32
зиялыларының мойнына түскен. Бұл оқиға өз бастауын 1917 жылы Әлихан Бөкейханов пен
Ахмет Байтұрсыновтың «Алаш» партиясын құруымен басталған болатын.Алаш партиясының
құрылуы үлкен тарихи мәнге ие. Алаш партиясы өзімен бірге саяси, әлеуметтік мәселелерді
қозғайды. Қазақ зиялыларының саяси партияны құруы - 20 ғасырда елді аласапыран, қиын
кезеңнен шығару үшін еді. Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары:
Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақпаев, Мұхаметжан
Тынышбайұлы сияқты қазақ дүлділерінен Алаш партиясын құрған болатын. Әлихан
Бөкейхановпен қатар тұрған Ахмет Байтұрсыновтың «Алаш» партиясына және қазақ еліне
жасаған істері жетерлік. Ахмет Байтұрсынов сол кездің өзінде бүкіл қазақ еліне әлеуметтік
қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалған. Ол туған халқы үшін күресті.
Мемлекеттік құрылысты демократияландыру мәселесі бойынша
алаштықтардың көзқарасы
жүйелілігімен ерекшеленді. Ахмет Байтұрсыновтың мына бір сөзі ұлтымызға ұран болуына
әбден лайық: «Біз, кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіруіміз керек. Басқадан кем
болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға
кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек
» [1].
Ол өзінің үлкен ерік-жігерімен, үлкен ұйымдастырушылық қабілетімен, саяси
оқиғаларға деген көзқарасының тұрақтылығымен үлкен беделге және құрметке ие болды. Өз
қызметінде ол ұлттық ұстанымды ұстанды. Ұлттық интеллигенция Ахмет жасаған күш-
жігердің арқасында қазақ даласы ояна бастады, қазақтар арасында демократиялық саяси ойлар
тарады. Соңында, біріншіден, А.Байтұрсынов Ресей патша үкіметінің
қазақ халқына қарсы
жүргізген отаршылдық саясатын ашып қана қоймай, қазақ халқының саяси даму жолдарын
ұсынды. Екіншіден, халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үшін ол қазақ халқының
сауаттылығын ашып, білімге жетелейді, саяси-экономикалық және мәдени жаңғыру үшін
күреседі. Үшіншіден, қазақ халқының шаруашылық жүргізу нысандарын жоюға, тіршілік
әрекетінің экономикалық негіздерінен айыруға ұмтылған патша үкіметінің саясатына қарсы
тұру насихатқа қарсы күрес құралына айналды. А. Байтұрсыновтың өмірлік ұстанымы қазақ
халқының қозғалысы мен сана-сезіміне серпін берді деп санаймын. Одан да басқа қазақ
жазуын реформалау
принциптерін әзірлеуге кірісіп, қазақ грамматикасының санаттарын
анықтау үшін ғылыми терминологияны әзірлейді.Оның ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарынан
бөлек, араб графикасы негізінде қазақ жазуын реформалауға қосқан үлесі ерекше. 1912 жылы
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінде қолданылмайтын барлық таза араб әріптерін алып тастап,
қазақ тіліне тән әріптерді қосты. Жаңа әліпби «Жаңа Емле» деген атауға ие болды. Ахмет
Байтұрсынов араб әліпбиін реформалау жобасын ұсынып, қазақ тілінің мәселесін шешіп,
ерекше қиындықсыз шынайы графикасы бар толыққанды тілге айналдыруға мүмкіндік берген.
«Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады» деп босқа айтпаған. Өз сөзінде Ахмет былай депті:
«Әліпби кез келген тілдің негізгі сөйлеу дыбыстарын бейнелеуге қызмет ететін шартты
белгілердің жиынтығынан кем емес. Алфавитті сөйлеу элементтері неғұрлым толық және дәл
жеткізсе, оған сауаттылықты үйрену оңай, оқу мен жазуға ыңғайлы, техниканы жетілдіруге
неғұрлым жақсы бейімделсе, соғұрлым жақсы деп саналады. Демек, алфавит - бұл оның қадір-
қасиеті мен кемшіліктері жағынан оның сапасын қарастыруға
және анықтауға болатын
тақырып» [2]. Осы еңбектің арқасында қазақтар қазіргі өркениетті ұлттың қалыптасуы
жолында өте маңызды қадам жасады деп айтуға болады. Бұл өмірді жақсы көретін және оның
айналасындағы халқының тағдырына бей-жай қарамайтын энциклопедиялық ақыл және
ерекше қабілетті адам болып, барлығын таусылмайтын энергия мен белсенділіктің терең
мағынасын жұқтырды.
Ахмет Байтұрсынов ағартушылық, білім беру халыққа еркіндік, қоғамдық өзгерістер
жағдайында ғана елеулі пайда әкелетінін нақты түсінген. Ахмет Байтұрсыновтың сан қырлы
дарыны оған поэзияда, публицистикада, ғылымда және мәдениеттің
басқа да салаларында
қаламның күшін сынап көруге мүмкіндік берді. Ол - ғалым, аудармашы, этнограф, көптеген
оқулықтардың құрастырушысы ғана емес, сонымен қатар жас балаларға арналған көптеген
өлеңдердің авторы. «Егер халық үшін басты байлық - денсаулық, жан үшін басты байлық –
33
білім мен өнер болса, тек олардың көмегімен халықтар өркениет қатарынан өз орнын табады.
Басты міндет – жастарға білім беру, қолөнерге үйрету, оларға мамандық беру. Осы міндеттерді
жүзеге асыру үшін қазақ даласында барлық ауылдарда қазақ мектептерін ашып, қазақ тілінде
сабақ беру керек. Бұл - біздің басты мақсатымыз және міндетіміз», - деді Ахмет [3].
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен
1997 жыл біздің республикамызда Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы, ал саяси қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен адамдарды мәңгі
есте сақтау мақсатында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып
жарияланды. Әр халықтың, мемлекеттің өмірінде ұмытуға болмайтын оқиғалары болды. Осы
оқиғаларға, оның тарихына ұқыпты қарау - бүгін
және ертең біз жаңаларын
жасамайтынымыздың ең жақсы кепілі. Жерлесіміз А.Байтұрсыновтың есімі Қостанай
қаласында мәңгі есте қалды. Оның есімімен Қостанай мемлекеттік университеті аталады.
Қалалық саябақта ескерткіш орнатылған, қаланың орталық көшелерінің бірі оның есімімен
аталады. Ол қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде халықтың жадында мәңгі
қалды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз: «Ұстаз
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын,
мейлінше шешең, өнер-білімге құштар, жаны жақындарына да, жат адамдарға да әділ,
жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек», - деген екен [4]. Осы сөздің қаншалықты дәл екенін айтсаңшы.
Ұстаз - білім кілтін сыйлаушы ғана емес, қамқоршы тірегің, ақылшы досың да.
Айта кетсек, Ахмет Байтұрсыновтың еліне деген махаббаты мен зор еңбегі шексіз, ол
өз еліне арнап көптеген өлеңдер, шығармалар жазған. Тәуелсіздікті армандап, оған қол
жеткізуге «Алаш» партиясының қайраткері болған. Айта берсең,
жасаған еңбектері толып
жатыр. Оның еңбегін халқы ешқашан да ұмытпайды және оны халқы құрметтеп, мақтан
тұтады!
Достарыңызбен бөлісу: