АқИҚат пен аңыз роман-диалог бірінші диалог I



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата29.09.2022
өлшемі1,61 Mb.
#40875
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
(pdf) Әзілхан Нұршайықов — Ақиқат пен аңыз

шабуыл жасап бара жатқан басты күшін қақ ортасынан бөліп тастады.
Осы жағдайды пайдаланып дивизияның бөлімдері келесі рубежге сырғып
барып бекініп алды. Момышұлы батальонының бұл қимылы тағы да
дивизияның негізгі күшін шабуылдап келе жатқан дұшпанның соққысынан
аман сақтап қалды. Осы ұрыстарда батальон 600-дей гитлершілдерді
жер жастандырды, жаудың 6 танкін жойды. Сонымен қатар 6 станокті
пулемет, 12 қол пулеметі, 8 радиостанция, документ тола 2 штаб
машинасын қолға түсірді. Олардың ішінде Волоколамск тобының басты
күштерін ашып беретін «Өте құпия» деген документтер де көп.
Жау тылында дұшпанмен əлде неше рет шайқас жүргізіп, 1941 жылы
20. ХІ-де батальон қоршауды бұзып шығып, тағы да өз полкына келіп
қосылды. Бұл жолы Момышұлы өзімен бірге 350 адам, 2 зеңбірек, 16
пəуеске, 4 станокты пулемет алып шықты. Сөйтіп батальон дивизияның
жауынгер бөлшегі болып, қайтадан сапқа тұрды.
3) Лопастино — он үй деревнясы ауданында 1941 жылы 25. ХІ-де
Момышұлы бір ПТО, екі миномет, екі станокты пулеметпен қаруланған
жарты взвод жауынгерлерді бастап дұшпан тұрағына түнде шабуыл
жасап, 200 неміс солдатын жойды. Оның бұл ерлігі де ескерусіз қалды.
4) 1941 жылы 26. ХІ-ден 1941 жылғы 7. ХІІ-ге дейін аға лейтенант
Момышұлы 1073 атқыштар полкының, қазіргі 19-шы гвардиялық
атқыштар полкының командирі болды. Момышұлының басқаруымен бұл
полк мынадай нəтижеге жетті:
а) Соколова деревнясы ауданында 1941 жылы 26-30 ноябрь аралығында
Момышұлының полкы төрт тəулік бойына табанды ұрыс жүргізіп, жау
авиациясының төпелей бомбалауына қарамастан, дұшпанның төрт рет
жасаған атакасын тойтарып тастады.
б) Крюково станциясы жəне елді пункті үшін болған ұрыстарда бұл
полк дивизия жауынгерлік сапының қақ ортасында тұрып, 1941 жылғы 30
ноябрьден 7 декабрьге дейін дұшпанмен табан тірескен ұрыс жүргізді.
1941 жылы 5. ХІІ-де ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. «Енді
шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де полкпен бірге
көремін» деп ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты, сөйтіп 1941
жылғы 7 декабрьге дейін полкты жаралы күйінде өзі басқарды.


Крюково үшін болған ұрыстарда дұшпанның бір полктай жаяу əскері,
18 танкі жəне көптеген техникасы жойылды. 1941 жылы 8 декабрьде
полк, дивизияның басқа бөлімдерімен бірге, қарсы шабуылға көшті. Бұл
жас офицердің осы ұрыстардағы ерлігі де елеусіз қалды.
в) 1942 жылдың қысқы шабуылында капитан Момышұлы жолдас бір
жарым батальон атқыштарды өзі бастап «Кубас» СС дивизиясына
түнде батыл шабуыл жасады. Бұл ұрыста 1200 гитлершілдерді жойып,
алты жолдың аузында тұрған Бородино, Баркавица, Трашково, Трохово,
Конюшено, Вашково деревняларын басып алды. Сөйтіп, жаудың үш тəулік
бойына Соколово деревнясын бермей жатқан Соколов тобына жаңа күш,
қару-жарақ жіберу мүмкіндігін жойып, 1942 жылы 6 февральда
дивизияның өз міндетін орындау үшін алға басуына мүмкіндік туғызды.
г) 1942 жылы 8 февральда полктан қара үзіп қалған барлаушылар
взводын іздеп келген Момышұлы Бол. Шелудьково ауданында дұшпанның
кейін шегініп бара жатқан 600-дей адамы, 8 танкісі бар колоннасына тап
болды. Момышұлының басшылығымен взвод тұтқиылдан шабуыл жасап,
немістердің
200-дей
солдатын
жойды,
маңызды
оперативтік
документтерін қолға түсірді.
5) 1942 жылы 27. 11-дан 13. V-ға дейін қолайсыз жағдайда, орманды-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет