес, оны тек үйренуге болады» қағидасын ұстануы қажет. Кез 
келген тілді оқытуда тіл үйренушіге ана тілі негізгі таяныш болады [2]. 
Әрбір тіл үйретуші ұстаз әдістемелік тәжірибесін үнемі жетілдіріп, оны тиімді 
қолданып отырса, шет тілін үйренудегі қиындықтар қызығушылыққа айналуы әбден мүмкін 
болмақ. «Тілді үйретпейді, тілге үйрену керек» деген қағиданы еске алсақ, тіл үйретуде әр 
шәкіртке ішкі ұмтылыс, қызығушылық болу керек. Әр шәкірт өзге тілді үйренуге деген 
немқұрайлық пен жалқаулықты жеңіп, тілге деген көзқарасын өзгертіп, бар ниетімен құлшына 
оқығанда ғана нәтиже болары белгілі. 
Мектеп қабырғасында шәкірттің бойына терең білім берумен қатар өзге ұлт өкілдеріне 
толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар ролі зор. Ұрпағымыздың 
көптілді тұлға, азамат болып өсуі, жаhандану үдерісінен туындап отырған уақыт талабы. 
Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-
ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше 
тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу. 
Сонымен қатар бүгінгі күнде әрбір оқушының қабілеті көз ілеспес жылдамдықпен 
дамуда. Жаңа бағдарламалар күн сайын емес ай сайын жаңаруда. Елбасымыздың өзі білімді 
бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін айтқан. Талмай оқығанның қатарынан озық, 
тынымсыз ізденгеннің көптен үздік болары анық.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы қасиет иесі 
болуды міндеттейді. Кез келген тұлға тіл арқылы әмбебап, ғаламдық құндылықтарды таниды, 
көрші мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттестік орнатады және әлемдік кеңістікке ене алады. 
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы - елімізді, оның әлеуетін ары қарай нығайтуға 
бағытталған концепция. XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық 
технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып 
табылады. Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығымен бірге сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен 


236 
қалғысы келмей, емін-еркін сөздерді қайта-қайта айтуда, бір-бірімен ықпалдарының әсер етуі 
жақсы нәтижеге жетелейді. 
Егемен елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар – бүгінгі өрендер, болашақ жас ұрпақ. 
Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз 
байланысты. Белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, 
ел болғаның қайсы?» деген сөзі ешқашан ескірмесі анық. Сондықтан біз жастарға бағыт-
бағдар беріп, оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға 
тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын 
қалыптастыру. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген жас ұрпақ оған әр уақытта шығармашылықпен, 
жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Адамның қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп 
саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет