Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Жауап. Образдар көркемдiк әдiс тұрғысынан реалистiк



Pdf көрінісі
бет84/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152
Жауап. Образдар көркемдiк әдiс тұрғысынан реалистiк және 
романтикалық болып екiге бөлiнедi.
Романтикалық образ – ұлы мұраттарға құштар халықтың арман-
аңсарынан нәр алған қанатты қиялға негiзделiп жасалған адам бейнесiнiң 
көнеден келе жатқан түрлерiнiң бiрi. Мысалы, ертегiлердегi Таусоғар, 
Көлтауысар, аңыздағы Асан қайғы, мифтегi Прометей, прозадағы Данко, 
т.с.с. 
Ал образдың анықтауышына негiз болып тұрған сөзге зер салар болсақ, 
романтика – өмiрге көзқарастың бiр түрi. Романтика негiзiнде күнделiктi 
күйкi тiрлiкке қанағаттанбай, мүлде жаңа тұрпаттағы ғажап өмiрдi аңсаудан 
туған, терең мәндi асқақ идеалға құштарлық жатады.
Аталмыш образдардың екiншi түрiне анықтауыш болған реалистiк сөзi 
латын тiлiнде “заттық” деген мағына беретiн “realis” сөзiнен туындайды. 
Бұлармен өзектес “реалия” деген де ұғым бар. Реалия – тура мағынасында 
“белгiлi бiр халықтың, елдiң ғана тарихына, әдет-ғұрпына, тұрмыс-
тiршiлiгiне, мәдениетiне тән, өзге халықтарда ұшыраспайтын нәрсе, ұғым, 
құбылыс” деген түсiнiк бередi. Реалия сөзiнен туындайтын “реализм, 
реалистiк” деген ұғымдардың мәнi кең ауқымда қолданылады. Олардың 
қатарында “шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат” деген сияқты мағыналар да 
бар. 
Демек, өнер түрлерiне қатысты қалыптасқан реалистiк образ ұғымы 
өмiрлiк шындыққа негiзделген; эстетикалық-тәрбиелiк мәнi зор; қоғамдық 
сипаты айқын; өз бойына жалпылық және жалқылық белгiлердi қатар 
дарытқан, сонымен бiрге қоғамдық, көркемдiк дамуға байланысты ұдайы 
өзгеру, жетiлу үстiнде көрiнетiн шыншыл бейне деген түсiнiктi бiлдiредi. 
Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық 
болып 3 топқа бөлiнедi. 
Аталған образ түрлерiнiң қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты 
танып, ашып көрсетудi мақсат етедi. Сол себептi образ бойында бүкiл адам 
баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмiрдiң кейбiр сәттерi мен 
жеке адамға ғана тән сезiмдiк шарпысуларға дейiн қамтыла бередi. Әдеби 
тектердiң әрқайсына тән ерекшелiктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгер 
де сол тектерге тән тәсiлдердi пайдаланады. Эпикалық тәсiл қаламгердiң өзiн 
қоршаған сыртқы дүниенi бейнелеуi арқылы көрiнедi. Лирикалық тәсiл 


97 
өмiрдегi алуан құбылыстардан әсерленген ақын сезiмiнiң көрiнiсi арқылы 
танылады. Драмалық тәсiл жоғарыда аталған тәсiлдерге тән 
мүмкiндiктердi өз бойына қажетiне қарай тоғыстырып отырады. 
Эпикалық образ – жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби 
қаһарманның өзiнiң сөздерi, яғни кейiпкер сөзi арқылы жасалатын образ. 
Эпикалық шығармаларда өмiрлiк шындықты бейнелеу кезiнде жазушы 
баяндау тәсiлдерiн де, кейiпкерлердiң түрлi жағдайлардағы сөздерiн де өз 
мақсатына орай еркiн пайдалана алады. Бұл еркiндiк эпикалық шығармаларда 
өмiрдi алуан қырынан алып көрсетуге шексiз мүмкiндiк бередi. 
Кейiпкер сөзi арқылы жазушы оның iшкi жан дүниесiндегi, сана-
сезiмiндегi, мiнез-құлқындағы, т.б. өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетедi. Ал 
авторлық баяндау арқылы жазушы кейiпкер сөзiмен ашып беруге мүмкiндiгi 
жетпеген жәйттердiң бәрiн де қамти алады. Бұл орайда әр кез есте болуға 
тиiс бiр мәселе бар. Ол авторлық баяндаудың өз орнын тауып қолданылуына 
қатысты мәселе. Яғни шығармадағы авторлық баяндау көркем шығарманың 
негiзгi идеясын ашуға қызмет етуi керек. Авторлық баяндаулар адамның iшкi 
дүниесiндегi құпия-қалтарыстарды, кейiпкердiң әрқилы әрекеттерiнiң 
себебiн, түпкi мәнiн, салдарын танытуға мүмкiндiк бередi. Авторлық 
баяндаулар арқылы жазушы өз кейiпкерiнiң басында болып кеткен 
оқиғаларды да, оның ой-толғаныстары мен сезiм-күйлерiн де, сондай-ақ 
кейiпкердiң өсу жолын да қажетiнше суреттеуi ықтимал. 
Эпикалық туындыда жазушы шығармаға өзек болған жағдайларды 
олардың өзiндiк даралығын, жанды бейнесiн сақтай отырып, барлық 
қырынан көрсете алады. Соған орай эпикалық бейнелеуге тән принциптi 
мүмкiндiктер ретiнде авторлық баяндаулар мен кейiпкер сөзiнiң өзара үйлесе 
келiп, шығармада сөз болып отырған оқиғаларды жан-жақты ашып көрсету 
мүмкiндiгiн айта аламыз. 
Лирикалық образ – ақынның айналадағы түрлi құбылыстарға 
көзқарасына, әсерлерiне, ой-сезiмдерiне негiзделетiн образ.
Әрбiр поэзиялық тундысында ақын белгiлi бiр сәттегi нақты бiр 
құбылысқа 
байланысты 
туған 
әсерiн 
бейнелейдi. 
Жекелеген 
шығармаларында көрiнген әсерлерiн, көзқарасын, көңiл-күйiн жинақтай 
келгенде, оның өмiрге, адамға деген көзқарасы, ой-сезiмдерi айқындалады. 
Сонымен, эпиканың мiндетi ақиқат өмiрдi мүмкiндiгiнше ашып көрсету 
болса, лириканың мiндетi өмiр құбылыстарының әсерiнен туған адамның 
ойлары мен сезiмдерiн бейнелеу болып табылады. 
Драмалық образ – кейiпкердiң өз сөздерi мен iс-әрекеттерi арқылы 
бейнеленетiн образ. Драмалық образдың басты бiр ерекшелiгi оның сахнада 
сомдалуына қатысты. Драмалық образ жасау тәсiлдерi әдебиеттегi бейнелеу 
тәсiлдерiнiң өзге түрлерiнен ерекшеленедi.
Образдардың 
бұл 
түрлерiнiң 
өзара 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтары бар. Мәселен, эпикалық және драмалық шығармалардың 
ұқсастығы құбылыстар мен характерлердi сырттай бейнелеуден туындайды. 
Айырмашылығы мынада: драмалық образдар кейiпкердiң өз сөздерi, iс-


98 
әрекеттерi арқылы ашылады, бiрақ онда авторлық баяндау болмайды. 
Авторлық баяндаудың болмауы драмадағы бейнелеу тәсiлдерiн белгiлi бiр 
дәрежеде шектеуге ықпал етедi. Сондықтанда драматург өз туындысында 
өмiрдегi аса маңызды тартысты (конфликт) алады да, өз қаһарманын осы 
тартыс ағымындағы iс-әрекеттерi, сөздерi арқылы тұлғалайды. 
Лирикалық және драмалық образдардың ұқсастығы олардың өз сөздерi 
арқылы өзiн-өзi танытуға бейiмдiгiнде жатыр. Бiрақ бұл – сыртқы ұқсастық. 
Себебi – драмалық образдардың әрқайсысы әртүрлi мiнездердi бейнелейдi. 
Автордың оларға көзқарасы шығарманы тұтас қарастырғанда ғана танылады. 
lс жүзiнде, яғни шығарманы жазу барысында әдеби бейнелеу тәсiлдерi 
араласып, алмасып келе бередi. Өйткенi қаламгер образ тұлғалау кезiнде 
эпикалық, лирикалық, драмалық тәсiлдердiң үшеуiн де мақсатына орай 
пайдалануы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет