22 бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасының xaлықты жұмыспен қамту туралы
заңдарының сақталуын бақылауды орталық атқарушы орган жəне
жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган мен олардың
қызмeттері жүзеге асырады.
23 бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны
үшін жауаптылық
Xалықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзған жеке жəне
заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес
жауапты болады.
6. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының заңы 1992 жылғы
4 шілде №1541-XII (Қазақстан Республикасының
Еңбек туралы негізгі Заң актілері. Алматы 2001.)
Осы заң ұжымдык шарттарды əзірлеу, жасасу жəне орындаудың
жалпы құқықтық əpi ұйымдық негіздерін анықтайды.
1 бап. Ұжымдык шарт.
Ұжымдык шарт тараптардың — кəciпopын иесінің (жұмыс
берушінің, кəсіпкердің) жəне еңбек ұжымының мүдделерін
келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар
негізінде жасалады əpi бір жағынан — еңбек ұжымының, оның
мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек жəне əлеуметтік-
экономикалық мəселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің
міндеттемесін, екінші жағынан — меншік иесінің құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының
міндеттемесін қамтиды.
2 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу, жасасу жəне орындау
принциптері
Ұжымдық шарт:
— тараптардың əлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен
құрметі, құқықтары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;
— шарт қағидаларын əзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің
кеңінен қатысуы;
шарт қағидаларын əзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;
тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық өндірістік
жəне қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру,
олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;
— шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін
тараптардың бақылау жасауы мен жауапкершілік принциптері
негізге алына отырып жасалады.
3 бап. Ұжымдык шарттың тараптары жəне олардың
өкілдері
Мемлекеттік кəсіпорында немесе өзге де мемлекеттік
құрылымда (бұдан əpi — «мемлекеттік кəсіпорын») жасалатын
ұжымдык шарттың тараптары кəсіпорын басшысы мен еңбек
ұжымы болады.
Мемлекеттік емес кəсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес
құрылымда (бұдан əpi — «мемлекеттік емес кəсіпорын»)
жасалатын ұжымдык шарттың тараптары кəсіпорын иесі
немесе ол өзінің өкілі болуға уəкілдік берген кəсіпорын
басшысы мен еңбек ұжымы болады.
Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас
не кəсіподақ немесе өзi уəкілдік берген өзге де орган кейпінде
қатыса алады.
Кəсіпорындарда бірнеше кəсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол
қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың
ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы
мəселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында)
шешіледі.
4 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу
Ұжымдық шарттың жобасын əзірлеуді еңбек ұжымы өз
мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кəсіподақ ұйымдарының жəне
басқа да еңбекшілер қоғамдық бірлестіктерінің кеңінен
қатысуымен жүзеге асырады.
Ұжымдық шарт тараптарының кез келгені екінші тарапқа
келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама енгізуге құқылы.
Тараптардың келссөздер жүргізуден, шарт қағидаларын
əзірлеуден жəне қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді.
Тараптар келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрады.
Еңбек жəне əлеуметтік-экономикалық мəселелерді таңдауда
жəне талқылауда комиссияға толық еркіндік беріледі.
Тараптар комиссияны келіссөздер жүргізу үшін қажетті
ақпаратпен қамтамасыз етеді. Келіссөздерге қатысушылардың
мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
мəліметтерді əйгілеуіне қақысы жоқ.
Келіссөздерге қатысушылардың осы баппен көзделмеген
кемшіліктерін, оларды жүргізу тəртібі туралы басқа да ережелерді
тараптар анықтайды. Келіссөздердің нəтижесі ұжымдық шарттың
жобасы болуы тиіс.
5 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны
Ұжымдық шартпен: еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу
жүйесі; ең төмен тарифтік нарықтар мен қызмет айлықақыларының
мөлшері; тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты
жұмыскерлер табысын өтеу тəртібі мен мөлшері; жұмыскерлер
жұмысынан айырылған жағдайда оларды қорғау шаралары;
жұмыссыздық жөніндегі жəрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту
мүмкіндігі мен мөлшері; зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы
жəне жартыкеш отбасыларына қосымша жеңілдіктер беру мен
көмек көрсету; еңбек пен тұрмыс жағдайы; ерікті жəне міндетті
медициналық
əрі
əлеуметтік
сақтандыру;
жұмыскерлерді
жұмыспен қамту жəне қайта оқыту; өндірісті дамыту мəселелері;
еңбек жəне өндіріс тəртібін сақтауда еңбек ұжымы мүшелерінің
жауапкершілігі; басқа да еңбек жəне əлеуметтік- экономикалық
мəселелер жөніндегі ережелер анықталады.
Ұжымдық шарт оның қолданылу кезеңі, орындалуын бақылау
тəртібі, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережелерді
қамтиды.
Еңбек заңдарының қолданылуы нақтылауды талап етпейтін
жалпы қағидаларын ұжымдық шартқа қоспауға да болады.
Ұжымдық шарттардың ережелері еңбек ұжымдары мен олардың
мүшелерін бұларға заңдармен берілетін құқықтарда шектей
алмайды, заңдармен белгілеген еңбек жағдайын нашарлатпауы
жəне əлеуметтік кепілідіктерді бұзбауы əpi оған қайшы келмеуі
тиіс.
6 бап. Ұжымдық шарт жасасу тəртібі
Комиссия даярлаған ұжымдық шарт жобасы еңбек
ұжымында талқылаудан өтеді Талқылау түрін еңбек ұжымы
мүшелерінің мүдделерін бiлдірушi органдар анықтайды.
Жобаны түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып
комиссия пысықтайды жəне тараптардың өкілетті өкілдері қол
қояды.
Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін еңбек ұжымы оны
жалпы жиналыста (конференцияда) бекітуі қажет.
7 бап. Ұжымдық шарттың күші жəне қолданылу аясы
Ұжымдық шарт оған қол қойылған кезден бастап не онда
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Шарт күшінің мерзімін
тараптар анықтайды.
Ұжымдық шарт қысқа мерзімді (бір жылдық) жəне ұзақ
мерзімді болуы мүмкін.
Ұжымдық
шарттың
қағидаларын
жұмысқа
жаңадан
қабылданғандарды қоса алғанда, еңбек ұжымының барлық
мүшесіне кəсіподаққа мүшелігіне қатыссыз қолданылады.
8 бап. Ұжымдық шартты мерзімінен бұрын бұзған кездегі
кепілдіктер
Кəсіпорынды басқару органдарының құрамы өзгерген, меншік
иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарт күшінде қалады жəне
тараптардың бірінің бастамасымен жаңа ұжымдық шарт
қабылданғанға дейін қолданыла береді.
Кəсіпорын қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен,
бөлінген, бөліскен, қайта құрылған) кезде меншік иесі (жұмыс
беруші, кəсіпкер) қайта ұйымдастырудың бүкіл кезеңінде ұжымдық
шартпен анықталған жұмыскерлер үшін жеке-дара жеңілдіктерді
сақтауы, еңбек ұжымы əлеуметтік дамуының барлық мəселесінің
шешілуін өз мойнына алуы тиіс.
Кəсіпорын таратылған кезде ұжымдық шарт таратудың бүкіл
мерзімінде қолданылады. Бұл жағдайда еңбек ұжымы мен
жекелеген адамдардың ұжымдық шарт бойынша талаптары
бюджетпен, банкілермен жəне басқа да кредит берушілерімен есеп
айырысуға
дейін
таратылатын
кəсіпорынның
мүлкінен
қанағаттандырылады. Қаржының мөлшерін шартқа қол қойған
кəсіподақ немесе өзге де еңбекшілер өкілді органдарымен келісе
отырып, тарату комиссиясы анықтайды жəне ұжым бөлімшелері
бойынша əpi мүшелері арасында бөледі.
9 бап. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау
Ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды осы Заңның 4-
бабына сəйкес құрылған комиссия, еңбек ұжымы органдары,
кəсіподақ органдары жүзеге асырады.
10 бап. Ұжымдық шарт тараптарының жауапкершілігі
Тараптарды білдіретін адамдардың келіссөздерге қатысудан,
ұжымдық шартты əзірлеуден, жасасудан, өзгерістер мен
толықтырулардан жалтаруы, олардың келіссөздер жүргізу
мерзімдерін бұзуы немесе тиісті комиссиялардың жұмысын
қамтамасыз етпеуі бip мың сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға əкеп
соқтырады.
Осы Заңмен көзделген айыппұлды салу Қaзaқ KCP əкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тəртіпте
жүргізіледі.
11 бап. Ұжымдық шарттарды жасасу жəне орындау кезінде
туған дауларды шешу
Ұжымдық шарттарды жасасу жəне орындау кезінде туған
даулар заңдарға сəйкес шешіледі.
7. ҰЖЫМДЫҚ EҢБEK ДАУЛАРЫ МЕН
ЕРЕУІЛДЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республнкасының Заңы 1996 жылғы
8 шілде № 20-1
Осы заң ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі мен əдістерін,
сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тəртібін реттейтін
құқықтық негіздерді белгілейді.
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Ұжымдық еңбек даулары — ұйымдарда еңбек жағдайларын
белгілеу мен өзгертуге жəне еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық
шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты,
сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен
келісімдердің ережелерін қолдану мəселелері бойынша жұмыс
беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары
(қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер.
2. Жұмыс беруші — басшысы (əкімшілік) өкілі болып
табылатын
ұйым
(заңды
тұлға)
не
қызметкер
еңбек
қатынастарында тұрған жеке тұлға.
3. Жұмыс берушілер кepi — ұйымдар басшылары немесе
нормативтік құқықтық актілерге, ұйымның құрылтай құжаттарына
сəйкес
басқа
да
өкілетті
адамдар,
жұмыс
берушілер
бірлестіктерінің өкілетті органдары, жұмыс берушілер уəкілдік
берген өзге де органдар.
4. Қызметкерлер өкілдері — кəсіптік одақтар органдары жəне
өздерінің құрылтай құжаттарына сəйкес өкіл болуға уəкілдік алған
олардың бірлестіктері, ұйым, филиал, өкілдік қызметкерлерінің
жиналысында (конференциясында) құрылған жəне олар уəкілдік
берген қоғамдық ынталы органдар.
5. Бітістіру рəсімдері — ұжымдық еңбек дауын алғашында
бітістіру, комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген жағдайда
— еңбек төрелігінде ретімен қарау.
6. Бітістіру комиссиясы — ұжымдық еңбек дауын тараптарды
бітістipy жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы
арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
7. Еңбек төрелігі — бітістіру комиссиясында келісімге қол
жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уəкілетті тұлғаларды тарта
отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар құратын,
уақытша жұмыс істейтін орган.
8. Делдал — ұжымдық еңбек дауын шешу жөнінде делдалдық
қызмет көрсету үшін оған қатысушы тараптар тартатын тұлға
немесе ұйым.
9. Epeyіл — еңбек ұжымының əлеуметтік-экономикалық жəне
кəсіптік өз талаптарының еңбек ұжымы мен жұмыс беруші
арасындағы ұжымдық еңбек дауында қанағаттандырылуы үшін
еңбек ұжымы мүшелерінің жұмысты белгілі бір мерзімге немесе
еңбек
ұжымының
талаптарын
жұмыс
беруші
қанағаттандырғанға дейінгі мерзімге толық немесе ішінара
тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау)
түріндегі күрес шарасы.
2 бап. Еңбек ұжымының талаптарын рəсімдеу мен мəлімдеу
тəртібі
1. Еңбек ұжымының ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу
мен өзгерту жəне еңбекке ақы төлеу, бip жағынан, қызметкерлер
ұжымымен, екінші жағынан жұмыс беруші арасында ұжымдық
шарттар мен басқа да келісімдерді жасасу, өзгерту жəне орындау
мəселелері бойынша еңбек ұжымының талаптары жалпы
жиналыста (конференцияда) осы ұжым мүшелерінің, не
конференция делегаттарының көпшілік дауысымен жасалып,
бекітіледі.
2. Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс
берушіге жіберіледі.
3. Еңбек ұжымының мүдделерін ол уəкілеттік берген өкілдер
немесе орган білдіреді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған талаптарды бірнеше еңбек
ұжымдары қойған ретте, олардың мүдделерін өздері уəкілдік
берген органдар да білдіреді. Кəсіптік одақтардың салалық немесе
аумақтық органдары уəкілетті орган бола алады.
5. Ұжымдық еңбек дауларына қатысушы тараптар дауды бір-
бipiмен келісім бойынша реттеу үшін қажетті шаралар қолдануға
тиіс.
3 бап. Еңбек ұжымының талаптарын қарау
1. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған
күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қарап, даудың
мəні бойынша келісімге қол жеткізуге əрекет жасауға, ал аталған
мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан əpi
қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып, өзінің
шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының
назарына жеткізуге міндетті.
2. Екі жəне одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе
бірлескен талаптары жұмыс берушілердің (кəсіпкерлердің) тиісті
органдарына жіберіледі, олар осы талаптарды қарауға жəне олар
алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі
туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға
міндетті.
2 Т А Р А У
БІТІСТІРУ РƏСІМДЕРІ
4 бап. Еңбек ұжымының талаптарын бітістіру pəcімдepі
тəртібімен қарау
1. Бітістіру pəciмдерi тəртібімен еңбек ұжымының осы Заңның 2
бабының 1 тармағында аталған талаптары қаралады.
Жұмыс бepyшi қабылдамаған немесе ол ішінара қанағаттандырған
талаптар əуелі бітістіру комиссиясында, ал онда келісімге қол
жеткізілмеген жағдайда — еңбек төрелігінде қаралады.
2. Еңбек туралы заң актілері мен басқа да нормативтік құқықтық
актілерді қолдану (олардың орындалмауы немесе бұзылуы)
жөніндегі ұжымдық еңбек даулары тараптардың бip өкілінің
өтініші бойынша сотта қаралуға тиіс.
5 бап. Бітістіру комиссиясы
1. Жұмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына
жеткізген, не осы Заңның 3 бабының 1 тармағына сəйкес жұмыс
беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім
ішінде бітістіру комиссиясы құрылады.
2. Бітістіру комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын өзі
құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын
мерзімде қарайды.
3. Бітістіру рəсімі процесінде комиссия еңбек ұжымымен,
жұмыс берушімен, жергілікті атқарушы органмен, өзге де мүдделі
ұйымдармен кеңеседі.
4. Комиссия шешімі келіссөздер негізінде тараптар арасындағы
келісім бойынша қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын
хаттамамен рəсімделеді жəне оның тараптар үшін міндетті күші
болады.
5. Осы баптың 2 тармағында белгіленген мерзімде бітістіру ко-
миссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда бітістіру
комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек
төрелігі құрылады.
6 бап. Еңбек төрелігі
1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар əлеуметтік-
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық немесе
жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия мүшелерінің қатысуымен
күнтізбелік бес күн ішінде құрады.
2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны жəне оның жеке құрамы
ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптардың келісімімен
анықталады, еңбек төрелігінің құрамында, оның төрағасын қоса
алғанда, кемінде үш адам болуға тиіс.
3. Еңбек төрелігінің құрамына кəсіподақ органдарының, еңбек
жөніндегі органдардың өкілдері, сарапшы-мамандар жəне басқа
адамдар енгізіледі.
4. Еңбек төрелігінің төрағасы тараптардың келісімімен төрелік
мүшелерінің қатарынан бекітіледі.
5. Ұжымдық еңбек дауын еңбек төpeлігі ұжымдық еңбек дауына
қатысушы тараптар өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал
қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалар
өкілдерінің қатысуымен де қарайды.
6. Дауды қарау рəсімін еңбек төрелігі белгілеп, eкi тарапқа да
хабарлайды.
7. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап
күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің жай
көпшілік даусымен қабылданады. Төрелік мүшелерінің дауыстары
тең бөлінген жағдайда, төрелік төрағасының дауысы шешуші
дауыс болып табылады. Шешім дəлелді болуы, жазбаша түрде
баяндалуы керек, оған төреліктің барлық мүшелері қол қояды.
8. Егер тараптар келісімді жазбаша нысанда жасаса, еңбек
төрелігінің шешімі міндетті түрде орындалуға тиіс.
7 бап. Ұжымдық еңбек дауын шешу кезіндегі делдалдар
1. Ұжымдық еңбек дауын қараудың кезкелген сатысында
тараптар делдалға жүгіне алады. Делдалдық рəсімі бiтicтipy
комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі бітістіру рəсімдеріне қатысы
жағынан дербес болып табылады жəне олармен қоса-қабат
жүpгізілyi мүмкін.
2. Ұжымдық еңбек дауларын делдалдың қатысуымен қарау
тəртібін дауласушы тараптармен келісім бойынша делдал
белгілейді.
3. Делдал ретінде тараптар өздері үшін беделді ұйымдарды жəне
тараптарға қатысы жағынан бейтарап адамдарды таңдайды.
Əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық
немесе жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия ұжымдық дауға
қатысушы тараптардың келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу
жөніндегі жұмысқа орталық жəне жергілікті жерлердегі атқарушы
органдардың қауымдастықтар мен басқа да бірлестіктердің
кəсіпорындардың, кəсіподақ органдарының басшылары мен
қызметкерлерін,
жұмыс
берушілерді,
сондай-ақ
тəуелсіз
сарапшыларды тарта алады. Делдалдарды сайлаудың барлық
жағдайларында олардан делдалдыққа келісім алынуға тиіс.
4. Өз бастамасымен делдалдықты құзыретті мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар: министрліктер мен олардың
жергілікті жерлердегі органдары, сондай-ақ олардың лауазымды
адамдары, ғылыми қызметкерлер жəне тараптар үшін беделді басқа
да органдар, ұйымдар мен адамдар ұсына алады.
8 бап. Ұжымдық еңбек дауы бойынша тараптардың
келісімге жетуінің нəтижелері
1. Ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар арасында оны
делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келісімге қол
жеткен барлық жағдайларда аяқталмаған бітістіру рəсімдері
тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісім шарттары дауды
шешудің шарттары деп саналады.
2. Дауды шешу туралы тараптар арасындағы келісімге келу
ереуілдің егер ол жарияланған болса, дереу тоқтатылуына себеп
болады.
9 бап. Тараптар мен бітістіру органдарының ұжымдық
еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері
1. Тараптар мен бітістіру органдары ұжымдық еңбек дауының
пайда болуына əкеліп соққан себептер мен жағдайларды жою үшін
барлық мүмкіндіктерді пайдалануға міндетті.
2. Тараптардың бірде-бірінің бітістіру рəсімдеріне қатысудан
жалтаруға құқығы жоқ. Жұмыс беруші бітіcтіpy комиссиясының
жұмысына арнап үй-жай беруге міндетті.
3. Егер бітістipy комиссиясы мен еңбек төрелігі ұжымдық еңбек
дауына қатысушы тараптардың келіспеушіліктерін реттей алмаса,
оның себептері жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына
жеткізіледі. Бұл жағдайда еңбек ұжымы өз мүдделерін қорғаудың
заңда көзделген, тіпті ереуілге шығуға дейінгі, барлық əдістерін
қолдануға құқылы.
10 бап. Бітістіру рəсімдеріне қатысуға байланысты
қызметкерлердің кепілдігі
1. Бітістіру комиссиясының мүшелері, делдалдар, еңбек
төрешілері ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысу кезінде жыл
ішінде үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала
отырып, жұмыс берушілердің келісімі болған кезде негізгі
жұмысынан босатылады.
2. Ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысушы кəсіподақтардың,
олардың бірлестіктерінің, ынталы қоғамдық органдардың өкілдері
ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тəртіптік жазаға
тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды, өздерінің өкіл
болуына уəкілдік берген органның алдына ала келісімінсіз
əкімшіліктің бастамасымен жұмыстан ауыстырылмайды немесе
шығарылмайды.
3 Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: |