Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Олай болса, “тiл – көркем образ жасау құралы” деген мәселеден  басталық.  Жауап



Pdf көрінісі
бет86/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Олай болса, “тiл – көркем образ жасау құралы” деген мәселеден 
басталық. 
Жауап. Жоғарыдағы сұрақ барысында айтылғандай, көптеген 
шығармаларда әр алуан эпитеттер, теңеулер, метафоралар мен метонимиялар, 
сан қилы тiлдiк поэтикалық айшықтаулар, т.с.с. белгiлi дәрежеде маңызды 
роль атқаратыны шындық. Алайда, бұлар әдеби шығармалардың бәрiнде 
бiрдей ұдайы кездесе бермейтiнi де белгiлi. Сондай-ақ, шығарманы құрайтын 
жалпы сөздiк қордың арасында мұндай бейнелi сөздердiң үлесi соншалықты 
қомақты бола алмайды. Бұл, әсiресе, көркем прозада ерекше байқалады. 
Шындығында, қоршаған ортаны, адамның жан-дүниесiн, ой-сезiмiн 
әсерлi де иланымды бейнелеу тiлдiң кенен байлығын, орасан қуатын игерген 
қаламгердiң ғана қолынан келедi. Тiл тылсымына тереңдей алған қаламгер 
ғана өзi бейнелеуге ұмтылған құбылысты неғұрлым дәл беретiн сөздi немесе 
сөз тiркестерiн таба алады. Демек, көркем сөз дегенiмiз әшекейлi сөз емес, 
өзiнiң орнын тауып қолданылған сөз. Бұл орайда поэзия мен прозада тiлдiк 
қолданыстардың айырмашылығы болатынын да ескеру қажет. Өлеңдегi 
поэтикалық ой мейлiнше сығымдалып берiлетiндiктен, бiр немесе бiрнеше 
тармақта аса күрделi ойлар айтылып, көркем суреттер жасалып жатады. Ал 
көркем прозадағы сөз қолданысына тән дәлдiк пен үнемдiлiк сипаты 
поэзиядан гөрi бөлектеу болып келедi. Мәселен, прозада түрлi айшықтау 
құралдарынсыз-ақ, бiр ғана деталь, штрих арқылы маңызды ойларды, 
әлеуметтiк ахуалды, т.с.с. құбылыстарды ашып көрсетуге мүмкiндiк бар. 
Сұрақ. Демек, “көркем сөз дегенiмiз әдеби шығарма құрылымында өз 
орнын тауып қолданылып, бейнеленген өмiрлiк шындықтың мәнiн ашуға 
қызмет ететiн сөз” десек те, қателеспейтiн сияқтымыз. Алайда, бұл 
қаламгердiң өз қолданысындағы сөздерге ғана қатысты болып шықпай ма? 
Өйткенi, көркем шығармада автор тiлiнен басқа кейiпкерлердiң сөйлеу тiлi де 
бар емес пе? 
Жауап. Ақиқат өмiрде адамның жан-дүниесiндегi өзгерiстер, белгiлi бiр 
сәттегi көңiл ауаны, бiлiм деңгейi, көзқарасы, қысқасы, бүкiл болмысы оның 
сөзi, әрекетi арқылы танылатынын бiлемiз. Демек, сөз – адам жанының 
айнасы. Көркем шығармадағы кейiпкерлер сөзi де осындай маңыз иеленедi. 
Әрине, әр адамның даралығын оның әр сөзi немесе сөйлемi анықтай 
алмайтыны да аян. Дегенмен, әркiмнiң өзiндiк тiлi, жиi қолданатын “сүйiктi” 
сөздерi болатыны да шындық. Қалай болғанда да, қандай да бiр тiлдiк 
бөлшектiң адамды тануға септiгi тиетiнiн жоққа шығаруға болмайды. 
Қаламгерлер өз кейiпкерiн бейнелеу барысында сол кейiпкердiң өзiне ғана 
тән даралығын айқындайтын сөздердi немесе сөйлемдердi пайдаланып 


101 
отырады. Алайда бұл жағдайлардың өзiнде қаламгер өз кейiпкерiнiң 
“сүйiктi” тiлдiк қолданыстарын мұқият пайдалануға ұмтылады. Өйткенi, 
қандай сөз болса да, ол кейiпкердiң көркем бейнесiн жасауға қызмет етуi 
шарт. 
Хас қаламгерлер өз кейiпкерлерiнiң “сүйiктi” тiлдiк қолдаыстарын өте 
шектеулi деңгейде ғана пайдаланатындықтан, ондай үлгiдегi сөйлеу 
ерекшелiктерiнiң барлық кейiпкерден бiрдей кездесе бермейтiн сирек жағдай 
екендiгiн де есте тұту қажет. Себебi ақиқат өмiрде де барлық адамның 
“сүйiктi” сөздерi болмайтыны белгiлi. 
Демек, кейiпкердi даралауда “сүйiктi” тiлдiк қолданыстардан басқа да 
тәсiлдер жиi пайдаланылады. Ондай тәсiлдердiң қатарына оқырман назарына 
бiрден түсе бермейтiн тiлдк ерекшелiктердi, яғни кейiпкердiң сөйлеу тiлiнiң 
синтаксистiк құрылымы, оның сөздiк құрамы, интонациясы, сондай-ақ 
мазмұн сияқты даралық белгiлерiн қоса аламыз. 
Кейiпкердiң сөйлеу тiлндегi даралықты неғұрлым айқындай түсу 
мақсатында қаламгер өз кейiпкерiнiң бойындағы ең негiзгi қасиетiн ашатын 
тiлдiк ерекшелiктерге баса назар аударады. ұл тұста шығарма кейiпкерiне тән 
өзге сипаттар кейiнге ысырылуы немесе мүлдем көрсетiлмеуi де ықтимал.
Сұрақ. Кейiпкер сөзi оның даралық сипаттарын көрсетуге 
бағыталатынын таныдық. Бұл әдебиеттанудағы “даралау” ұғымымен сәйкес 
келетiнi де түсiнiктi. Ал “даралау” ұғымы жүрген жерде “ жинақтау” да 
болмай ма? 
Жауап. Шынында да бiз жоғарыда кейiпкер тiлiнiң даралаушылық 
сипатына назар аударсақ, ендi оның жинақтаушылық мәнiне де үңiлiп 
көрелiк. 
Кейiпкерлер тiлiн даралау, бiр жағынан, тiлдiк жинақтау құралы болып 
табылады. Себебi, жекелеген кейiпкерлер тiлi белгiлi бiр әлеуметтiк топқа, 
мәдени, қоғамдық ортаға жататын адамдардың тiлiне тән ерекшелiктердi де 
сипаттайды. Әрине, бұл пiкiрдi қаз-қалпында қабылдауға болмайтыны 
түсiнiктi болса керек. Бұл жерде бiздiң сүйенерiмiз қандай да бiр тiлдiк 
қолданыстың әлде бiр әлеуметтiк топ мүшелерiнiң барлығында бiрдей 
қайталанып ұшырауы емес; олардың сөйлеу тiлi құрылымындағы, 
лексикалық қорындағы, сөйлеу машығындағы жалпыға ортақ белгiлер 
екендiгiн ескерген жөн. Кейiпкерлер тiлiне тән жинақтаушылық және 
даралаушылық сипаттардың ара салмағын дұрыс тани бiлу қажет. Өйткенi 
тiл, көркем сөз әдебиет туындыларындағы көркем образ жасау құралы және 
бейнелеу түрi болып табылады. Образ бойындағы даралық және жинақылық 
белгiлерiнiң деңгейi нақ осы тiл арқылы танылатыны да сондықтан. 
Шығармада автор сөзi де айрықша орын иеленедi. Қаламгердiң iшкi ой-
ниетiне, дiттеген мақсатына орай шығарманың бүкiл бiтiмiнен аңдалып 
тұратын авторлық интонация кейiпкерлер тiлiне де әсер етедi. Өйткенi 
қаламгердiң iшкi ой-сезiмi араласпаған жағдайда кейiпкер сөзiнде де 
оқырманға әсер ететiн қуат болмас едi. Қалай болғанда да, кейiпкер сөзi 
қаламгер ойымен орайласып жатады. Алайда, бұған қарап, шығарма 


102 
кейiпкерлерiнiң бәрi автор сөзiмен сөйлеп, автордың көзқарасын тiкелей 
жақтап тұрады деген түйiн жасауға болмайды. Қаламгер ойының кейiпкер 
тiлiнде көрiнуi түрлi тәсiлдермен iске асады. Қаламгердiң қандай да бiр 
кейiпкерге қарым-қатынасы автор ойы мен кейiпкер ойының ара қатынасы 
арқылы анықталады. Автор мен кейiпкер ойлары бiр арнада тоғысар болса, 
кейiпкер сөзi қаламгер ойының көрiнiсiндей болып жататын тұстары да, 
сондай-ақ, кей тұстарда кейiпкер сөзi авторлық негiзгi идеяға қарсы мәнде 
қолданылатыны да бар. Келесi бiр сәттерде, әсiресе, бейнеленген құбылысқа 
авторлық көзқарасын тiкелей бiлдiру мақсатында қаламгердiң өзi де 
әңгiмелеушi ретiнде кейiпкерлердiң бiрiне айналып кетiп жатады. Осыған 
ұқсас жағдайлардың бiрi – автордың шығармада суреттелетiн құбылыстарға 
қарым-қатынасын бiлдiретiн әңгiмешi кейiпкердi саналы түрде енгiзуi. Бұл 
арқылы автор өз ойын мейлiнше айқын сездiре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет