Ахметов А., Ахметова Г


 бап. Баспа қызметін жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

15 бап. Баспа қызметін жүзеге асыру  

Кəсіптік одақтар өздерінің баспа органдарын, баспалар ұстауға, 

радио мен теледидарды қоспағанда, басқа да бұқаралық хабарлама 

құралдарын меншіктенуге не өзгелердікін пайдалануға құқылы. 

  

16  бап.  Кəсіптік  одақтар  өз  қаражаты  жəне  сырттан 

тартылған  қаражат  есебінен  кəсіподақтардың  жарғылық 

міндеттері  мен  мақсаттарын  жүзеге  асырудан  туындайтын 

шараларды 

қаржыландыруға 

арналған 

əлеуметтік-

экономикалық мақсаттағы ақша қорларын құра алады. 

  


17  бап.  Мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  саясатын 

қалыптастыруға кəсіподақтардың қатысуы  

Кəсіптік  одақтар  жұмыссыздыққа  қарсы  күрес  жəне  жұмыспен 

қамтуды  қамтамасыз  ету,  босап  қалған  қызметкерлерді  қорғау 

бағдарламаларын, күнкөріс минимумын белгілеу жəне оны сақтау, 

табыстарды 

индекстеу, 

жалақының, 

зейнетақылардың, 

стипендиялардың  жəне  жəрдемақылардың  ең  төмен  деңгейін 

арттыру  жөніндегі  шараларды  қоса  алғанда,  өз  мүшелерін 

əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағынан  қорғау  жөніндегі 

жоспарлар  мен  бағдарламаларды  əзірлейді,  оларды  тиісті 

мемлекеттік органдарға ұсыныстар ретінде енгізеді.  

 

18 бап. Кəсіптік одақтар қызметінің кепілдігі 

Мемлекет  кəсіподақтарға  берілген  құқықтapдың  сақталуын 

қамтамасыз етеді жəне олардың жарғылық міндеттерін орындауына 

жағдай жасауға кепілдік береді.  

Кəсіподақтарды қандай да бір органдар мен ұйымдарға тікелей 

немесе  жанама  бағындыруды  немесе  оның  құқықтарын  шектеуді 

мақсат ететін, сондай-ақ кəсіподақтардың заңда жəне жарғыда (өзге 

негізгі  құжаттарда)  көзделген  қызметіне  кедергі  жасайтын  кез 

келген əрекетке тыйым салынады.  

Мемлекеттік  басқару  органдары  кəсіптік  органдарына  өз 

мүшелерінің құқықтарын қорғауға байланысты мəселелер бойынша 

хабарлама беруге міндетті. 

  

19  бап.  Сайланбалы  кəсіподақ  қызметкерлеріне  берілетін 



кепілдіктер  

Сайланбалы  кəсіподақ  қызметкерлерін,  кəсіпорын  толық 

таратылған  реттерді  қоспағанда,  əкімшіліктің  бастамасымен 

жұмыстан  шығаруға,  сондай-ақ  олар  мүшелері  болып  табылатын 

кəсіподақ opraнының  алдын-ала  келісімінсіз  тəртіптік  жазаға 

тартуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға болмайды.  

Кəсіподақ  органдарының  құрамына  сайланған  қызметкерлерді 

сайланған  өкілеттігі  біткеннен  кейін  eкi  жыл  ішінде  əкімшіліктің 

бастамасымен  жұмыстан  шығаруға  жол  берілмейді,  бұған 

кəсіпорын  толық  таратылған  немесе  қызметкер  заң  бойынша 

жұмыстан шығарылуы мүмкін болатындай кінəлі ic-əрекет жасаған 

реттер  қосылмайды.  Мұндай  реттерде  жұмыстан  шығару  осы 

баптың бірінші бөлігінде белгіленген тəртіп бойынша жүргізіледі.  


Сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің 

мүдделерін  көздеп  қоғамдық  міндеттерді  орындау  үшін  кəсіподақ 

оқуына,  кəсіподақтар  шақыратын  съездерге,  конференцияларға 

делегат  ретінде  қатысқан,  сондай-ақ  олардың  пленумдарының, 

төралқаларының жұмысына қатысқан кезінде өндірістік жұмыстан 

босатылады.  Жұмыстан  босату  шарттары  мен  ақы  төлеу 

тəртібі ұжымдық шарттар мен келісімдерде көзделеді. 

 

4   Т А Р А У 



 

БАСТАУЫШ КƏСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 

KƏCІПOДAҚ  КОМИТЕТТЕР1

 

 

20  бап.  Бастауыш  кəсіподақ  ұйымдары  кəсіподақ 



комитеттерінің өкілеттігі  

Бастауыш  кəсіподақ  ұйымдары  кəсіподақ  комитеттерінің 

өкілеттігі  осы  Заңмен,  кəсіптік  одақтардың  жарғыларымен,  еңбек 

ұжымдарының  шешімдерімен,  ұжымдық  шарттармен  (егер 

комитетке  еңбек  ұжымы  өз  мүдделерін  білдіруге  уəкілдік  берген 

болса),  кəсіптік  одақтардың  жəне  олардың  комитеттерінің 

кəсіпорын  əкімшілігімен  немесе  мемлекеттік  емес  кəсіпорынның 

меншік иесімен жасаған келісімдерімен белгіленеді.  

Егер  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  əкімшіліктің  бастамасымен 

еңбек  шартын  бұзу  тиісті  кəсіподақ  комитетінің  келісімімен  ғана 

жүргізілуі  мүмкін.  Кəсіподақ  комитетінің  еңбек  шартын  бұзуға 

келісім  беруден  бас  тарту  туралы  қаулысына  əкімшілік  ол 

қабылданған  күннен  бастап  он  күн  мерзімде  сотқа  шағым  бере 

алады.  


Кəсіподақ комитеттері:  

еңбектің  қорғалуы  мен  жағдайларын,  еңбекке  ақы  төлеу  мен 

демалыс  беру  мəселелерін  реттейтін  заңдардың  сақталуына  жəне 

тұрғын үйді бөлуге қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асырады:  

қолданылып  жүрген  заңдарға  сəйкес  басқа  да  əлеуметтік-

экономикалық мəселелерді шешеді.  

Ұжымдық шарттарда немесе келісімдерде кəсіпорын əкімшілігі 

кəсіподақ комитетімен бірлесіп немесе олардың келісуімен шешім 

қабылдайтын өзге де мəселелер көзделуі мүмкін. 

  


21  бап.  Кəсіподақ  комитеттерінің  қызметіне  материалдық 

жағдайлар жасау  

Кəсіподақ комитетінің материалдық жағдайлары ұжымдық шарт 

немесе келісім негізінде белгіленеді. 

  

22 бап. Кəсіподақ жарналары  

Кəсіподақ  комитеттері  кəсіпорынның  қызметіне  нұқсан 

келтірмей,  жұмыс  жəне  оқу  орны  бойынша  кəсіподақ  жарнасын 

жинауға қақылы. 

  

 



5   Т А Р А У 

 

КƏСІПТІК ОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГІ, 

ОЛАРДЫҢ ШAPУAШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ

 

  

23 бап. Кəсіптік одақтардың меншігі  

Кəсіптік  одақтардың  меншігі  олардың  кəсіпорындарынан, 

тұрғын  үй  қорынан,  баспаларынан,  полиграфиялық  базасынан, 

емдеу  мекемелерінен,  демалыс,  білім  беру,  мəдениет,  спорт, 

балалар мекемелерінен жəне үйлерімен, жабдықтарымен, сондай-ақ 

кəсіподақтардың  өз  қаражатына  сатып  алынған  басқа  да  мүлікпен 

қоса алғандағы басқа да мекемелерінен құралады. 

Кəсіптік одақтар меншік құқығымен өздеріне тиесілі  мүлік пен 

ақшалай қаражатты иеленеді, пайдаланады жəне оларға билік етеді.  

Кəсіптік  одақтар  мемлекеттің,  жұмыс  берушілердің,  басқа  да 

шаруашылық  жүргізуші  субьектілердің  міндеттемелері  бойынша 

жауап  бермейді,  өз  кезегінде  олар  да  кəсіподақтардың 

міндеттемелері бойынша жауап бермейді.  

Кəсіптік одақтардың меншігі заңмен қорғалады.  

 

24  бап. Kəсіптік  одақтардың  өндірістік  жəне  шаруашылық 



қызметі  

Kəсіптік одақтар заңдарға сəйкес заңды ұйымдар болып табылады.  

Кəсіптік  одақтар  мен  олар  уəкілдік  берген  органдар  сыртқы 

экономикалық    қызметті  жүзеге  асыруға,  кəсіпорындар,  мəдениет, 

оқу,  емдеу,  спорт,  спорттық-сауықтыру  мекемелерін  жəне  басқа 

мекемелер,  банкілер,  сақтандыру  қоғамдары  мен  акционерлік 

қоғамдар  құруғa,  бірлескен  кəсіпорындардың  құрылуы  мен 


қызметіне  қатысуға,  лотереялар,  қайырымдылық  шараларын 

ұйымдастырып,  өткізуге,  өз  мүшелерін  сақтандыруға,  баспа 

қызметімен  айналысуға,  ынтымақтастық  қорларын,  мəдени-ағарту 

қорларын жəне əлеуметтік-экономикалық қopлap құpyғa, сондай-aқ 

өздерінің 

мақсаттары 

мен 

міндеттеріне, 



Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  сəйкес  өзге  де  өндірістік  жəне 

шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы. 

  

9. ЕҢБЕКТІ  ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ



 

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 

22 желтоқсан №3000 

(1995 жылғы 5 қазандағы №2488, 1999 жылғы 29 қарашадағы 

№488-1 өзгертулер жəне толықтыруларымен) 

(Қазақстан Республикасының Еңбек туралы негізгі 

заң актілері. Алматы. 2001) 

  

Осы  Заң  қызметкерлердің  еңбекті  қорғау  құқығын  қамтамасыз 



етуге  бағытталған,  өндірістегі  жазатайым  жағдайлар  мен 

денсаулыққа  зақым  келтірудің  алдын  алу,  кауіпті  жəне  зиянды 

өндірістік  факторларды  барынша  кеміту  мақсатында  бұл  саладағы 

ұлттық  саясаттың  негізгі  принциптерін  белгілейді  жəне  меншік 

түріне  қарамастан  шаруашылық  қызметі  мен  кəсіпорындардың 

барлық түрін қамтиды.  

 

1  Т А Р А У 



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

 

1 бап. Еңбек қорғау ұғымы  

Еңбекті  қорғау  дегеніміз  тиісті  заң  жəне  басқа  да  нормативтік 

актілердің  негізінде  еңбек  процесінде  адамның  қауіпсіздігін, 

денсаулығы  мен  жұмыс  кабілетін  сақтауды  қамтамасыз  ететін, 

əлеуметтік-экономикалық,  ұйымдастыру,  техникалық-гигиеналық 

жəне емдеу - алдын алу шараларын білдіреді. 

  

2 бап. Еңбекті қорғау құқығы  

Кəсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік 

(шаруа)  шаруашылықтарымен  жəне  меншігі  мен  шаруашылық 

жүргізуі  əртүрлі  тұрпаттағы  ұйымдармен  (Бұдан  əpi — 



«кəсіпорындар» 

деп 


аталады), 

оның 


ішінде 

жекелеген 

жалдаушылар 

мен 


еңбек 

қатынасында 

тұратын 

барлық 


қызметкерлер;  кооператив  мүшелері,  өндірістік  практикадан  жəне 

өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен 

арнаулы  орта  оқу  орындарының  жəне  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  оқушылары;  əскери  қызмет  атқаруға  қатысы  жоқ 

жұмысқа  тартылған  əскери  қызметшілер;  үкімнің  орындалуын 

бақылайтын  органдар  белгілейтін  кəсіпорындарындағы  жұмыс 

кезінде  сот  үкімімен  жаза  өтеп  жатқан  адамдар,  сондай-ақ  қоғам 

мен  мемлекет  мүддесі  үшін  ұйымдастырылған  еңбек  қызметінің 

кезкелген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.  

Мүгедектер  еңбегін  қорғау  «Қазақ  КСР-інде  мүгедектерді 

əлеуметтік қopғay туралы»  Заңға сəйкес реттеледі.  

 

3 бап. Еңбекті қорғау туралы заңдар  

Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау туралы заңдары осы 

Заңның  жəне  басқа  да  заңдар  мен  еңбек  қayiпciздігі  жəне 

гигиенасы,  өндірістік  орта  жөніндегі  нормативтік  актілерден 

тұрады.  

Егер  халықаралық  шарттарда  (келісімдерде)  еңбекті  қорғауға 

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендегіден биігірек 

талаптар  белгіленсе,  халықаралық  шарт  (келісім)  ережелері 

қолданылады. 

  

 

2  Т А Р А У 



 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ПЕН  

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ

 

  

4 бап. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі 



принциптері  

Еңбекті  қорғау  саласындағы  ұлттық  саясат  кəсіподақтар  мен 

жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару 

органдары ic-қимылының  бірлігін  көздейді  жəне  мына 

принциптерге:  

—  қызметкерлердің  өмірі  мен  денсаулығының  кəсіпорынның 

өндірістік қызметінің нəтижелеріне қатысты артықшылығына;  


— меншiк иесінің немесе ол уəкілдік берген өкілдің (одан əpi — 

жұмыс беруші) толық жауаптылығына;  

—  еңбекті  қopғay  міндеттерін  бұл  мəселелер  жөніндегі 

мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге жəне еңбекті 

қорғау  саласындағы    қызметті  экономикалық  жəне  əлеуметтік 

саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіруге;  

—  барлық  кəсіпорындарға  меншік  пен шаруашылықты  жүргізу 

түрлеріне  қарамастан  еңбекті  қopғay  саласында  бірыңғай  талап 

орнатуға;  

—  кəсіпорындарда  еңбек  қopғay  талаптары  мен  қауіпсіздік 

техникасының  барлық  жерде  орындалуы  үшін  мемлекеттік 

қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;  

—  еңбекті  қopғay  жөніндегі  ғылымның,  техниканың 

жетістіктері  мен  ұлттық  жəне  шетелдік  озық  тəжірибені  кеңінен 

пайдалануға;  

— қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау 

құралдарын, 

еңбекті 


қopғay 

жөніндегі 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын əзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;  

— мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;  

—  кəсіпорындардың  еңбектің  салауатты  жəне  қауіпсіз 

жағдайларын  қамтамасыз  етуге,  ал  қызметкерлердің — еңбекті 

қорғау  жəне  қауіпсіздік  техникасы  ережелері  мен  нормаларын 

сақтауға экономикалық мүдделілігіне;  

—  кəсіпорынның  қызметін  еңбекті  қорғау  тұрғысынан 

лицензиялауға;  

—  өндірістік  мақсатқа  қолданылатын  өнімнің  қауіпсіздік 

талаптарына сəйкестігін сертификаттауды өткізуге;  

—  мемлекеттік  сараптама  органдарының  тікелей  жұмыс 

орындарындағы  еңбек  жағдайларын,  сондай-ақ  жаңа  салынатын 

жəне  қайта  жаңғыртылатын  кəсіпорындардың  жобаларындағы 

өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалауға;  

—  меншік  иесінің  қаржысы  есебінен  қызметкерлерді  арнаулы  киіммен 

жəне аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу - алдын алу 

тамағымен қамтамасыз етуге;  

—  өндірістегі  əрбір  жазатайым  жағдайды  жəне  əрбір  кəсіби 

ауруды  тексеру  мен  есепке  алудың  міндеттілігі,  өндірістік 

жарақаттың, кəсіби аурудың деңгейі туралы жəне еңбекті қopғayды 


жақсарту 

жөніндегі 

шаралар 

туралы 


қызметкерлердің 

хабардарлығын қамтамасыз етуге;  

—  өндірістегі  жазатайым  жағдайда  немесе  кəсіби  аурудан 

зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін əлеуметтік қopғayғa;  

— жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қopғay 

мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;  

— еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, 

қоғамдық  бірлестіктердің,  кəсіпорындар  мен  жеке  адамдардың 

еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша 

қолдауға;  

—  еңбекті  қopғay  проблемаларын  шешуде  халықаралық 

ынтымақтастыққа негізделеді.  

 5 бап. Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару  

Еңбек қорғауды мемлекеттік басқаруды:  

— Қазақстан Республикасының үкіметі:  

—  Үкімет  арнайы  құрған  мемлекеттік  орган  жəне  оның  жер-

жердегі бөлімшелері жүзеге  асырады.  

 

6  бап.  Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқарудың  негізгі 



қызметтері  

Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  басқару  республикада  ұлттық 

саясаттың  принциптерін  жүзеге  асыру,  осы  салада  заңдар  жəне 

басқа  да  нормативтік  актілер  əзірлеу,  сондай-ақ  өндіріс  құрал-

жабдықтарына,  еңбек  технологиясы  мен  оны  ұйымдастыруға, 

еңбекті  қopғay  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да  нормативтік 

актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру мен 

жүзеге асыруға қойылатын талаптарды іске асыру болып табылады 

жəне мына қызметтерді:  

—  еңбекті  қорғау  жөніндегі  салааралық  нормативтік  актілерді, 

стандарттарды, ережелері, нормалар мен заң актілерінің жобаларын 

əзірлеуді жəне бекітуді;  

—  еңбек  жағдайы  жəне  оны  қopғay  саласында  мемлекеттік 

мақсатты бағдарламалар əзірлеуді;  

—  еңбек  жағдайын  жақсарту  жəне  еңбекті  қopғay  құралдарын 

өндіру  жөніндегі  қызметті  экономикалық  ынталандыру  жүйесін 

жасауды;  

—  еңбекті  қорғау  проблемалары  жөнінде  ғылыми  зерттеулер 

жүргізуді, осы мақсатта тиісті ғылыми ұйымдар құруды;  


—  өндірістегі  жазатайым  жағдай  мен  кəсіби  ауруларды  есепке 

алудың  бірыңғай  тəртібін  белгілеуді;  еңбек  жағдайы  жəне  оны 

қopғay  жөнінде  есеп  берудің  келісілген  бірыңғай  жүйесін  жасау 

мен  енгізуді,  басқарудың  автоматтандырылған  жүйесі  негізінде 

еңбек  жағдайының  жəне  оны  қорғаудың  жайы  туралы  ақпарат 

базасын жасауды;  

—  республикада  еңбекті  қорғаудың  жайы,  авариялардың, 

өндірістік  жарақтар  мен  кəсіби  аурулардың  себептері  туралы  жыл 

сайын  ақпарат  дайындауды  жəне  халықты  хабардар  етуді; 

республикада еңбек қорғаудың насихатталуын ұйымдастыруды;  

—  өндірістік  жарақат  пен  кəсіби  ауруларды  болдырмау 

мəселелері  жөніндегі  қызметті  үйлестіруді,  келісілген  шаралар 

өткізуді;  

— еңбекті қорғау құрал-жабдықтарын жасап, шығаруда кəсіпорындардың 

бұл icтeгi экономикалык мүдделілігін туғызуды;  

— республикалық бюджеттен еңбекті қорғауға арналған қаржы 

бөлуді жүзеге асырады.  

 

7  бап.  Мемлекеттік  басқару  органдарының  еңбекті  қорғау 



саласындағы негізгі міндеттері мен өкілеттігі  

Қазақстан  Республикасының  Yкіметі  жəне  басқа  мемлекеттік 

басқару органдары:  

— 

еңбекті 



қорғау 

саласындағы 

ұлттық 

саясатты 



қалыптастырады жəне оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;  

—  еңбекті  қорғау  мен  еңбек  жағдайын  жақсартудың 

мемлекеттік бағдарламасын бекітеді;  

— министрліктер мен мемлекеттік басқарудың басқа да орталық 

органдарының  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайын  жасау 

жөніндегі қызметтерін белгілейді;  

—  еңбекті  қорғауға  шығындарын  қаржыландыру  тəртібін 

айқындайды.  

Үкімет арнайы құрған мемлекеттік орган:  

—  еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  деңгейде  кешенді  басқаруды 

жүзеге асырады;  

—  министрліктердің,  мемлекет  басқарудың  басқа  да  орталық 

органдарының,  атқарушы  өкіметтің  жергілікті  органдары  мен 

кəсіпорындарының,  басқа  да  бірлестіктерінің  еңбек  жағдайы 

(гигиена жəне өндірістік орта) саласындағы жұмысын реттейді;  


—  еңбекті  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламалар 

жасауды ұйымдастырады жəне оның орындалуын бақылайды;  

— 

еңбекті 


қорғау 

жөніндегі 

ғылыми 

зерттеулерді 



ұйымдастырады жəне үйлестіріп отырады;  

— еңбекті қорғауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;  

еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптауды жүзеге асырады;  

халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;  

—  кəсіпорындардан  еңбекті  қорғау  мəселелері  жөнінде  тегін 

ақпарат алады.  

Бұл  органның  еңбекті  қорғау  мəселелері  жөніндегі  шешімдері 

барлық  министрліктер,  ведомстволар  мен  кəсіпорындар  үшін 

міндетті.  

 

8  бап.  Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  қадағалау  жəне 



бақылау органдары  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  еңбекті  қорғау 

жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да  нормативтік  актілердің  сақталуын 

мемлекеттік қадағалау мен бақылауды;  

—  Қазақстан  Республикасының  еңбекті  қорғау  жөніндегі 

мемлекеттік  органның  Үкімет  тарапынан  арнайы  құрылған 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы;  

—  Қазақстан  Республикасының  өнеркəсіпте  жұмысты  қауіпсіз 

жүргізуді  қадағалау  жəне  кең  қадағалау  жөніндегі  мемлекеттік 

комитеті  (Қазақстан  Республикасының  Кентехқадағалаумемкомы) 

жүзеге асырады.  

 

9 бап. Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының 

негізгі құқықтары  

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдары,  олардың 

уəкілдік  берілген  лауазымды  адамдары  өз  қызметінде  жұмыс 

берушілерге,  шаруашылық  органдарына,  қоғамдық  бірлестіктерге, 

жергілікті  мемлекеттік  өкімет  пен  басқару  органдарына  тəуелсіз 

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіппен 

бекітілген ережелерге сəйкес қызмет етеді;  

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органының  уəкілдік 

берілген адамы:  

—  меншік  пен  шаруашылықты  жүргізу  түрлеріне  қарамастан 

кəсіпорындарға  бөгетсіз,  алдын  ала  ескертусіз  жəне  кез  келген 

уақытта  баруға,  министрліктерден,  басқа  да  орталық  жəне 



жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарынан,  кəсіпорындардан, 

жұмыс берушілерден қажетті ақпарат aлyғa;  

—  кəсіпорындардың  басшылары  мен  басқа  да  лауазымды 

адамдарына міндетті тұрде орындалуға тиісті бұйрықтар беруге;  

—  кəсіпорындарды,  жекелеген  өндірістерді,  цехтарды, 

учаскелерді,  жұмыс  орындарын  жəне  жабдықтарды  пайдалануды 

тоқтата тұруға (тыйым салуға);  

—  кəсіпорындардың  басшыларына,  лауазымды  адамдарына, 

жұмысшыларына  еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да 

нормативтік  актілерді  бұзғаны  үшін  айыппұл  салуға,  аталған 

адамдарды  атқаратын  қызметінен  босату  жөнінде  ұсыныс  жасауға 

қажетті  жағдайларда  оларды  қылмыстық  жауапқа  тарту  туралы 

мəселені  шешу  үшін  материалдарды  прокуратура  органдарына 

беруге қақылы.  

Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдары 

өкідерінің  жүктелген  міндеттерді  орындауы  үшін  барлық  қажетті 

жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді. 

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдарының  уəкілдік 

берілген  лауазымды  адамдары  өкілеттігін  артық  пайдаланғаны 

жəне 


негізсіз 

санкциялар 

қолданғаны 

үшін 


Қазақстан 

Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.  

Шағын  кəсіпкерлік  субъектісінің  қызметіне  сот  шешімінсіз 

тыйым  салуға  немесе  оны  тоқтата  тұруға  бақылау  жəне  қадағалау 

міндеттерін  жүзеге  асырушы  мемлекеттік  органдарға,  олардың 

уəкілетті  лауазымды  адамдарына  авариялық  жағдайлар  пайда 

болған,  қызметкерлердің  өмipi  мен  денсаулығына  тікелей  анық 

қауіп төнген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын 

мерзімде  сотқа  табыс  ету  міндеттеліп,  аталған  мерзімге  рұқсат 

етіледі  Бұл  орайда  қызметке  тыйым  салу  немесе  оны  тоқтата 

тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады. 

  

10 бап. Қазақстан Республикасы кəсіпорындарының немесе 



азаматтары  мен  шетел  азаматтарының  қатысуымен  жұмыс 

атқарғанда еңбекті қорғау  

Қазақстан  Республикасы  кəсіпорындары  мен  азаматтары  халықаралық 

шарттар  немесе  келісімдер  негізінде  шетелде  жұмыс  атқарғанда 

оларда  еңбекті  қорғау  жөнінде  белгіленген  халықаралық 

нормалардан кем емес талаптар көзделеді.  


Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

орналасқан 

кəсіпорындарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы 

жоқ  адамдардың  еңбекті  қopғayғa  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарымен бірдей құқығы бар.  

Қазақстан Республикасының кəсіпорындарында жұмыс істейтін 

шетел  азаматтары  мен  шетелде  жұмыс  істейтін  Қазақстан 

Республикасы  азаматтарының  еңбекті  қopғay  саласындағы 

қатынастарын  реттеудің  ерекшеліктері  мүдделі  тараптардың 

келісімімен белгіленеді. 

  

3   Т А Р А У 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет