«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет70/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ардақ Абдуллина. «Қостанай таңы». – 1998. – 22 қыркүйек. – Б. 5. 
2. Қазақ фольклор танудағы жаңа белес. Өлкетану. 2004 жыл. №4 130 б. 
3. Мұқанов Қайролла. Ұлы ағартушы. Қазақ. – 2018. - 5-12 қазан. - Б. 4. 
4. Имаханбетова Райхан. Ахаңның еленбей келген еңбектері. Қостанай таңы. - («Зерде» 
тарихи-танымдық қосымшасы). – 2013. - 13 қараша. - Б. 7, 10. 
5. Әбжанов Ханкелді. Ахмет Байтұрсынұлы және тарих. Ақиқат. – 2020. – № 10. – Б. 70–74. 
(Материалдар Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облысының әмбебап ғылыми кітапханасынан 
алынды). 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕ 
ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Косбергенова Асель Кажкеновна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
Арқалық қаласы білім бөлімінің 
 «А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясы» КММ
математика пәнінің мұғалімі 
 
 
Байтұрсынұлы Ахмет - XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы 
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының 
негізін салушы, ағартушы. 
Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бюросы Ахмет 
Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі 
комиссияның жұмыс қорытындысын мақұлдады. Сөйтіп, кезінде сталиндік репрессияға 
ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар 
қайта оралды. Олардың шығармаларын қорықпай оқитын күн туды. 


150 
Қазақ А.Байтұрсынұлының елінің тарихында зор бетбұрыс жасаған ұлы өзгерістердің 
ұйытқысы болғаны баршаға мәлім. «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей – теңіз 
энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысы ғұмырында қараңғы қалың елін 
жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани 
көсемі». Білдей «Қазақ» газетінің бас редакторы, Алаш Орда үкіметінің белсендісі, ақын, 
қоғам қайраткері, қазақ мектептерінің оқу құралдарына жаңа емле, араб графикасын енгізген
тұңғыш рет қазақ тарихында ұлттық әліпби жасап, мектептерде ұстаздық еткен педагог әрі 
мемлекеттік қызметкер болған. «...Ахмет Байтұрсынов қазақ ұлтына жанын аямай қызмет 
қылды. Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті» деп жазған 
екен ақын Сәкен Сейфуллин. «Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар: бірі - ақындық,
екіншісі - ғалымдық, соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек», – деген екен В.Белинский. 
Осындай жайларды Ахмет Байтұрсынұлының бойынан да көреміз. Оның ақындығын 
ғалымдығы жеңіп кетті. Қазақ даласына идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның 
бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық 
дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ тіл ғылымының 
теориялық негізін орнықтырған А.Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының дамуына тікелей 
атсалысқан ғалым. Ұлт басылымы «Қазақ» газетінің тұңғыш санында А.Байтұрсынұлы: 
«...Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен 
әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай 
алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халіміз оңды емес. Осы күні орыс 
школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, 
жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз 
мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі 
қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын 
қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» деген екен. Ақиқатында, Алаш зиялылары бұл 
істе бабалар мұрасын үлгі тұтып, мирас етіп қалдырды. 
Ахмет Бйтұрсынов қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің, таптық шиеленіс-
қақтығыстардың себеп-салдарына терең бойлай алмаса да, еңбекші халыққа, олардың ауыр 
халіне көңіл бөліп, аяушылық сезім білдіреді, ауыр халге төзіп, көніп, үндемей жүре бермей, 
адамдық қасиетті қорғауды қалайды. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға 
бейімдігін аңғартады. Ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып 
кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды.
Антикалық Грецияда идеалистік философияның негізін салған атақты математик 
Пифагор дүниетанымда санды ерекше көкке көтеріп, оның рөлін айрықшалап абсолютке 
айналдырған. Абсолютті шамалар деп, қоғамдық абсолютті мөлшерін сипаттайтын 
көрсеткіштерді атайды. Бұл тақырыптар 7 сыныптың алгебра оқулығында бар [5,169 б.]. 
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының ішінен «Маса» деген өлеңін алатын 
болсақ, абсолюттік жиілікті табудың жолын айтуға болады.
«Маса» 
Түсіне қарап, 
Ішінен түңілме! 
Күшіне қарап, 
Ісінен түңілме. 
«Кесте 1» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет