«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Список использованной литературы: 
1. Абсадык, А. Неизвестная статья Ахмета Байтурсынова: [на страницах «Тургайской газеты» 
обнаружена ранее неизвестная статья учёного] / А. Абсадык // Казахстанская правда. – 2020. – 
29 октября. – С. 5. 
2. Вебер, А. Имя в истории: Жемчужины Костанайской области: [ауыл Сарытубек 
Жангельдинского р-на Костанайской области – родина А. Байтурсынова] / А.Вебер; фото 
Георгия Шаповалова // Костанай-Агро. – 2019. – 21 ноября. – С. 14. 
3. Дощанова, А. Преемственность поколений учёных Костанайской области / А. Дощанова // 
Білімді ел = Образованная страна. – 2020. – 29 қыркүйек. – С. 16-17. 
4. Муканова, Г. Интеллектуальное достояние Ахмета Байтурсынова / Г. Муканова // Мысль. – 
2016. – № 1. – С. 31–33.
5. http://teacher.ozin-ozi-tanu.kz/ 
 
 
 
ҰЛТЫМ ДЕП ӨТКЕН ҰЛЫ ТҰЛҒА 
 
Қабылбекова Гүлбану Жолдықызы, 
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 
«Алтынсарин ауданы білім бөлімінің 
Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Халқының сауатын ашу жолында көп күш жұмсаған Ахаңды халық қазақ жазуының 
реформаторы ретінде таниды, яғни қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретінде білеміз. Ал енді 
Ахметтің әліпби реформасын жасаудағы жолына шолу жасайық. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ 
балаларының қамын ойлап, сауатын қалай ашсам болады деген тұлғалардың бірі болғанын 
бәріміз білеміз. Осы мақсатта қазақ жазуының өз таңбасы керек деп, ұлттық жазу таңбасын 
ойластырады. Ахаңа дейінгі мұғалімдер болса, өздерінің ыңғайына қарай орыс, араб 
жазуларын қолданып келген. Осыған көңілі толмаған ұлт ұстазы балаларға тілге жеңіл, ой-
өрісін, сана-сезімін қалыптастыратын, оқуға да жеңіл әліппе оқулығын жазуды қолға алады. 
Сол кезде оқушыларға білім беріліп жатқан араб әліпбиі бар еді. Ойластыра келе, ақын сол 
араб әліпбиін қазақ әліпбиіне икемдеуді ойластырған болатын. Бірінші орынға оқушыларға 
берілетін білімнің нақты және жеңіл болуын қарастырады да, екінші, үшінші орындарда оқыту 
жүйесі мен мектеп, медреселердің жай-күйін қарастыратын болады. 1913 жылғы «Қазақ» 
газетінің №35 санында жарияланған «Жазу мәселесі» деген мақаласында Ахмет дауысты 
дыбыстарды таңбалау жөніндегі өз ұсынысын ортаға салады [1, 47- 48 бб.]. 
Міне, осыдан кейін ол сол үшін қаншама тер төгеді. Осы қазақ әліпбиіне келмес бұрын 
ақын халықтың сауатсыздығын көріп, қатты қиналады, жаны ашиды, әліпби жазуға деген 
құлшынысы осы кезден бастап ояна бастайды. Қазақ баласының қолданып отырған әліпбиінің 
кемшіліктерін көріп, дереу өзгерту керектігіне тоқталады. Ахаң ешқашан мойыған емес. Қайта 
бір минут уақытын да құр босқа өткізбей, қазақ елінің көзін ашып, көгірегін оятуға белсене 
кіріскенін осы кездерде анық байқауға болады. Алайда, Ахаңның бұл ісін қолдағандар да, оған 
қарсы шығып, өз пікірлерін білдіргендер де болды. Ахаңа жасалған қарсылықтар да, 
қолдаулар да сол кезде қазақ халқының айнасына айналған «Қазақ» газетінде жарық көріп, 
елден-елге таралып жатты. А.Күзембаев, А Иманбеков, Ғ.Тоқтарбеков сияқты азаматтар 
«Емле хақында» деген мақалада тіліміздің қажетін өтейтін әріптің жоқтығын айта келіп, бұл 
кемшіліктің орнын Ахмет Байтұрсынұлы толықтырғанын айтады [2, 33-34 б.]. 


39 
Ахмет атамыздың осы әліпбиінің шығуы да оңай болған жоқ. Ахметті көре алмаған 
күншілдеріміз оны «жауыз, сатқын» деп жала жапқанын да байқауға болады. Айта берсек, 
Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ тіл білімінің реформаторы» деген атағы ғалымның жолын 
жапты. Соның салдарынан ол «Халық жауы» деген жалған айыпты арқалады. Біреулер қазақ 
жазуы деп атаса, біреулер бұл жазуды «Ахмет Байтұрсынұлының жазуы» деп жүрді. Ахмет 
қай саланы қолына алса да, оны асқан ыждағаттылықпен орындап, екінші рет жасамайтын еді.
Осындай халқы үшін аянбай тер төккен Ахаң халқының бақытты болашағы мен аңсаған 
арманына жетуін өз көзімен көруді армандаған болатын. Амал нешік, ол күндерге жетуді 
тағдыр маңдайына жазбапты. Ахметтің өзі де, оның әкесі де жалған жаланың құрбаны болған 
кісілер.
Ағартушылық іспен айналысып жүргенде жазған «Қырық мысал» еңбегі арқылы 
қасындағы сатқындар мен жауыздарды сынап-мінеді. Өзінің қарсылығын тура көрсете алмай, 
астарлы түрде мысал, өлеңмен жеткізуді жөн көрді. Бұғып жатқан момын, қой аузынан шөп 
алмайтын қазақ халқын ояту Ахмет Байтұрсыновқа оңай болған жоқ. Бірақ, осы арманын 
орындау мақсатында өзі «маса» кейпіне еніп, қазақ халқын маса боп шақты. Бұл образы да 
оны биікке жетелей алмады. Қайта өзіне тағы бір жала болып жабылды. Сәкен Сейфуллин 
атамыз 1923 жылы 30 қаңтарда «Ахмет Байтұрсынов елуге толды» деген мақаласында: 
«Байлардан бөліп, жарлы табының ғана намысын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын 
байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, жоғын бірге жоқтады», - деп әділ көрсетті [3, 
26-27 б.]. 
Ұлы тұлға, ұлы ақын Ахаң туралы қанша айтсақ та бітпейді-ау. Ахмет Байтұрсынов 
туралы айтатын болсам, биылғы тәуелсіздіктің 30 жылдығында, Ахмет Байтұрсынұлының
150 жасқа толуына орай Ахаңның құрметіне арналып жасалған үлкен сыйды айтпасқа болмас. 
Жыл сайын су тасып, ел маңын су басып, басқа ауылдармен қатынассыз қалатын Ахаң 
ауылының жақында бір қуаныштың куәсі болғанын жеткізгім келіп отыр. Ол - Ахмет туған 
Ақкөл аулына көпірдің салынуы. Бұл бастамасы ғана деп ойлаймын. Енді осы көтерме жолды 
ауылға дейін жалғастырса, орта жолда қиындық көретін ауыл тұрғындары бір қуанып қалар 
еді-ау. Себебі, жылда тасыған судың кесірінен ауыл халқы сол көтерме жолға шығуға да зар 
болып қалады. Сонымен қатар Ахаңның 150 жылдық мерейтойына байланысты оның тұрған 
үйі мен мектебін, аунап-қунап өскен туған жерін көруге жер-жерден халық ағылуда. Сол 
себептен шұқыр-шұқыр жолы мен қыста ақ қар, жазда шалғын шөп басатын жолына күрделі 
жөндеудің керек екендігі де белгілі. Ахаң туған жерде өлместің күнін кешіп, жол зардабын 
тартып жүрген жерлестеріміздің жай-күйін көргенде көңілің құлазып, еңсеңнің түсетіні де рас. 
Осы уақытқа дейін ескерілмей, өлместің күнін кешіп жатқан Ахаң ауылы ақынның 
мерейтойында бір жаңарып қалар-ау деп халық үміттеніп отыр. 
Елдің орталығы саналатын Торғай елінен Ақкөл ауылы 100 шақырым деседі. Елі үшін 
өмір сүрген Ахаңа 100 шақырым жол сыйласақ аруағы риза болып қалмай ма? «Өлі разы 
болмай, тірі байымас» демекші, ел азаматтарының да көрінетін тұсы осы жер. Онсыз да 
қойшының қорасындай болып көз ұшында ғана көрініп тұрған Ахмет Байтұрсынұлының туған 
үйі ғана. Ішінде қазақы пеші мен тоқыма кілемнен басқа ештеңені көре алмайсың. Ал ақынға 
арналған мұражай мектеп ішінің бір қабырғасынан бұйырыпты, әйтеуір. Онсыз да өзі өмір 
сүрген уақытта тағдырынан еш рахат көрмеген ұлы тұлғаға бір мұражай салу қиын болғаны 
ма сонда?! Алдағы уақытта менің ғана емес, барлық халықтың жанайқайы жоғарыда отырған 
билік басындағыларға жетіп, ауылдастарымның асқақ арманы орындалар деген сенімдемін.
Қасиеті мекен - Торғай жерінде дүниеге келіп, артына мол мұра қалдырған ұлы 
тұлғаның туған жеріне сүйегі жеткізілсе, одан артық ешқандай бақыт жоқ деседі жерлестері. 
Алдағы уақытта ақынның туған жеріне баратын 100 шақырым жол дұрысталып, ғаламтор 
байланысы күшейтілсе, өзіне арнап жеке мұражай салынса, туған үйі ХІХ ғасырдың жетегінен 
шығып, ХХІ ғасырдың келбетіне енсе ғой деген арманымыз бар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет