Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Олай болса, “әдеби қаһарман” дегенiмiздiң өзi ненi бiлдiредi?  Жауап



Pdf көрінісі
бет82/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Олай болса, “әдеби қаһарман” дегенiмiздiң өзi ненi бiлдiредi? 
Жауап. Әдеби қаһарман – сөз өнерiндегi адамның жан-жақты кейiпте 
көрiну шарттарының бiрi болып табылатын көркем бейне. “Әдеби қаһарман” 
терминi екi мәнде қолданылады.
1) 
Шығарма кейiпкерiнiң айрықша жағдайын баса көрсетедi; яғни 
өзге персонаждармен салыстырғанда, ол бас кейiпкер болып есептеледi де, 
сол себептi де ол туындыдағы проблемалық-тематикалық салмақты көтередi. 
Қосалқы кейiпкерлердi бейнелеу барысында көбiнесе дәстүрлi арнада 
қалатын қаламгер бас кейiпкер бойына өзiнiң көркемдiк-жаңашылдық 
iзденiс-талаптарын да жинақтап көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, кей 
жағдайларда “әдеби қаһарман” ұғымы шығарманың барлық кейiпкерлерiне 
қатысты да қолданылады. 


94 
2) 
“Әдеби қаһарман” ұғымы дегенде, адамның бiртұтас бейнесi, 
яғни кескiн-кейпi,ой-сезiмi, әрекетi мен рухани әлемi жинақтала 
түсiндiрiледi. Бұл орайда “әдеби қаһарман” ұғымы “характер” терминiне 
жақын келедi. Егер “әдеби қаһарман” ұғымын тарлау мағынада қарастырар 
болсақ, ол жеке адамның табиғи болмыс-бiтiмiн, оның iшкi психологиялық 
күйiнiң бiр бөлшегiн бiлдiредi. 
Кейде оқырман күнделiктi өмiрдегi адам мен әдеби қаһарманды бiрдей 
ұғым ретiнде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай, әсiресе, әдеби қаһарманның 
өмiрдегi прототипi болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби 
қаһарман бiр ұғым емес. Мәселен, М.Әуезовтiң “Абай жолы” романындағы 
Құнанбайды тарихтан белгiлi Құнанбайдың таза көшiрмесi деп түсiнуге 
болмайды. Өйткенi, әдеби қаһарманда қаламгер концепциясы жинақталады 
да, соған орай көркем бейне жасалады. Әдеби қаһарманның бiрегей бiтiмi 
мен мән-маңызы тек қана аталмыш туындының жалпы жүйесiнде 
айқындалады. Әдеби қаһарманның мән-маңызы мен ерекшелiгi “қаһарман – 
қаламгер” мәселесi аясында мейлiнше толық танылады. Әдебиет теоретигi 
М.М.Бахтин пiкiрi бойынша, қаһарман мен қаламгер ара қатынасын екi 
жағдай белгiлейдi: 1) Автордың өз қаһарманына қатысты ұстанған 
позициясы. Бұл тұста авторлық позицияның анық көрiнуi де, жасырын тұруы 
да мүмкiн болатынын ұмытпау қажет. Авторлық позицияға байланысты 
кейiпкер халықтық қаһарманға айналуы да, керiсiнше, келемеж-кекесiн 
нысанасына айналуы да мүмкiн. 2) Шығарманың жанрлық табиғаты 
кейiпкер сипатына ықпал етедi. Мәселен, сатирада автордың өз қаһарманына 
көзқарасы психологиялық прозадағыдан басқаша болары түсiнiктi болса 
керек.
Шығарма қаһарманының әрекет еркiндiгi де қаламгердiң көркемдiк 
жүйесiне байланысты болатыны және бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет