«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет68/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. А. Байтұрсынов қазақ тілінде оқыту туралы //Қазақстанның педагогикалық ой антологиясы 
/ құраст. К.Б. Жарикбаев, С. К. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1995. – 512 б. 
2. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 2 том. – Алматы: «Алаш», 2004. 
3. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» атты Қазақстан халқына 
Жолдауы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». 2012 жылғы 14 желтоқсан.
4. Вестник Қазұу.Әл-Фараби Атындағы Қазұу. «Ақпараттық» Сериясы.- № 3. 1988. 18 б. 


145 
А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯ - 
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ 
 
 
Кикбаева Алтын Токтасыновна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Арқалық қаласы білім бөлімінің
А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясы» КММ 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
Жер бетінде әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұралары бар. Солардың 
ең бастысы - халықтың рухани қазынасы. Халықтың ізгі ойларын, талап, тілегінен, мақсат 
мүддесі мен асыл армандарынан туған бұл мұралар барша адамзат баласына ортақ және 
келешек ұрпақтар тәрбиелеудің бірден бір құралы. Қазақ халқының сонау түркі заманнан 
бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі- 
халықтық педагогика. Халықтық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және 
өндірістік 
білім, 
дағды, 
шеберлікті 
ұрпақтан-ұрпаққа 
қалдыру. 
Халықтық 
педагогикасының мазмұнын құрайтын әрі тәлімдік мән-маңызы бар мұра - халықтық 
идеялар. Ал педагогикаға негізделген халықтық идеялар - жас ұрпақты еңбек, отаншылдық, 
имандылық пен адамгершілік, сыр мен сымбат, ақыл-ой тәрбиесін баулуда біртіндеп бойға 
сіңіретін нәрлі өзек. Халықтық идеяның басты мақсаты - қоғамның белсенді мүшесі 
болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз - ақыл-ойы 
дамыған, денсаулығы мықты, еңбекқор, ізденімпаз, эстетикалық талғамы биік, 
имандылықты бетке тұтқан, адамгершілігі мол қоғамның белсенді мүшесі.
Қазақ халқының рухани мұрасының мәнін ашу, оны игеруде қазақтың жазушы-
педагогтарының халықтық идея проблемасы туралы ой-пікірлерін зерттеудің қазіргі кезде 
маңызы ерекше. Осыған орай ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары өмір 
сүріп, ағартушылық қызмет атқарған Ахмет Байтұрсыновтың халықтық идея проблемасы 
жөніндегі еңбектерін зерттелу жайын анықтауды жөн көрдім. 
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары, оның Қазақстанда педагогика 
ғылымы мен білім беру саласында қосқан үлесі бұдан бұрында ғалымдардың назарына 
ілініп, зерттеу объектісіне айналған болатын.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірде алдына қойған мақсаты - қазақ халқының ұлттық 
санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Педагог - ғалым ол үшін халықты жаппай 
сауаттандыру керек екенін айтып, өзінің халықтық идеясын насихаттады. Ол халықтық идея 
туралы ой-пікірлерін «Қазақ» газетінде жариялаған көптеген мақалаларында, «Тіл туралы», 
«Әдебиет танытқыш», «Оқу құрал» (хрестоматия), «Маса», «Баяншы», «Тіл ашар», «Сауат 
ашқыш», «Әліппе астар», «23 жоқтау», т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, оларды тікелей 
іске асырды.
Ұлт ұстазы осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін 
қалады. Ол жүйенің басты элементтері мыналар: 
1. 
Ұлттық жазу жүйесі бойынша білім беру. 
2. 
Ұлттық негіздегі бағдарламалар, оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар. 
3. 
Мектепке керек заттар. 
4. 
Мектеп ісін жандандыратын мұғалімдер мен тәрбиешілер [2]. 
Міне, осылардың негізінде қазақтың тілі, ауыз әдебиеті, мәдениеті, тарихы, әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлері туралы халықтық идеяларын мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие 
беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті. Ол ағартушылық қызметінде халық 
даналығы тудырған фольклорлық мұраларын жинап, зерттеуге ерекше ден қойған.
Ағартушы-ғалым жинап, реттеп, сұрыптап бастырған басты фольклорлық мұра-
«23 жоқтау». Мұнда қазақ халқының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтау, трагедиялық, 


146 
мұңды жырлар жазылған. Онда Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Кенесары, Наурызбай 
би туралы нақтылы мәліметтер көрсетілген. Мысал келтіретін болсақ, Қаз дауысты Қазыбекті 
қызы Мөңкенің жоқтауында Қазыбек бидің қазақ қауымына пана, қазақтың батырлары мен 
хандарына ақылшысы болғаны, көрші елдермен тату болуды көксегені жырланады. 
Сонымен қатар А. Байтұрсынов қазақтың тұрмыс-салт жырларының ішінде ерекше 
мән бергені - «Бесік жыры». Ол «Бесік жыры, яғни бала тербету - баланы ұйықтату үшін 
айтылатын өлең, баланы тербетуде айтылатын өлеңдер түрліше айтылады. Бірақ бүгінге 
бірдей жалпы келетін жерлер бар», - деп оның мазмұнын сипаттап өтеді. Осылайша, ол ұлттық 
әдет-ғұрыптарға байланысты орындалатын рәсімдердің мән-маңызын салмақтай отырып, 
жеке тұлғаның рухани, адамгершілік қасиетін қалыптастырудағы халықтық мұраның рөлін 
айқындайды.
[3].
А.Байтұрсынов мақалдардың жағымдысы да, жағымсызы да болатынын, олардың адам 
бойында әр түрлі қасиеттердің қалыптастыруына ықпал ететінін атап айтады. Қазақ арасында 
жиі айтылатын «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы», «Ашу-дұшпан, 
ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос», «Денсаулық - зор байлық» т.б. мақалдардың мән-маңызына 
үңіледі.
Мақал мен мәтелдерді салыстыра отырып, «Мәтел дегеніміз - кезіне келгенде 
көсегімен айтылатын белгілі бір сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ, мақал 
тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз 
есебінде айтылады», - деп тұжырымдайды. Ахмет Байтұрсыновтың «Асыл сөз» атты 
еңбегінде қазақ халқының сөз өнеріне қатысты дәстүр, әдет-ғұрыптарына жан-жақты тоқтала 
отырып, оның тәрбиелік мәнін ашып көрсететінін байқауға болады.
«Өнер алды - қызыл тіл», -дей отырып, сөз өнерінің адам санасында үш түрде 
негізделетініне, яғни 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге байланысты болатынын көрсетеді. Ақыл 
мен тілдің мән-маңызы және міндеті туралы былайша пайымдаған: «Ақыл ісі-аңдау, яғни 
нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі-меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді 
белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі-түю, 
талғау»; «Тілдің міндеті-ақылдың андауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, 
көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау». 
А.Байтұрсынов мұраларын зерттегенде ғалымның қазақ халқының ұлт ретінде 
қалыптасуын көксегені, осы жолда маңызды істер тыңдыруға ұмтылғанын аңғардым. Әсіресе, 
ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-баба дәстүріне аса мән берген. Оны ұлттық сана-сезімді 
қалыптастырудағы ықпалды күштің бірі деп білді. Оның халықтық идеясы «Қазақ» газеті 
беттерінде жариялаған мақалаларында айқын көрінеді. Мысалы, 1913 жылы газеттің тұңғыш 
саны шыққанда ол тілге, әдебиетке, мәдениетке байланысты былай деп жазған еді: «Өзіміздің 
елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз алдына ел болуға өзінің тілі, 
әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз».
Ахмет Байтұрсынов туған халқын ғылым-білімге ұмтылдыруды көкседі, газет арқылы 
әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алу қажеттігін көрсете отырып, ол үшін «Адамға тіл, 
құлақ қалай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де сондай керек»,-деп жазды [4]. 
Ал қазіргі еліміздің тәуелсіздік алып, өркениетке бет бұрған кезеңінде халықтық 
тәлім-тәрбие қоғамның мақсат-мүддесімен үйлесімдік тауып отыр. Осыған орай жан-жақты 
жетілген тұлғаларды тәрбиелеу іс-әрекетінде халқымыздың рухани-мәдени мұраларын 
кеңінен пайдалану кезек күттірмейтін мәселеге айналуы біздің проблемамыздың 
құндылығын арттыруда. 
Қазіргі кезеңде жастарға қоғамдық тәрбие берудегі отбасынан кейінгі өте ықпалды 
орта жалпы білім беретін мектептер екені баршамызға аян. Жасөспірімдерді қоғамның 
белді мүшесі ретінде өздеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін сезініп, қоғамдық ортада 
өзін-өзі ұстай білуі мен қарым-қатынас этикасын ұстануға тәрбиелеу - мектептердегі 
қоғамдық тәрбиенің басты бағыты. 


147 
Мектеп қабырғасында елінің рухани мәдениетін бойына сіңіріп, тілін, дінін сыйлап, 
халқының өзіне тән төл тәлім-тәрбиесінен тағылым алған оқушылар қоғамда өз орнын 
тауып, оның белсенді мүшесі бола алатынын қазақ жазушы-педагогтары А. Байтұрсынов, 
М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және Х. Досмұхамедов өз шығармаларында 
айтып өткен еді [5]. 
Қорыта келе айтарым, Ахмет Байтұрсынов өзінің ағартушылық қызметі мен 
педагогикалық көзқарастары арқылы халықтық идеяны кеңінен насихаттап, оны нақты іске 
асыру жолына бар өмірін арнаған ғұлама ұстаз, халық педагогы, «ұлттық тарихымызда 
ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет