Ахметова Гулнар доив типо дот



бет3/3
Дата22.04.2022
өлшемі20,36 Kb.
#31951
түріСабақ
1   2   3
Дене шынықтыру сабағы (үлгі)

5-6 жасар аралығындағы балалар дене шынықтыру жұмысының нысаны - дене шынықтыру сабақтары, таңертеңгі жаттығу, үзіліс уақытындағы қозғалыс ойындары және дене жаттығулары, сергіту сәттері, сабақтан тыс нысандар (дене шынықтыру демалыстары, дене шынықтыру мерекелері, дене шынықтыру саяхаты) болып табылады Бұл нысандар мектептің бірінші сыныбына келгеннен кейін де жалғаса береді. Өз мән-мағынасын жоймайды. Бірте-бірте күрделенген қалыпта баланы жан-жақты дамыту мақсатында жалғаса бермек. Әйтсе де осылардың ішінде дене шынықтыру сабақтарының алатын орны ерекше. Мектепалды даярлық пен бірінші сынып арасында біріккен сабақтар өткізудің педагогикалық сабақтастықты жүзеге асыруда беретін нәтижесі зор. Осы мақсатта негізгі қозғалыстардың бірі жүру бойынша бірлескен сабақ өткізу өте тиімді. Оның үлгі жоспары төмендегідей.



Сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Бұл орайда, педагог қауымның алдына қойған қосымша - ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнайы дайындығы және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет